26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕКТЕПКЕ ОРАМАЛМЕН КЕЛСЕҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІН

МЕКТЕПКЕ ОРАМАЛМЕН КЕЛСЕҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІН Мектеп формасын сақтамаған оқушының ата-анасы ендігі жерде ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы 2-тармағына («Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы») сәйкес, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде (22 690 теңге) айыппұл төлейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарланды, деп жазады "Ақ Жайық".

Әңгіме негізінен балаларын сабаққа жібермейтін және балаларының басынан орамалын алмайтын ата-аналарға қатысты болып отыр.

Облыстағы білім саласын бақылау департаментінің бөлім басшысы Аманбай ХҰСЫНОВТЫҢ айтуынша, бір жылдың ішінде кодекс талабын екінші рет бұзған, яғни, мектеп формасын сақтамай, басына орамал тағып келген оқушының ата-анасына уәкілетті органдар сотқа жүгіну арқылы сот шешімімен айыппұлдың көлемі екі есеге өседі.

- Біздің департаментте әзірге мұндай фактілер тіркелген жоқ, - дейді Хұсынов.

- Десек те, біздің дереккөздеріміздің ақпаратынан белгілі болғандай, сіздің департаментте Ы. Алтынсарин, Т. Амандосов және №1, 8, 10 мектептерде білім алатын оқушылардың ата-анасына айыппұл салуға қатысты бес материал қаралуда жатыр екен?

- Қазіргі уақытта ол бойынша аталған мектептерде ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Егер, бұл жұмыстар нәтижесін бермесе, яғни ата-аналар мұғалімдердің жарғыға сүйеніп қойған талабына бағынбаса, мектеп жарғысына сәйкес, айыппұлдар салынатын болады.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла КӨШҚАЛИЕВ 2011 жылдың 11 қазанында шыққан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабы 7-тармағына («Ешкімнің де өзінің діни нанымдары мен себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерді атқарудан бас тартуға құқығы жоқ») тоқталды.

- Өткен жылдан бастап жүргізілген бірқатар түсіндіру жұмыстарынан кейін 136 ата-ананың 96-сы мектеп талаптарына келісіп, қыздары орамалдарын шешті. Ал талапқа бағынбағандарға білім беруді бақылау департаменті мен дін істері басқармасы шара қолданады, - дейді Қ. Көшқалиев.

Оның айтуынша, деструтивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсететін «Шапағат» және ақпараттық-талдау орталығы мамандары мектептерге зерделеу жұмыстарын жүргізу кезінде оқушылар арасында «орамал таққым келмейді, бірақ ата-анам таққызып отыр» деген жауап алған.

- Кей отбасылардың айыппұл төлеуге мүмкіншілігі жоқ. Айыппұл салғаннан кейін жағдай өршіп кетпей ме?

- Жақында орталық мешітте болған кездесуде бір жамағаттың жігіті айтып қалды: «Біз қазір орамалды жеңсек, ертең міндетті түрде пәндер мәселесін қозғаймыз» деп. Яғни, балаларын сабаққа қатыстырмау туралы айтылып отыр. Сонда олардың мақсаты - мемлекеттің ішінен мемлекет құру болып тұр. Егер біз бүгін бұл мәселені жіберіп алсақ, ертең одан да күрделісіне кез болуымыз мүмкін.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВАНЫҢ айтуынша, мектептерде қыз балалар орамал тағып қана қоймай, сабақ кезінде әнұранға қосылмау, сурет салу мен дене шынықтыру сабағына «харам» деп қатысқысы келмейтін оқушылар көбейген.

- Бір жылы мен дене шынықтыру сабағынан кейін келесі сабаққа қатысқан 9-сынып оқушысының басы мен мойны терлеп, шылқып тұрғанын көрдім. «Ауыстыратын басқа орамалың бар ма?» деп сұрағанымда, әлгі оқушы қыз бала өзі де орамал таққысы келмейтінін айтып, бірақ әке-шешесіне ол жөнінде айтпауын өтінді, - дейді Н. Сайлауова. - Бұл бір ғана мысал, ата-анасының мәжбүрлеуімен орамал тағып жүрген осындай қыз балалар біздің мектептерде өте көп. Мектептердегі жарғыға сәйкес, оқушы қыз баланың мектеп формасы тізеден 10 сантиметр төмен, үсті ақ, асты қара киім және бас киімсіз болуы керек. Одан бөлек, ата-аналар баласының құқығын бұзып, мектепке жібермей отыр.
Просмотров материала: 2 785

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 274 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 095 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 067 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 009 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 992 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 059 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 580 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 727 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930