24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖАС ҰРПАҚ ӨЗБЕКТЕНБЕСІН ДЕСЕК...

ЖАС ҰРПАҚ ӨЗБЕКТЕНБЕСІН ДЕСЕК... Бүгінгі әлемдегі «алқакөл сұлама» заманда жан-жақта шашыраған қазақтың басын рухани тұрғыда қосу мәселесі өте өзекті. Соның бірі – Өзбекстандағы қазақ қандастарымыздың жәй-күйі. Өзбекстанда ресми түрде 1,5 млн қазақ тұрады. Арғы жағын қазбаламай-ақ қояйық. Егер қазбалап жіберсең, 3 млн-нан асып жығылары сөзсіз.

Сол көрші елде қазақ мектептері жаппай жабылуда. Көршіміз де ұлттық мемлекет құрып жатыр, сондықтан оларға ренжудің жөні жоқ. Одан да «біз, қазақ, не істей аламыз?» деген сұраққа жауап іздейік.

Өзбекстандағы білім саласындағы негізгі мәселе – олар латын әліпбиіне көшкен, ал қазақ мектептері кириллицаны қолданады. Яғни, ондағы қазақ мектебін бітірген қандастарымыздың көрші елдің жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндігі жоқ десе де болады. Сондықтан көптеген ата-ана өз балдырғандарын өзбек мектептеріне беруге мәжбүр. Бұл – өзі аз қазақтың бүтін бір бұтағын жоғалтып алу деген сөз. Яғни, мемлекеттік деңгейде шешілуге тиіс мәселе.

Көрші елдегі қазақ тіліндегі мектептердің азаю динамикасын мына деректерден көруге болады. Мәселен, «Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру Министрлігінің мәліметтері бойынша 2002-2003 оқу жылында Өзбекстанда 157 863 оқушысымен 581 қазақ және қазақ тілінде оқытатын аралас мектеп болса, 2006-2007 жж. 521 мектепте қысқарып, оның 234-і қазақ мектептері, бар болғаны 102 372 оқушы білім алған». Ал кейінгі деректерде «207 қазақ мектебі, 265 қазақ тілінде оқытатын сыныптары бар мектептер (жалпы саны – 472) бар, қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 61 873 оқушы деген деректер келтірілген».

Көріп отырғанымыздай, оқушылардың саны кейінгі бес жылда екі есеге жуық азайған. Ал Өзбекстандағы демографиялық даму үрдісін есепке алсақ, қаншама қазақ баласының рухани әлемінің өзбектеніп бара жатқанын болжауға болады.

Осы бір түйінді шешудің бір жолы – Өзбекстанда қазақ мектебін бітірген жас жеткіншектер үшін Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруға мүмкіндік беру. Егер оңтайлы тетік табылатын болса, шеттегі қазақтың біраз бөлігін өз құшағымызға қайта алып, қауышар едік. Мектепті жаңа бітіріп келген жас бала үшін үй беру, көтерім төлеу, жер телімін қарастырудың қажеті жоқ. Оқуды бітіріп шыққаннан кейін ол елімізде өз бетінше-ақ орнын табатыны анық.

Бұл өзекті мәселені тиісті құзырлы орындардың назарына ұсынумен қатар, оңтайлы шешуді біздің Мәжіліс депутаттары және Қазақстан Халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары, жан-дүниесі қазақы, іскер азамат ретінде Ералы Тоғжанов мырзаға жолдап отырмын!

1. Өзбекстандағы қазақ мектептерін оқулық, ғылыми-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселесін Қазақстан Халықтары Ассамблеясы өз құзырына алса дұрыс болар еді.

2. Көрші елдегі қазақ мектептерінің тізімі түгел есепке алынып, белгілі бір кадастр жасалса.

3. Өзбекстан Республикасы халыққа білім беру Министрлігімен бірлесе екі ел білім беру стандарттарын жақындастыра отырып, ол жеткіншектердің Қазақстан жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруының тетігін жасау – кезек күттірмейтін мәселе.

Ералы Лұқпанұлы!

Егер осы кезек күттірмейтін мәселені тиісті орындарға жеткізе отырып, шешу міндетін Өзіңіз басқарып отырған органның бақылауына алса, еліміздегі азаматтық қоғамның ғана емес, қаншама қазақтың батасын алатыныңыз сөзсіз!

Ерлан Саиров, саясаттанушы
Просмотров материала: 2 260

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 084 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 907 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 878 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 817 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 798 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 263 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 720 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 849 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 990 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 311 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 483 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 393 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 517 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 938 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 147 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 667 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930