20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ: ХАЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫҢ ОҢАЙ ҚҰРАЛЫ?..

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ: ХАЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫҢ ОҢАЙ ҚҰРАЛЫ?.. Петр патшаның орыс мемлекетін құруға сіңірген еңбегі әжептәуір екенін айта келіп Жан Жак Руссо бірақ орыс халқы ешқашан өркениетті, мәдениетті бола алмайды. Өйткені, 1-Петр орысты орыс қылудың орнын олардан ағылшын, неміс жасаумен айналысып кетті деген сыңайдағы тоқтамға келеді.

Абай.kz

Бұны айтып отырған себебіміз, қазақ ұлты ұзақ жылдар патшалық Ресейде, одан кейін кеңестік Ресей де қазақ ұлтын тілінен, қасиетті ұлттық салт-дәстүрлерінен, тіпті ислам дінінен мүлде айырып, оны орыстандыру саясатын асқан айлакерлікпен де зорлық-зомбылықпен де қатар жүргізді. Осы әзәзіл де әнжі, әрі ұр да жық саясаттың арқасында Кремль (бұл-моңғолша, керемль, яғни, қоршау, қамал деген сөз) қазақ ұлтының көпшілігін түсі–қазақ, ісі басқа, яғни, бүкіл жансарайы түп-түгел орыстың ксерокөшірмесіне айналдырды.

Қазақтың кейінгі жас ұрпағы өз ұлтын менсінбейтін, тіпті, қазақ боп туғанына өкінетін, қазақы салт-дәстүр, үрдіс, ғұрып атаулыдан жиіркенетін ауруға ұшырады. Ең өкініштісі сол зұлматтық Ресейден еркіндік алған 24 жыл ішінде елімізде бүгінгі қазақ ұрпағын сол аурудан айықтыратын, қазақты құлдық, көрләттік, тәуелділік санадан арылтып, менің тілім де, дінім де, ділім де, ұлттық тәрбием де орыстікінен артық болмаса кем емес деген, яғни, ұлттық намысын оятатын не бірде-бір ауқымды шара өткізіліп, не қарар-қаулы қабылданған жоқ.

Біздің кейбір шонжарлар өйтпек түгіл екі сөзінің бірінде Қазақстан тек қазақтың мемлекеті емес, біз ұлттық мемлекет құрмаймыз, қазақ жерінің бүіл байлығы әммеге ортақ деп телеарналардан әлі де сарнап келеді. Сол телеарналар түп-түгел күндіз-түні орысша сайрап тұр. Ұлттық арна деген атауы бар «Қазақстан» арнасындағы орысшадан тәржімаланған фильмдер мен ілеспелі аудармалар да қазақша көрсетілімдер деп есептеледі. Әділетке жүгінсек, бұл қазақ көрерменін алдарқату, эфирлік уақытты өйтіп-бүйтіп толтыру ғана. Бұл үлкен саясаткерлік деу қате!. Бұл–бір.

Екіншіден, қазақ телеарналары тілінің шұбар қазақшасы орысшаның сөзбе-сөз көшірмесі екені, осының бәрі қазақтың шет-шексіз бай тілін былғап, сөз саптауымыздың өзі өзгеріп баратқанын талай жылдан бері нақты мысалдар, деректер келтіре отырып айтып-ақ келеміз. Бірақ не тележурналистердің, не телеарналар басшыларының содан қорытынды шығармақ түгіл сенің сыныңа пысқырмайтынына көзіміз жетті. Солардың орысша «составил», «составляет»-ты алып тастауға білім-білігі жетпей, шыршаның биіктігі пәленбай метрді «құрады», зейнетақысы пәлен теңгені «құрайды», деп сөйлеуінің өзі-ақ тілімізді бүлдіруге молынан жарап тұр.

Ал, бүгінгі телеарналарды қарап отырып мыналарды бұдан былай көре берсе қазақ ұлты енді бірер жылда не боп кетеді деген Үрей де, Қорқыныш та Уайым да көлбеңдеп тұра қалады. Өйткені, телеарна өнімдері адам санасына тікелей, өте уыттты әсер етеді. Адамдар ондағы бүкіл құбылыс көз алдында өтіп жатқандықтан оны санасының сарабына, ақыл-ой таразысына салып жатпай, со күйінде қабылдайды.

Бүгінгі телеарналардан қазақша көрсетіліп жатқан және не деп атарыңды да білмейтін қым-қиғаштарға қол шапалақтап, мәз-мәйрам болып отырған үлкенді-кішілі қазекемдерді көргенде біздің ән-күйіміз, әзіл-қалжыңымыз, бүкіл өнер атаулымыз, тіпті өзіміздің мәдени талғамымыз қаншалықты құлдырап кеткенін көргендей боламыз. Бүгінгі қазақ теледидары күндіз-түні не мәні-мағынасы жоқ, өте арзан, өте дөрекі де тұрпайы ойын-күлкіге, бет-аузын қисалаңдатқан қылжақбастыққа, әуейі-әулекі күлкіге, көк тиын құны жоқ әзіл-қалжыңға белшесінен батқан мазақханаға айналды.

Бұл қазақ деген тұтас бір ұлтты ішкен-жегеніне ғана мәз санасыз, ойсыз, ұлттық намысы жоқ үлкен бір дүбәра тобырға айналдырудың ең оңай жолы ма деп қорқамыз. Баяғыда Рим билеушілері «Халықты басқарудың ең оңай жолы қолына нан беріп, сосын әртүрлі көрсетілімдер қойып отыру» дейді екен. Біз телеарналарымызды бұлай бұйдасыз жібере берсек, бүкіл ұрпағымыз көп ұзамай ешнәрсе ойламайтын жәй бір тірі жан боларына күмән жоқ.

Егер жат елдік біреу қазіргі телеарналардан беріліп жатқан қазақша көрсетілімдерді 1-2 күн түгел қарап, зерделеп шықса мына қазақ деген халық бұл дүнияда ешнәрсе ойлап бас қатырмайтын, ешнәрсеге мұқтаж емес, бүкіл ұлттық проблемасын шешіп болып, енді тек күндіз-түні не мәтінінің мән-мағынасы жоқ, не ән деуге келмейтін бірнәрселерді бірі айтып, басқасы отырған орнында теңселе билеп тыңдай беретін, күлмейтін нәрсеге күлетін, арзан әзіл-қалжыңға мәз болып шу ете қалатын бір сайқымазақ халық екен деуі де ықтимал.

Қазір қазақ телеарналарын әнші деуге болмайтын –«әншілер» сазгер емес «сазгерлер» актерлігі жарымжан болса да актер атанғандар басып салды. Әсіресе, ұялмай-қызармай өзін әншімін, сазгермін дейтіндер көп. Және солардың бәрі журналист болып шыға келді. Шетінен жүргізуші. Кім көрінген өз «проектісін» ашып алған, жүргізушілердің қоятын сұрақтары «жан-жарыңызға қалай қосылдыңыз?», «неше балаңыз бар?», «машина, көліктің қандай түрін ұнатасыз?», «сізге қыздар жиі хат жазып тұрады ма?», «жарыңыз қызғанбай ма?», «қандай тағамды ұнатасыз?»-дан әрі аспайтын не қоғамға, не адамға қажеті жоқ бос сөз.

Енді бір арнаны ашып қалсаң, картоп аршып, қамыр илеп, жуа мен сәбіз турап, сорпаның «тұзын көріп» тамақ пісіріп жатқан сол әнші емес әншілер, сазгер емес сазгерлер. Бұлар интервью, яғни, сұхбат деген журналистика жанрының көтерер жүгі өте ауыр, салмақты екенін, оның әр сауалы мен жауабында әлеуметтік мәселе аңғарылып тұруы керек екенін де білмейтіндер. Олардың «жүргізушілік бұл жұмысқа» қалай орналасып жатқаны да өте күмәнді.

Бірде Алматы телеарнасы шақырғасын бардым. Жүргізуші Е. деген актер жігіт дегеннен-ақ көңілім құлазып сала беріп еді, бекер емес екен. Бүгінгі әңгіме әлдебір 50 де 50 туралы дегенге ол не десем, қазір жігіттер қыздарды мейрамханаға шақырады екен де ішім-жемнің жарты бағасын соларға төлетеді екен.

Тапқан проблемаларыңның түрі құрысын, енді сол жігіт пен қыз төсекақы мен жамбасақысын қаншадан бөлісуі керек дегенге шақыратын шығарсыңдар, сендер деп кетіп қалдым. Сонда олар осы «тақырып» арқылы не айтпақ, нендей үлгі-өнеге үйретпек.

Өті жарылатындар жарылсын, бірақ бүгінгі қазақ телеарналарында көрсетіліп жатқан сорақылықты, көргенсіздікті, жабайылық қылықтарды санап тауысу оңай емес. Әнші Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаеваның «Тойвестстар» атты жобасын көріп «о, тоба, мұндай да «жоба» болады екен-ау» деп едік. Олар бір жігітке ән салдырып қойып, үстіңе неше түрлі тағамды құйып, төгіп жатсақ та, тоқтама, тоқтама! Маладес! деп айқайлап отырған еді.

Қазір бұл жиіркенішті жоба-көрініс кең қанат жая бастаған сияқты. Жақында НТК арнасы бүлінген бауыр, шіріген жұмыртқа, бұзылған балық, малдың тезегі, темекі тұқылы салынған қалбырды ән салып тұрған адамның мұрнына тақап лоқсытып жатты. Онысымен қоймай осы иістердің қайсысы ұнады деп сауал қояды. Екіншісі, бір шалбарды жігітпен бірге киіп алып қанша жанын қинап жатса да ағылшынша өлең айтуын тоқтатпауы керек болды.

Қай ұлттың да адамгершілік, мәдениеттілік деңгейін, оның саналы немесе санасыз, намысқой немесе намыссыз ұлт екенін оның әдебиеті мен өнеріне қарап-ақ ажыратуға болады. Мысалы, «Сен ренжіме, мен сүймеймін, жыласаң да, жыламасаң да, Арамызда бәрі бітті, Ештеңе де қайтып келмес... ұмытшы мені жарығым» деген, не ән деуге келмейтін әләуләйді тыңдап, аяқ-қолын ербеңдетіп теңселіп және отырып билейтін, ол әләуләй біткесін үлкен-кішісі «ө-ө-өу!» деп мәз болып отырған қазақтарды көргенде іші-бауырымыз ит тырнағандай болып «не болды, не боп барамыз? Құдай-ау, мына отырған байғұстар соған да мәз болып отыр ма?» дейтін күйге түстік.

Көңіліңізге келсе келер, бірақ өз ұлтың – қазақтың мәдени, интеллектуалдық талғамы қаншалықты құлдырап кеткенін осыдан-ақ ап-анық көруге болады. Иә, дүнияда тән мүгедектігінен жан мүгедектігі, жарымжандығы, яғни рухани мүгедектігі қиын болады екен. Міне, бізді осындай рухани мүгедектік жайлап барама деп үрейленеміз. Ал, рухани мүгедектік неден басталады?

Соның ең басты себебі – ұлттық мақтаншақтық, ұлттық бөспелік, жоқты бар деп, барды шамадан тыс көкке көтеру. Яғни, елдің, ұлттың басына түскен қиыншылықты, кемшілікті, ұлттық санаға, ұлттық жаратылысқа қауіп-қатер төніп тұрғанын, ұлттың жойылып кетуіне әкеле жатқан жағдаяттарды айтпау. Айтқан адамды күстәналау.

Реті келгенде айта кетейін, өз басым осындай ұлттық қауіп-қатерді интернет сайтта айтып жазғаным үшін аты-жөні жасырын біреу мені ҚазГу-де 12 жыл оқыған, арақтан аузы босамаған деп «коммент» жазды. Мен КазГУ-де 12 жыл емес 15 жыл оқығанмын! Жарасқан Әбдірашев марқұм айтқандай «анау бәленің уымен, жастықтың буымен» жастық шақта талай рет төбелесіп таяқ та жедік, айықтырғышқа да түстік. Біз көтерген ұлттық мәселеге әлдебір оқыған-тоқыған байғұстың қосқан пікірінің түрі әлгіндей.

Ал халқымыз қанша жерден «Дастарханымыз тойға жайылсын!», «Той дегенде қу бас домалайды», «Той тойға ұлассын» дей отырып ретсіз ойын-күлкіні, бас-аяғы жоқ даңғаза мейрамды құптамаған. Ондайға құмар адамдар туралы «Арсызға күнде мейрам» деген нақыл сөз де бар. Бүгінгі қазақ телеарналарын көріп отырып дәл осы нақыл есіңізге түссе сіз кінәлі емессіз.

Мынау сол телеарналар «өнімдерінің» атаулары: «Әзіл кеш», «Ду-думан», «базар жоқ», «Оңай олжа», «Түнгі студия», «Жұлдызды дода», «Караоке киллер», «Комик adze», «Нысана» т.б. Бұларда адамды ойға қалдыратын, қоғамдағы келеңсіздікті сынайтын, бүгінгі ұрпақ үйренетін де, жиренетін де бір мысқал сөз, не іс болсайшы.

Болмақ түгіл солар әдепсіз іс-қимылымен, аузын апандай қып ашып, басын арқасына лақтырып тастап ха-ха-халап күлуі арқылы әдепті, көргенді, мәдениетті көрермен атаулыны жирендіріп, өнер атаулыдан безіндіру үшін әдейі сұмпайы түр жасап тұр ма деп қаласыз.

Сол «Комик adzeде» (бағдарлама деуге ауыз бармайды) бір қыз үш жігітті әуелі шапалақпен, сосын бокс қолғабымен кезек-кезек ұрып шықты. Ал үш жігіт неге екені түсініксіз соған ауыздарын аңырайта ашып күлді. Бұлар бүйтіп жатқанда кадр сыртында жүздеген адамның күлген даусы, ағылшынша өлең беріліп тұрды. Енді бірде көшеде кетіп баратқан қызды біреуі қағып құлатады. Оған да ду күлкі.

Өз жөнімен келатқан біреуді үш-төрт жігіт дәп бір олимпиада жеңімпазындай көтеріп ап қайта-қайта аспанға атты. Сол сәтте кадр сыртынан жүз қаралы адамның шаңқылдаған, қарқылдаған у-шу күлкісі беріледі. Күлкінің де күлкісі бар. Дана халқымыздың ұлттық тәрбиесінде аузын аңырайта барынша ашып күлу, қарқылдап күлу, жөн-жосықсыз күлу өте ерсі, ұят қылық деп есептелген.

Күлкінің жымиып күлу, миығынан күлу, даусын қатты шығармай, бірақ естірліктей етіп күлу сияқты түрлері мәдениеттілік, көргенділік, әдептілік саналған. Бүгінгі телеарнаның жүргізушісі, әзілкеші, сайқымазағы қайсы екенін айыру қиын. Бастан-аяқ арзан, жасанды, өтірік күлкі. Және дауыстары қандай ащы десеңші.

Ал «Караоке киллердің» жүргізушісі «сіздер ақтық мәредесіздер» деп айқайлағанда «ақтық мәресі» несі деп шошып кеттік. Бұл сөз көбіне «ақтық демі біткенше», «ақтық рет көз жұмарда», «ақтық рет иегін қақты», «ақтық қоштасу» деген сыңайда ажал алдында жатқан адам туралы айтылар еді. Өздерін ұялмай-қызармай тележурналиспіз деп атайтын жүргізушілердің қазақ сөзінің бұлайша мән-мағынасын бұрмалап, өз орнымен қолдана білмейтін сөйлеуі осылайша жас ұрпақтың санасына сіңіп кетеді.

Қазақтың «ортаңқол» және «ортақол» деген ұғымдарын шатыстырып жұртты адастырушылар да телеарналардағы осындай жүргізуші деп аталатындар. Бұлар журналистика ғылымын бүкіл абырой-беделінен айырып бітірді. Қазақ бір іске «бел буып», «бел байлап» кірістік дейтін еді. Тележурналистиканың бұл кірме журналистері оны «бел шешіп кірісті» қып қалыптастырып жіберді. Қазақ әдетте демалып, тыныққысы келсе «қой аттан түсіп, бел шешіп, аяқ суытайық. Ас ішейік» дейтін еді-ау...

«Хабар» арнасынан «Ойжүйрік» деген өтіп жатты. Ол сынақ па, емтихан ба, ойын-сауық па, оның адам-пендеге пайдасы бар ма оны жұртшылық айтар. Бірақ, өзін еш қысылмастан әрі сазгер, әрі әнші, әрі жүргізушімін деп атайтын, әйтеуір тоқтаусыз сөйлейтін, шашы бетінің қос қапталын жауып тұратын сары жігітке жүргізуші: «Сіз таңға дейін кино көреді дейді ғой» деп сұрақ қойғанда бұл да журналистік сұрақ па деп ренжіп отырғанда экранға ішінде Ломоносов, Ньютон, Эйнштейн бар 7-8 адамның портреті шыға келді. Тапсырма – солардың қайсысы ғалым емес екенін айтып беру.

Сосын «Ночные дозоры» фильміндегі рөлді кім сомдағаны сөз болды. Жүргізуші содан кейін «Біз 2-ші кезеңнен кейінгі 3-ші кезеңді аяқтадық» деп салтанатпен жариялағанда «апыр-ау 2-ші кезеңнен кейін әрине, 5-6 не 10 шы емес 3-ші кезең екені де жаңалық болып па» деп күлдік. Қазекем қарамы көптеу жиналып тұрған, бірнеше адамды топ дейтін еді.

Ал «Ойжүйріктің» жүргізушісі осы әлде сынақ, әлде емтихан, әлде ойынекені белгісіз көрсетілімге қатысушы екеуді топ деп атаумен болды. Ақыры не қарқынды айтып тұрғанын қайдам бұл көріністі «Қандай қарқынға толы ойын болды, міне!» деп масаттана хабарлаған кезде жиналып отырғандар: Ө-ө-өу, А-а-а-а»-деп қол шапалақтап ұлардай шулады. Сосын «Жеңімпаз» Аяз-атасының сыйлығын алды.

Бұл біткесін «Жұлдызды дода» деген басталды. Баяғы арзан әжуаның бұл да бір түрі. Жүргізушілердің айтуынша «Ақтық сын» болады. Ақтық сынға ең мықтылар жетеді» екен. Жүргізуші Нұрлан Әлімжанов сол «ақтық сынды» (қандай үрейлі сөз!) «Мынау бір тарихи сәт болды» деп тәмамдады. Сөйтіп, телеарнамыздан пародияны «тарихи сәт» деп атағанды да көрдік. Сөйте тұра, орынсыз мадақ, шамадан тыс мақтаудың небір сорақы түрі үйреншікті нәрсеге айналды.

Бір жүргізуші әндерін екінің бірі біле бермейтін, бірақ сазгер деген аты бар Б. деген азаматты ұлы сазгер деп атады. Айтыңызшы сол Б-ны ұлы деп атасақ Құрманғазы, Мұхит, Ақан, Біржанды, бержақтағы Шәмші мен Ескендірді кім дейміз? Жаңағы Н.Әлімжанов деген актер-жүргізуші бір сөзінде аты аңызға айналған «Мұзарт» тобы деп қалғанда да осындай ойға қалдық. Әйтпесе, «Мұзарт» тобының әншілерінің негізгі мамандықтары да әншілік емес, олар өнер көрсетуші жұртқа танымал көп топтың бірі емес пе?!

Біз фәлсафашы да, данагөй де емеспіз. Бірақ бүгінгі Қазақстан телеарналарын қарап отырып, әуелі қоғамдық құрлыс қиқым-сиқым боп кете ме, әлде алдымен адамдардың тіршілік қам-қарекеті ұсақтап кете ме деген ойға кетеміз. Жаңағы Жанар Айжанова мен Айгүл Иманбаеваның «Тойвестстарын», Шынар Асқарова мен Аша Матайдың бүкіл эфирлік уақыты қолға жағатын крем мен еріндалапқа арналған «Қыздар арасындасын» былай қойғанда актриса десең актриса, әншілігі де ешкімнен кем емес Лидия Кәденованы «Алтын Таспа» атты әлде ән-күй, әлде ойын-сауық екені бұлдырлау жобасымақтан көреміз деп кім ойлаған. Белгілі өнерпаз, қазекем тоқтасқан әйел деп атайтын жасқа келген Лидия жерлесім

«Бұл әсем күз әнін арнайды
Мен сүйген жан оралмайды
Өзіңмен аяулым, арманым
Мен қоштасқым келмейді» немесе

*** *** ***
Қасымда болшы сен қасымда
Жүректің әуелеген әнін сен жасырма
Жүрейікші мәңгі бір ән салып
Махаббатым сенсің, жаным сенсің расында,–деген не қарасөз деуге, не өлең деуге келмейтін, мас адамның елірмесі сияқты дүнияларды ән деп ұрандата хабарлап, қол шапалақтап отырғанын көргенде...

Бүгінде ақша тауып, жағдайын дұрыстағысы келген екінің бірі бір-екі бейнетаспа шығарып, әнші, сазгер атанып екі-үш адамнан «топ» құрып ән өнеріміз бен мәдениетімізді әбден құлдыратқанын, соларға дуылдатып қол соғып жатқан жәй адамдардың өнерге деген талғамы мен талабының құлдырап кеткенін көріп күйінетін едік. Ал ұлттық өнеріміздің Лидия сияқты белгілі-белгілі тұлғалары мынадай күйге түссе бұдан әрі не болмақ? «Әдемі өмір сүру үшін ән тыңдау керек» ән тыңдау керек дейді ара-арасында Лидекең. Әнінің түрі әлгіндей! Бір кезде Лидия қасындағы баласымен қатар Әли Оқап екеуі «Руки вверх» дегенде шынымен шошып қалдық. Сөйтсек, бұл да ән екен. Әннің сөзі мынау:

Ұмыт мені, ұмыт жаным, Бәрінен шаршадым,

...Ұмытшы мені жарығым!

О заманда бұ заман қазақ сүйген ғашығына «жарығым» дейтін бе еді. Бұл баласына, інісіне, қарындасына еркелетіп айтылатын сөз емес пе еді? Міне, сол қасиетті сөз бұл жерде өз орнын таппай, ұйқастың құрбаны болып кеткен. Әлде Лидия ханым осының бәрі бүгінгі ұлттық өнеріміздің әбден-құлдырап, ұлттық бет-бейнесінен, әрі мен нәрінен айрылып баратқанын білгендіктен менің қолымнан не келеді, осы жүргізушілігіме азғантай нәфақа алсам нем кетті дей ме екен?

Ұтыры келгенде айта кетейік. Қазір әнші болып ақша табудың бір түрі кең таралып кетті. Ол бір еркек пен бір әйелдің дуэті. Мұндайда көбіне ерлі-зайыпты екеу теледидарға шығып ән салады. Бұлардың көпшілігі бала-шағалы болғанына талай жыл өткен егде, ең жасы 40-қа келіп қалған, одан асып кеткендер.

Олар сахнаға шығып ән салып тұрғанда жаңа танысып, бір-біріне деген ыстық сезімін енді жеткізіп жатқан бозбала мен бойжеткеннің рөлін ойнағандай. Бірі жігіт ағасы, бірі тоқтасқан әйел болуға бет алған екеудің бір-бірін жаңа көргендей үздіге, емешесі құрып езіле қарап тұрғанының өзі ерсі. Және айтып тұрған әннің мазмұны олардың бұл іс-әрекетіне сәйкес келіп тұрса, қанекей! Көп ретте олай емес.

Иә, бүгінгі қазақ телевизиясының жәй-күйін айта берсең, әңгіме бітпейді. Қазір қазақ теледидары осындай арзанқол деуге де тұрмайтын, қатты айтсақ кешіріңіз, «жын-жыпырдың», сайқымазақ, арзан әзіл мен әжуә, қылжақбастық көріністердің ордасына айналып баратқанын жасыру – қатерлі ауруын жасырумен бірдей.

«Жаңалықтардан» көретініміз – атып кетті, асып кетті, өзін-өзі өлтірді, кішкентай сәби қызды зорлап кетті, жарылыс болды және еуропалық елдердің ислам террористері дегенін қайталау. Қала берді –«Айтыс». Қазақта бұрын-соңды болмаған айтыс түрлері-ақ көп екен.

Астананы, жас қаланы, бас қаланы деген әләуләй көп. Әсіресе, Кешегі Жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде телеарналардың талай уақыты неше түрлі «айтыстарға» берілді. Ащылау айтсақ, айтыс сияқты киелі өнерді бір-екі партияның жетекшілік рөлін насихаттауға пайдалану ұят! Бұл баяғыда күні өткен табыну идеологиясын қайта туғызуы мүмкін.

Ал «Жарнамаларда» бөксесі жартылай не тұтастай жалаңаш орыс, шетел әйелдері, солардың әртүрлі бұттартқыштары мен желінқаптары. Анонс оқитын диктордың даусы әл үстінде бұ дүниемен қоштасып ыңыранып жатқан ауыр науқастың даусы дерсің. «Экстрасенстер» шоуы өз алдына.

Күндіз-түні орысшадан аузы босамайтын «Евразия» арнасы өзін неге «Первый канал Казахстана» дейтіні де түсініксіз. Жөн-жоралғысына келсек еліміздің ең бірінші арнасы «Қазақстан» деп аталатын ұлттық арна емес пе?! Әлемде өзінің ұлттық мейрамынан гөрі өзгенің той-думанын көбірек тойлайтын көңілшек телеарна екеу болса, соның бірі – бізде.

Қазақ телеарналары 31-ші желтоқсанның сақылдаған сары аязында түн ортасы ауғанда Дед Мороз деген ертек кейіпкерді күтіп отыратын Жаңа жылды қазан айының ортасынан бастап қаңтардың ортасы ауғанша яғни, 2 ай бойы тойлайды. Кейбір телеарналардың көрсетілімі кезінде экранда «С новым годом», «Жаңа жылыңызбен» деген жазу мен шыршаның суреті биыл қаңтардың 17-18 жұлдызына дейін тұрды.

Биыл демекші, телеарналардың бұл жүргізгіш-«журналистер» «биылғы жылы», «былтырғы жылы» деген сөз тіркесін де жұртшылықтың құлағына сіңіріп болды. Олар «биыл» дегеннің өзі бұ иыл, яғни, бұ жыл, ал былтыр деген өткен жыл, оларға «жыл» дегенді тағы қосып айтудың да қажетсіз екенінен бейхабар.

Бағанадан бері біз айтып отырған жағдаяттар бұлай кете берсе әзіл-қалжыңға емес ұлттық апатқа, ұлттың жойылуына әкелуі мүмкін. Әрине, бұның басты себебі, телеарналарымыздың акциялары түгелге жуық Ресейге сатылып кеткендігі екенін Құдайдан да, адамнан да жасыра алмайсыз.

Егер мемлекет басқа бір елге тәуелсіз мемлекет екені рас болса, оның бүкіл ақпарат құралдары өз иелігінде, негізінен көп жағдайда жергілікті ұлт тілінде болуы керек. Ал бізде...

Бүгінгі қазақтар, онда да ұлтын ойлайтын көзі ашық қазақтар ғана тіл туралы заң қабылданғаннан бергі 26 жыл ішінде өз елінде әлі де өз абырой-беделіне ие бола алмай, әлі де орыс тілінің үстем тіл болып келе жатқанын айтып зар-запыран төгумен болды. Жәй жылап-сықтағаннан ешнәрсе өнбейтінін білді ме қайдам олар бүгінде тіл мәселесін қозғауды да қойды.

Бұрын телеарналарда да ара-тұра болса да қазақ тілінің мәселесі сөз болатын. Бүгінде ол мұнда да тоқтатылды. «Алматы» телеарнасындағы «Тіл сақшысы» деген жоба жұмыстан шығарылған 30 шақты қазақ журналистерімен бірге «ғайып» болды.

Иә, ХХІ ғасырдың ең қуатты да қатерлі дұрыс пайдалана білсек ең пайдалы құралы – телевизия. Сондықтан Қазақстан телеарналарынан берілетін қандай хабар-ошар, қандай қойылым, қандай әзіл-күлкі болса да олар ең алдымен қазақ ұлтының мұң-мүддесіне орайлас, сәйкес болуын қолға алатын кез келді.

Ол үшін телеарналарды бүгінгідей қылжақбас, сайқымазақ, арзан қалжың мен әнші, әзілкеш жүргізушілерден дереу арылтып, нағыз жан-жақты білім-білігі бар журналистерді қызметке алуды бастауымыз керек. Ал оны ең әуелі жоғарыдағылар қолға алса, іс оңға басар еді.

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫ: ХАЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫҢ ОҢАЙ ҚҰРАЛЫ?..Мырзан КЕНЖЕБАЙ
Просмотров материала: 3 506

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 712 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 535 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 503 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 438 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 421 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 742 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 446 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930