19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрімен өткен кездесуде не айтылмады?

2013 ж. 07 қарашасы күні Қазақстан ұлттық аграрлық университетінде Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың ашық лекциясы болды. Жиынға аграрлық салалардың басшылары, мамандар, ғалымдар, БАҚ өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Он- лайн жүйесінде Оралдың, Астананың және Семейдің ЖОО- дары да қатысып отырды. Блогер ретінде мен де шақырылыппын. Бардым...

Ә дегеннен айтайын –Министр Асылжан Мамытбековтың сөйлеген сөзі, жүріс –тұрысы маған ұнады. Қазақ және орыс тілінде бірдей барлық қойылған сұрақтарға тиянақты жауап беріп отырды. Ауыл- шаруашылығы саласындағы мәселелерге қанық екені көрініп тұрды. «Дипломмен ауылға», «Сыбаға», «Агробизнес -2020» және т.б. бағдарламалардың орындалуы барысы жайында Министр көп ақпарат берді. А.Мамытбековтың баспасөзде көп сынға ұшырайтынын ескерсек, Ауыл- шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі сылбырлау жұмыс істейтін сияқты.

«Сын түзелмей, мін түзелмейді»- дейді дана халқымыз. Осы кездесуден кейін көңілімде қалған бірқатар түйіткілдерді ортаға салайын. Біреу келісер, біреу келіспес. Бәлкім, пайдасы тиер...

Ең алдымен, Министрдің ашық лекциясының тақырыбы айқындалмапты. Сондықтан бұл лекция бір келелі мәселенің көтеріліп, оның шешу жолдарын анықтауға арналмаған сыңайлы. Министрдің баяндамасына қарасақ, әңгіме Агроөнеркәсіптік кешеннің ағымдағы жайына арналған жылдық есеп сияқты. Әрине, қол жеткен жетістіктер бар:
- Біз азық-түлікке деген өз қажеттілігімізді 80% қамтамасыз етеді екенбіз;
- Жылына 1 млрд. пұтқа жуық астық өндіріп, оның 40%- ға жуығын экспортқа шығарылады екен;
- Шаруашылық және фермерлік қожалықтардағы мал басының саны 20,1%- ға өсіпті және т.б.

Құдайға шүкір дейік. Жұмыс істеліп жатқан жерде, кемшіліксіз болмайды. Әртүрлі мәселелер де туындап жатады. Бірақ Министр өзінің баяндамасында оларға көп тоқтала қойған жоқ. Осыған қарағанда Ауыл- шаруашылығы министрлігіндегі ғылымның жағдайы, ғылыми- сараптамалық жұмыстың деңгейі мәз емес-ау деп ойладым. Тіпті осы туралы сұрақ та қойғым келген. Кездесу барысында менің осы күмәнімді Министрдің өзі сейілтті. Қойылған сұраққа жауап берген кезде, ауыл шаруашылық ғылымының институттары Қаз агроинновацияның құрамына кіретінін, оның жұмысының нәтижесіне өзінің көңілі толмайтынын Министр ашық айтты. Яғни ауыл- шаруашылық ғылымын реформа күтіп тұр деген сөз.

Ал енді көңілдегі ең басты түйіткілге келсек... Жалпы бұл кездесуде Асылжан Мамытбеков өте күшті топ- менеджер екенін көрсеткен сияқты. Бірақ, Үкіметтің мүшесі, Ауыл шаруашылығы Министр – ол саяси тұлға ғой. Ал бұл жиында саяси мәселелер көп айтылған жоқ. Көп айтылғаны- табыс табу, инвестиция, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, пайда табу және т.с.с. экономикалық, технологиялық әңгімелер. Министрдің аузынан ауыл- шаруашылығындағы әлеуметтік реформалар туралы, фермерлер мен шаруа қожалықтарына саяси көзқарасы туралы, жер туралы, ауыл туралы айтылған өзінің пікірін есіте алмадық. Азық – түліктік қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік сияқты мемлекеттің қауіпсіздігінің құрамдас бөліктері туралы да әңгіме қозғалған жоқ.

XVIII ғасырда Европадағы Буржуазиялық демократия апологеттерінің бірі: «Мемлекет шын тәуелсіз болуы үшін, оның дамыған ауыл – шаруашылығы болуы керек», - деген екен. Ұмытпасам, осы ойды айтқан Дени Дидро болса керек. Осыны, әйтпесе тіпті Карл Маркстің: «Ауыл – ұлттың денсаулығы» деген ойларын Министрдің ашық лекциясының лейтмотиві етіп алуға болатын сияқты еді. Өкінішке орай, олай болмады.

2001 жылы Германияда іс- сапармен болғанмын. Сонда «Рён қойы» деген жергілікті породаны арнайы өсіретін фермердің шаруашылығына алып барған. Менің есімде қалғаны неміс – қойшының көзіндегі, жүріс – тұрысындағы сенімділік пен тәкаппарлық. Әйтпесе, дәл біздің қойшылар сияқты қидың иісі бұрқырап тұрды қолынан, үстіндегі киімінен. Әрине, таң қалдырғаны оның шаруашылығындағы дамыған инфрақұрылымы. Сол «неміс- қойшы» былай деді: «Рён қойы» немістің ұлттық құндылығы. Оны сақтап, көбейту бақыты маған бұйырғанына мен қуаныштымын. Бұл арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Менің шығындарымның 70-75%- ын мемлекет өтейді».

«Мал, жан аман ба ?»- деп амандасатын қазақта мұндай дәстүрлі құндылықтар аз емес. Бірақ, оны сақтап – қорғау әрекеттері әр уақытта пайда әкеле бермейтін сияқты. Ал ауыл- шаруашылығында пайда қуа берсек сөл дәстүрлі құндылықтардан айрылып қалуымыз бек мүмкін. Бұл мәселенің бір жағы.

Екінші жағынан қарасақ, «Рён қойы» бағдарламасы неміс- қойшыға мемлекет тарапынан көрсетілген ізет пен құрмет, оған тек тауар өндіруші ретінде ғана емес, азамат ретіндегі саяси көзқарас, онымен санасу, құрметтеу.

Ал біздің Министрдің баяндамасында фермерге деген көзқарас – тек тауар өндіруші ретінде қарастыру сияқты. Бұл ретте біздің шаруа қожалықтары мен фермерлерге ендігі жерде Қазақстанның асыраушылары Сіздер деген ойды сіңіре беру өте маңызды болса керек. Егер мемлекеттік награда алғандардың қатарында жыл сайын 1-2 фермер болып тұрса, бұл сенім одан әрі нығая беретіні сөзсіз. Бұл енді, Ауыл- шаруашылығы министрлігі адамдарды да ойлауы керек –қой дегенді білдіріп жатқаным.

Бірақ мұның барлығы ол кездесуде айтылмады. Ең өкініштісі, осындай әңгімеге мұрындық болатындай сауалдар Министрге қойылмады да. Қойылмады! Неге? Ойланайықшы, ағайын!..
Просмотров материала: 3 586

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 611 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 433 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 403 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 339 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 318 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 660 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 706 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 265 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 416 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930