4 августа 2020 г.

Мы в соц сетях:



"Исматулланың істеген ісінен зиян көрген жоқпын", - Еділ Жаңбыршин, Ақтау қаласының әкімі

"Исматулланың істеген ісінен зиян көрген жоқпын", - Еділ Жаңбыршин, Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин - ғылым мен саясатты ұштастырған әкім. Докторлықты әкім креслосына ауыстырған ол, мұнда өзі таң қалатын ештеме жоқ деп санайды. Мысалы, Американың экс-мемлекеттік хатшысы Кандолиза РАЙС та ғалым, Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий МЕДВЕДЕВ те сабақ берген.

Елулерді алқымдап қалған Таушықтың тумасының еліне берері көп. Ырымшыл, параллельді әлемнің барлығына сенетін, өз ісіндегі кейбір жайсыздықтар мен сынды «белгісіз күштердің әрекетіне балайтын» Еділ мырза, алдына қойған мақсатына жету үшін ешнәрседен бас тартпайтынын айтты. Ашық әңгімеден бас тартпай, отбасының әншілігін де, қыздарының шетелде білім алатынын да, дінге деген көзқарасын да жасырған жоқ.

Дегенмен өзін елдің патриоты санайтын әкім неден сескенеді?

Не хабар

«ҚҰР ПИАРДАН НЕ ПАЙДА?»

- Еділ Терекбайұлы, сіздің Ақтау қаласы әкімі болғаныңызға екі жыл болды. Бірақ, облыстық теледидардағы бір жыл бұрынғы әңгімеңізді есептемегенде баспасөзден көрінбейсіз, интервью бермейсіз. Әлде ауыз толтырып айтар ештеме болмаған соң ба? Кейде тіпті журналистермен кездесуден қашқақтауыңыз Атыраудың бұрынғы әкімі Аслан МУСИНді еске түсіреді екен.

- Неге, мен ашықпын әр кезде. Жұмыс жасалып жатыр, қорытынды бар, айтуға болатын заттар да жеткілікті. Бірақ, «арық сөйлеп, семіз шыққанды» тәуір көремін. Құр пиардан пайда не? Әр түрлі мәселеге жауап берер орынбасарлар мен бөлімдер бар. Облыстық телеарнадан бір жылдық жұмысымды қорытындылап, кең көлемде әңгіме жасалды. Ондай форматтағы ашық сұхбат республикада болмаған дей аламын. Бөлім басшылары бөлек отырып жауап берді. Мұндай тәсіл корпоративтік рухты қалыптастырады, жауапкершілікті арттырады.

- Сізді әкімдіктен бұрын ғалым ретінде ел жақсы біледі. Ғылымнан қол үзіп саясатқа келуіңізге не себеп болды? Әлде әкімнің тағы Сіз үшін мансапқа жетудің бір жолы ма?

- Мен билікке жастай араласқан адаммын. Өзімді елдің патриотымын деп санағандықтан, білімді қордаланған проблеманы шешуге жаратпасаң қажеті қанша? Менің байқағаным - бізде көп ретте проблеманың ар жағындағы факторлармен күрес жоқ. Осы ретте ғылым көмекке келеді. Ғылымдағы фундаментальді негіздеудің проблеманың төркінін саралауда орыны зор.

Сондықтан, ғалымдар билікке көбірек келуі керек деп санаймын. Шетелде белгілі саясаткерлердің көбі жоғары оқу орынында жұмыс жасаған ғалымдар. Мәселен, Кондолиза Райс университетте мұғалім болған, Дмитрий Медведев те сабақ берген.

ҒЫЛЫМНЫҢ КӨМЕГІ

- Ғалымдық тәжрибеңіз қандай проблеманы түп-тамырынан шешуге көмектесті? Қандай жоспарлар іске асты, не орындалмай қалды, оған не кедергі болды?

- Қала - үлкен организм. Оның миы, басқару орталығы – әкімшілік. Егер әкімшіліктегі жүйе реттелмесе, қалған проблеманы шешу қиын болады. Сондықтан, мен әкім болып келген соң осыны зерттедім. Әкімдіктегі жұмыс механизімін байыптадым. Бұрынғы әкімдердің ісін сараладым. Мен келгенде Ақтау қаласы әкімдігі 1941 жылғы соғысты елестетті көз алдыма. Ешқандай жүйе жоқ.

Алғашқы төрт ай қиын болды, төрт сағаттан артық ұйықтамайтын едім. Қоғамда түйінді проблемалар орын алып жатты. Шығыстың жеріне, жетім балаларға қатысты, басқа да жер даулары болды. Түсінгенім - алдымен қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру керек. Менің айналамда жұмыс істейтін адамдар менің идеямды, саясатымды қолдауы тиіс. Осыны реттедім. Ғылым осы ретте маған көмектесті. Ал, проблема расымен көп еді. Мен келгенде 4 мың адам үй кезегінде тұрды, қазір олардың саны 5 600-ге жетті.

Адамдарға үлестірілгенімен игерілмеген жерлер көп болды. Ақшұқырға дейінгі жағалауды, Ақбота саябағының жерін кері қайтардық. Халық пайдаланбаса, жерсіз қалатынын түсінді. Инфрақұрылымдарды реттеудің нәтижесінде үй салып, қоныстана бастады. Бүгінде 37 игерілмеген жердің тек 5-6-уы ғана қалды. Лифті мәселесін қалай шешу керектігін зерттеуге екі апта уақытым кетті.

Ол кезде 112 лифтіге сұраныс туып тұрды. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін 2019 жылға дейін жылына 20 лифт салу керек. Арнайы кесте жасалды, лифт туралы шағым қазір жоқ. Көліктердің маршрутына оптимизация жасалды. ЦОН-ға дейін баратын экспресс маршрут қостық. Тарифімен тікелей өзім айналыстым: 47-50 теңге жобасында болды есебім бойынша.

Қазір оларға GPS орнату үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Жаңа жылдан соң сервері орнатылып, көліктер дистанционды бақылауға алынатын болады. Олар белгіленген интервалды қатаң сақтайтын болады. Қала жарығын реттейтін телеметрияның қойылуы жыл сайын 50 млн. теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бір сөзбен айтқанда, шешілмей қалған мәселе жоқ. Дегенмен, екі маңызды проблеманы айтқым келеді: төменгі ауданнан шығатын лас суларды тазалайтын имарат пен қатты тұрмыс қалдықтарын тазалайтын комбинат жұмысы қозғаусыз тұр. Бұл мәселе Ақтау мен Мұнайлы ауданына қатысты. Мен оның шешімін көріп отырғаным жоқ. Оны жалғыз шешуге қаланың қауқары жетпейді. Кім қандай технологиямен жасауы тиіс деген сауалға да жауап жоқ.

- Бұндай стратегиялық маңызы бар мәселеге алдымен қала мүдделі емес пе?

-Облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы мен қалалық әкімдік бір мәмлеге келуі керек. Біз сол лас суды не «КОС-2»-ге аударуымыз керек, не тазартуымыз керек. Тиімді бағытын анықтаған соң қаражат мәселесін шешу керек.

-Мен бұған Қошқар Ата проблемасын да қосар едім.

- Қошқар Атамен де кезінде тікелей айналыстым. Бастысы - оған «ие» табылды, облыстық табиғатты қорғау басқармасы балансына қойылды, экономикалық негіздемесі жасалды. Ол жердегі қатты радиациялық фоны бар жерлері бетондалмаған. Тек 50 шаршы құрғап жатқан жерді топырақпен жабу керек. Бірақ, ол бір жылдың шаруасы емес.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, ЖОҒАЛҒАН ХАТТАМА ЖӘНЕ БАЛАБАҚША КЕЗЕГІ ТУРАЛЫ

-Ақтаудағы жұмыссыздық мәселесіне қатысты не айтасыз? Жаттанды 0,4 пайызды емес, айтуға болмайтын статистиканы қозғасаңыз.

- Статистика дұрыс болады, егер бар жұмыссыздың бәрі тіркеліп отырса. Алайда, көбі өзім жұмыс табамын не біреу тауып береді деп тіркелмейді. Адамдардың санына шақсақ жұмыссыздық - 5,2 %, жұмысқа қабілеттілер бойынша есептегенде - 0,4% . Ақтауды Жетібаймен немесе Өзенмен салыстыруға келмейді. Мұнда жұмыс табудың мүмкіндігі көп. Өкінішке орай, жас мамандар кәсіби деңгейіне қарамастан 200-300 мыңның жұмысына ұмтылады. Ал, сұраныс КИПавтоматика, слесарьларға көп. Біліктілігі жоғары маман қашанда тиісті жалақысын алады. Тек масыл болмау керек.

-«Тұрғын үйге қатысты хаттама жоғалды» деген дабыл көтерді прокуратура. Қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сіз айтқандай жүйелі жұмыс істеп тұрған әкімдікте мұндай жағдай қалайша орын алды?

-«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 1563 пәтер салынып жатыр. Ол 2016 жылға дейін салынып болады. Оның жалпы құны - 16,5 млрд. теңгені құрайды. Баспана үшін 2014 жылы 4,6 млрд теңге ақша жұмсалды. Биыл 32 «б» шағын ауданында 300 пәтер жас отбасыларына берілді. Жоғалған құжат тапсырған адамдар тізімі бекітілген хаттама болатын. Ол хаттамаға сай 1300 пәтерге 747 адам арыз берген.

Хаттаманың жоғалуына бұрын жұмыс жасаған қызметкердің салақтығы себеп болған, бірақ қылмыстың құрамы жоқ. Үй әділ бөлінді, комиссияны өзім басқардым. Үй ала алмадым деген арыз жоқ.

- Балабақша мәселесі қашан түбегейлі шешіледі? Неге балабақшаға тіркеу Сіз айтқандай ашық болса да, дау-дамай толастамайды?

- Бұл мәселені күн тәртібінен алу үшін Ақтауға 20 балабақша керек. Кезінде көптеген балабақша жекеге кеткен, не мекемелерге берілген. Біз оны қайтарып алып жатырмыз. 12-13 шағынаудандардағы балабақшалар, ММГ-ға кетіп қалған №10 балабақша кері алынды. Биыл басталған 4 балабақша құрылысы 2015 жылдың бірнші жартыжылдығында аяқталады.

Приозерныйдан да балабақша салу көзделіп отыр. Жалпы 29 балабақшаны 2020 жылы іске қосамыз, бұл сұранысты толық жояды. Аймақтағы позитивті демографияны ескере отырып алда салынатын балабақшалардың 300 орындық болуы қамтылған. Ал, балабақша кезегіне қазір тұрудың екі жолы бар: ЦОН-да немесе e.gov арқылы. Оған берілетін жолдамаға қойылатын мөр менің қолымда, менсіз ешкім де жолдама бере алмайды.

Бұл менің жұмысым болмаса да, облыс әкімі «Еділ, өз қолыңа ал» деген соң осылай етуіме тура келді. Әр балаға жеке бұйрық шығарылады. Бұрын соңды ата-анаға ешкім қоңырау шалып, «кезегіңіз келді» дегенді айтпаған. Ал, орынның жетіспеуі бөлек әңгіме. Ел тек түсініп күтуі керек. Қандай мәселе болса да, әділ шешілсе халық түсінеді, күтеді.

КОМАНДА ЖӘНЕ АУЫС-ТҮЙІСТЕР

- Жаңа басшы келсе ұжымда ауыс-түйістер орын алатыны белгілі. «Жаңбыршиннің командасы», «Қазақбаевтың командасы» деген атаулар пайда болды. Оған не айтасыз?

- Менің ұстанымым - барған жерде адамдарды жұмысқа ұйымдастыру. Мен келгенде екі адамды алып келдім, қазір олар басқа бағытта жұмыс істеп жатыр. Жұмысты жақсы істесе, ауыстыру болмайтыны ескертілді. Кез келген дұрыс басшы кадр мәселесіне мән береді. Бастамашыл, іскер адамдарды қозғауға болмайды. Бірақ, мен кәсіби біліктілігіне, тазалығы мен адамгершілігіне қараймын.

Менің ойымша, кадрдың үш түрі болады: қойған талапты алып кете алатын, потеницалы бар үйретуді қажет ететін және үйрет, үйретпе потенциалы жоқ кадр. Онымен қоштасу керек. Әрине, екі жылда жаңалау болды, бір орынбасар ауысты, 3-4 бөлім басшысы жаңадан келді. Негізгі қызметкердің 80 пайызы өз орынында отыр. Мәселен, ЕЛТИЗАРОВ Осекеңмен жұмыс істеді, қазір де жалғастырып жатыр. Ада КИМ Серік Оспановтың тұсынан келеді. ҚАЙЫРҒАЛИЕВА әлеуметтік бөлімге жас маман болып келгеннен бері қозғалған жоқ. Өзгерістер проблемалы саналған білім, құрылыс, тұрғын үй шаруашылығы саласында болып, ауыс-түйістер жасалды.

ӘКІМНІҢ СЕЗІГІ МЕН БЕЛГІСІЗ КҮШТЕР

- Білім бөлімі демекші осы бөлімнің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан ҚҰРМАНБАЕВты өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан босатқаныңыз белгілі. Енді оны Өмірзақ аулының әкімі етіп тағайындадыңыз. Ауыл, село әкімі дегенмен, ол тұтас елді мекеннің тағдырына жауапты тұлға. Мемлекеттік қызметті атқара алмаған адамға бір елді мекеннің тізгінін беру халықтың сенімсіздігін тудырмай ма?

- Құрманбаевқа қатысты жақтаған және қарсылық білдірген екі жақты пікірлер бар. Мен оны қызметінен түсінбеушілік салдарынан кетті деп ойлаймын. Ол бөлім бастығы болғанда мектептердің шаруашылық-қаржылық жақтарын реттей бастады. Бұл біреулерге ұнамауы мүмкін. Біз жемқорлықсыз, әділ жұмыс жүргізгіміз келеді. Алайда, әлде бір күштердің әр жерде әр жұмыста түрлі қызығушылығы бар деп санаймын. Бірақ, біз өз бағытымыздан таймаймыз, тоқтамаймыз. Құрманбаев та сол күштердің құрбаны. Оны депутаттар қолдады, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды».

- Бұл айтып отырғаныңыз соншама қандай күштер болуы мүмкін әлде белгілі бір адамдар тобына қатысты күдігіңіз бар ма? Мәселен, ел арасында қала әкімі мен облыс әкімі арасындағы теке-тірес туралы алып-қашпа әңгіме бар. Бәлкім, жел сол жақтан соғуы мүмкін бе?

- (Күлді-авт.). Мені жұмыстан босататын да, қоятын да облыс әкімі. Егер менің жұмыс стилім көңіліне жақпаса, мені алып тастауға мүмкіндігі бар. Біз бар жұмысты ақылдасып, ортақ шешеміз. Ешқандай проблема болған емес. Менің ойымша, бұл басқа топтардың ісі сияқты. Өйткені, жекелеген топтардың мүддесіне кереғар қыруар шаруалар жүзеге асты.

Жердің ел игілігіне қайтарылуы, балабақша тізіміндегі әділдік, жолаушылар көлігіндегі, құрылыс жұмыстарына қатысты конкурстар тазалығы біреулерге ұнамауы мүмкін. Оны елдің назарына шығарып, жалған комментарилар ұйымдастырып, тексерістің көбеюіне қарап тектен-тек ештеме болмайды деген ой келеді. «Лас суда балық аулау оңай» дей ме орыстар. Менің қолымда факт болмаса да ішім сезеді. Онымен құқық қорғау орындары айналысуы керек.

«ИТ ҮРЕДІ, КЕРУЕН КӨШЕДІ»

- Ел көзіндегі тұлға болған соң Сізге қатысты сындар жиі айтылады. Оған қалай реакция білдіресіз?

- «Сынға ілікпесең санға ілікпейсің» деген бар емес пе? Ақпаратты сүзіп жүрмеймін. Идеалды ештеме жоқ. Бар проблеманы шешіп тастаймын дей алмаймын. Өзімнен кейін жүйелі зат қалдыру мақсатым. Сондықтан да, ел ішіндегі мейлі позитив, мейлі негатив болсын көңіліме алмаймын. Өйткені, не істеп жатқанымды өзім білем, құдай біледі.

Ең бастысы әке-шешеме жаман атақ келтіргім келмейді. Әкем осы елге белгілі, қызмет еткен адам. Оларға мақтаныш болу үшін мектепті үздік, университетті қызыл дипломмен бітірдім, кандидаттық, докторлық қорғадым. Қазақтың жігітінің қолынан бәрі келетінін көрсеткім келеді.

Ал, елдің шынайы пиғылын той-садақаға барғандағы ықыласынан байқаймын. Бұрынғы студентімнің бірі кездесіп қалып «осы жердің жағдайын білетін адамның әкім болғанына қуандық, қолдауға дайынбыз» дегені бар. Ендеше, бағытым дұрыс. Кемшілік ештеме істемеген адамда болмайды. «Ит үреді, керуен көшеді» емес пе?

ӘКІМ ЖӘНЕ ӘН

- Жақында қызыңыз «Қазақстан дауысына» қатысты. Ол туралы «ықпалды әкімнің қызы болған соң топ жарды» деген пікірлер айтылды. Өзіңіз де өнерден құр алақан болмай тұрсыз-ау, Еділ Терекбайұлы?

- Ән айтамын аздап. Халық әнін гитарамен. Өнер қанымызда бар. Жолдасым да айтады. Ал, қызымның оған қатысып жатқанынан бейхабар едік. Ол Ақтауда «Әуен» тобында өлең айтатын. Сондықтан, оның ән байқауына қатысуына таңданбаймыз.

- Еділ Терекбайұлы, елге Сіздің отбасыңыз, жанұялық ұстанымыңызды білу де қызықты.

-Үш қызым бар. Үлкені тұрмыста, ортаншысы 11-сыныпты бітіреді. Кішісі 7 оқиды. Балалардың консервантсыз таза тағам жеуіне, жыл сайын демалуына жағдай жасаймыз. Олар бұған қоса тіл оқиды, түрлі үйірмелерге барады. Екінші қызым арт-дизайн Қазақстанда болмағандықтан Англияда оқуға дайындалып жатыр. Бізде бір салт-дәстүрді берік ұстанатын қазақтың отбасымыз. Ағайын-тумалас көп. Өкінішке орай, соңғы кезде елдің шаруасы бірінші кезекте болғандықтан, аралас-құраласқа уақыт та жоқ.

АҚТАУДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОҚ

- Қазан айында «Нұр Отанның» жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВ Сізді кеңестің мәжілісіне қатыспады деп сынады. Тіпті Сізді партиялық жауапкершілікке тарту керектігі айтылды. Бұл мәселе немен аяқталды?

- Менің ойымша, ол кісіге ақпарат дұрыс жетпеген. Ол кеңесте есеп беретінім туралы мен шетелде еңбек демалысымда жүрген кезде естідім. Кеңеске орынбасарым қатысып, сұрақтарға жауап берді. Жемқорлықпен күресіп жатқан республикада екі әкім болса - соның біреуі мен шығармын.

Тұрғын үй, балабақшаға орналастыру, тендер өткізудегі «шапкаларды» тидым. Бір кезде Ақтаудағы он проблеманың ішінде мемлекеттік қызметтегі жемқорлық төртінші орында тұрғанын әлеуметтік зерттеулеріміз көрсетті. Жүргізілген жұмыстан соң қазір бұл мәселе сол он проблеманың қатарында мүлде жоқ. Бірақ, мен Сүлейменовпен түсінісуге тырысқаным жоқ.

ӘКІМ ЖӘНЕ ДІН

- Таза болу туралы ой қайталауы болды әңгімеңіз барысында. Тазалық ұғымын қалай түсінсек екен, пара алмайтын тазалық па, әлде шариғатта айтылатын кең сараланған тазалық па? Жалпы реті келгенде айта кетсек, Сізді діншіл әкім деп те естиміз. Өзіңіздің әлеуметтік желідегі блогыңызда да параллельді тағы бір әлемнің барлығын кванттық физика тұрғысынан дәлелдеуге тырысыпсыз.

- Алдымен адамның ниеті таза болуы керек дер едім. Мемлекет қызметшісі халыққа таза қызмет етуі керек. Пиғылы дұрыс болмаса, ісінің пәтуасы болмайды. Ол бүкіл адамзат баласына қойылатын ортақ постулат. Біз бәріміз мұсылманбыз. Дін - әркімнің жеке мәселесі. Көп адам намаз оқығанды ғана діншіл санайды. Алайда, дін - үлкен ғылым. Ол ілім түбі жеткізбейді. Оның мақсаты үлкен рухани дәрежеге жеткізетін жол деп есептеймін.

Дәстүрлі дінді ұстап, соның жолымен жүрген адам жаман болмайды. Егер біз құдайға сенсек, одан бөлек жүре алмаймыз. Ал, параллельді әлемге келсек, құдай тек бір ғаламды емес, басқа да қатар ғаламды жаратты. Кванттық физика соны, уақыттың, кеңістіктің шексіздігін дәлелдейді. Бекет Аталар Меккеге, Мединеге ұшып кетеді. Оның бәрі қиял емес деп ойлаймын. Егер ол қиял болса да, адамның миындағы бар дүние. Ол мүлде болмаса, адамның миына да келмес еді. Яғни, ойға келген зат дүниеде де бар.

- Ендеше мұсылмандық парызыңызды дер кезінде өтеп жүреді екенсіз ғой.

- Тырысамын. Бірақ, оған үнемі мүмкіндік бола бермейді. Көп парыз үйге барғанда жасалатын дүниелер. Бірақ, тазалық болу керек. Ал, құлшылық оның тек бір формасы шығар.

- 2011 жылдары сопылық жолды ұстанған Исматулла ӘБДУҒАПАРҒА қатысты қолдауға қол қойған адамдар арасында Сіздің де аты-жөніңіз бар екен. Мұны өзіңіз айтып отырған құлшылықтың бір формасы ретінде қолдауыңыз деп түсінуге бола ма?

- Мен Исматулланы дәстүрлі дінді таратушының бірі деп есептеймін. Ол кісінің істеген ісінен зиян көрген жоқпын. Керісінше, өмірде өзін жоғалтқан адамдарды кері қайтарған адам ретінде танимын. Наркомандарды рухани сауықтырудан өткізіп, қоғамның бір мүшесіне айналдырғанына көзіміз жетті. Одан мемлекетке не қоғамға төнген қандай қауіп бар? Сол себепті қолдау білдірдім. Өйткені, ол кісінің ұстанымында ата-баба ұстанымымен қайшылық жоқ. Оның бағасын уақыт берер.

«ӘКІМ БОЛМАСАМ МҰҒАЛІМ БОЛАР ЕДІМ»

- Сіз әкім болған уақыттан бергі есіңізде қалған қандай маңызды оқиғаны айта аласыз?

- Негізі барлық істі талдап, зерделей отырып жасағандықтан бәрі де есімде. Дегенмен, «Еуразиялық мәдени мұралар конференциясын» бөле атар едім. Расын айту керек, ол әлемге қазақ брендін танытуға көп септігін тигізді. Өте қатаң талаппен таңдалып алынатындықтан, сол таңдаудың Ақтауға түскені шынымен үлкен мәртебе еді.

Түріктер «қазақтың қазақтығын енді таныдық» деп кетті. Расымен де, бізде көрсететін жәдігер көп. Менің бізге барынша қолдау көрсеткен аудан әкімдеріне, құрылыс, мәдениет басқармаларына алғысым шексіз.

- Еділ Терекбайұлы, әкімдіктен қол үзіп қалсаңыз Сізге әсер етер ме еді? Әкім болмағанда кім болар едіңіз?

- Маған әкімдіктен кетудің еш әсері жоқ. Қызмет деген қолдың кірі. Бұған дейін де талай қызметтен кеттім өз еркіммен. Ал, әкім болмасам жұмыссыз қалам деп қиналмаймын. Мектепке барып сабақ берсем де жөнін табамын, аздаған бизнесім де бар.

Сөз соңында осы сұхбатты пайдаланып барлық қала тұрғындарын, қонақтарды Тәуелсіздік мерекесімен, Жаңа Жылмен құттықтаймын! Отбастарына аманшылық, елімізге тыныштық тілеймін.

-Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Сәния ТОЙКЕН.
Просмотров материала: 4 311

Поделиться материалом


18:04 8-11 жастағы ағайынды баланы 30 полицей қызметкері іздеген... 152 Просмотров

17:58 4-летняя девочка выпала из окна в Костанае... 155 Просмотров

17:43 Оралда ер адам 6 жасар қызды ұрламақ болған (ВИДЕО)... 643 Просмотров

17:42 Вице-министра здравоохранения арестовали на 2 месяца... 163 Просмотров

17:28 Мошенник из Актобе обманывал водителей такси с помощью... 172 Просмотров

17:26 Ішкі істер министрінің орынбасары ауысты... 157 Просмотров

17:13 Сарсенов Сакен назначен заместителем Министра внутренних... 213 Просмотров

17:12 УЕФА Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасының матчтарын... 169 Просмотров

17:03 Серийных взломщиков терминалов арестовали в Алматы... 156 Просмотров

17:00 Тасқала ауданы аумағында 22 ақбөкеннің өлексесі табылды -... 173 Просмотров

16:45 Елімізде тағы мыңнан астам қаржы пирамидасының құрбаны болды... 170 Просмотров

16:42 Мужчина пытался похитить 6-летнюю девочку в Уральске... 174 Просмотров

16:28 Астыртын сатылған спирттен 27 адам көз жұмды... 174 Просмотров

16:28 Живодер застрелил котенка на глазах у детей в Шымкенте... 195 Просмотров

16:16 2,4 миллиона казахстанцев подали заявления на 42 500 тенге... 164 Просмотров

16:15 Алматыда жүрген "кіреукейді" министрлік іздестіріп жатыр... 346 Просмотров

16:05 Отец и сын утонули в реке в Павлодаре... 128 Просмотров

16:00 Пневмониядан емес, коронавирус инфекциясынан сақтану керек... 123 Просмотров

15:52 Сотни горожан пришли на похороны мамы экс-начальника ДП,... 1 064 Просмотров

15:47 Алматыда қымбат көліктердің айнасын ұрлаумен айналысқан... 129 Просмотров

15:32 Более 500 иностранцев привлекли к ответственности в... 135 Просмотров

15:30 Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы... 1 176 Просмотров

15:20 Мошенник собирал деньги с жителей Атырау, обещая им вернуть... 134 Просмотров

15:16 «Жас отбасы» бағдарламасының талабын 3 жылдан 5 жылға дейін... 131 Просмотров

15:05 А.Цой отказался делать прогноз по коронавирусу на осень... 174 Просмотров

15:00 Қазақстанда 8,5 мың медицина қызметкері коронавирус... 139 Просмотров

14:44 "Ресеймен шекара қазаннан ерте ашылмайды". Ақпаратты әуе... 145 Просмотров

14:30 50 жастағы қостанайлық 432 келі есірткіні гаражында сақтап... 141 Просмотров

14:17 Үлкен Алматы өзенінде көлігін жуған жүргізушіге айыппұл... 141 Просмотров

14:04 «Статистика қолымда тұр». Алексей Цой жаңа деректерді қашан... 147 Просмотров

14:03 Водителя, заехавшего в речку Большая Алматинка, оштрафовали... 155 Просмотров

13:52 Минздрав не смог дать точный ответ о закупе 1,2 млн... 160 Просмотров

13:42 Более 8 тысяч медиков заболели коронавирусом в Казахстане... 191 Просмотров

13:30 Должны ли казахстанские дети с аутизмом носить маски... 160 Просмотров

13:23 В Минздраве ответили, почему случаи пневмонии до 1 августа... 171 Просмотров

13:05 К.Токаев выразил соболезнования семье Салтанат Рахимбековой... 152 Просмотров

13:01 Экология министрлігінің жедел желісіне қоқыстар бойынша 515... 153 Просмотров

12:50 Министр ответил на вопрос о занижении статистики летальных... 166 Просмотров

12:46 Статистиканың қосылуына байланысты карантин созыла ма – ДСМ... 153 Просмотров

12:40 А.Цой прокомментировал задержание вице-министра... 166 Просмотров





Опрос


«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31