27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ бұзылған ұлт па?

Қазақ бұзылған ұлт па? Қазақстанда порнографиялық өнімдерді насихаттауға тыйым салынғанымен, заңды айналып өтіп, өздерінің сұрқия өнімдерімен қоғамға зиянын тигізіп жатқандар жетерлік. Өкініштісі сол, бүгінде мұндай зымысқы әрекеттермен басқа емес, халықтың сөзін сөйлеуі тиіс мерзімді басылымдардың өздері айналысуға көшкен.

Шын-ақпарат

Жуырда отандық Esquire журналы АҚШ-қа барып порножұлдызға айналған 23 жастағы Жанар есімді қазақ қызы туралы жазыпты. Журнал тілшісі әңгімені кейіпкердің өз аузынан жазып алған-мыс. Әңгімеден аңдағанымыз, Жанардың шешесі қазақы тәрбиені көрген, әкесі Ислам дінін берік ұстанатын адамдар болған. Ал Жанардың өзі әйгілі киножұлдыз атануды армандаған екен. Оның бұл мақсаты Work and Travel арқылы Лос-Анджелеске барғанда орындалады.

Лос-Анжелесте ақшадан тарығып жүргенде бір күні Жанарға әлдебір еуропалық жігіт 800 АҚШ долларына порно киноға түсуді ұсынады. Мұндай ұсыныстан біздің «жабайы» ұлттың «санасыз» қызы бас тартсын ба, бірден келісе кетеді. Бастапқыда бір еркекпен жақындасқан Жанар, келесіде 1300 АҚШ долларға екі еркекпен қатар «болуға» келісім береді. Сонымен не керек, Жанарымыз елге оралып, бір жылдан кейін күйеуге де тиеді. Тілшіге өзінің қазір үлгілі келін, аяулы жар болып отырғанын және басынан өткен жағдай үшін еш өкінбейтінін айтыпты.

Қысқасы осы. Мұны жазып отырған Анвар Мүсрепов деген әріптесіміз. Біздің ойымызша Анвардың жазып отырған әңгімесі ойдан шығарылған оқиға. Бетін аулақ қылсын, бірақ шын болған күннің өзінде Анвардың көздеген мақсаты не сонда? Порнографияны насихаттау ма, жоқ әлде қазақ қызы арқылы қазақты бұзылған ұлт ретінде көрсету ме?

Жалпы мерзімді басылымдарда қызмет ететін тілшілердің барлығы порнографияның «жілігін шағып, майын ішіп» жүрген адамдар деп ойламаймыз. Олар бұл тақырыпқа рейтинг деген жегі құт көкіректерін тесіп бара жатқан соң амалсыз барады. Ал мақалалардың кейіпкерлері көбіне ойдан шығарылады. Онысы шылғи өтірік екені көзге ұрып тұрады тағы. Ал сол кейіпкерлер кімдер дейсіздер ғой? Қазақтың «жезөкше» қыздары мен «қызтеке» еркектері негізінен.

Орыстілді БАҚ-ты қойшы, бәрінен де өзіміздің ана тілімізде шығатын ақпарат құралдарының күйігі өтіп барады. Кезінде «Алаш баласы айнаңа қара» деп ақпарат айдынына айбынданып шыққан шыққан «Алаш айнасы» газетіне не жорық десеңші. Сайтқа айналғалы бері бұл ақпарат құралынан ұят кетті. Бір қызыңды түріктің, бір қызыңды орыстың қолтығына қыстырып, еркектеріңді қызтеке айналдырып жіберіп, әкесі мен қызын, анасы мен ұлын жақындастырып мәз болып отыратын болды бұл сайт. Сенбесеңіз сайттың «Отбасы - ошақ қасы» айдарына шыққан мақала тақырыптарын қараңыз: «Әкем Алматыда басқа роман бастады...», «Мені қызғанған әйелім көңілдесімді сабап тастапты...», «Сүйгеніммен жасырын өмір сүріп жатқаныма 20 жыл болды...».

Бұл порнография емей, немене? Басқасы былай тұрсын, тақырыптарының өзі әдеп нормаларына сәйкеспей тұр емес пе? Ал бұл мақалаларды жас та, кәрі де бірдей оқиды. Ер мен әйелдің арасындағы анайы қылықтарды ашық суреттеп, шаңырағы шайқалған отбасылардың әңгімелерін халыққа жариялаудан не ұтады бұл сайт? Жоқ әлде олар да қазақты бұзылған халық көре ме екен?

Жуырда Парламент Сенаты «Балаларды денсаулығына дәне дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасын мақұлдады. Ал осыған дейін біздің ел «Порнографиялық басылымдар айналымының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» заңды қабылдады. Ол құжатта "Қазақстанда порнографиялық сипаттағы материалдарды тарату, көпшілікке көрсету мақсатында дайындау немесе сақтау, жеке өзі немесе басқа адам арқылы айналысқа шығару, бизнес жасау және сату мақсатында жарнамалау - қылмыс" екені айтылған.

Демек, жоғарыда ұлтты қорлап, порнографиялық сипатта мақалалар жазған ақпарат құралдарының ісі қылмыс болып саналады. Мұндай сорақылықтарға құқық қорғау органдары мен ақпарат комитеті ендігі уақытта жол бермейді деген үміттеміз.
Просмотров материала: 3 462

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 439 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 258 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 230 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 175 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 156 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 502 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 883 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 118 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 632 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 780 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930