24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?

14 ноябрь 2014, 18:09
"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз? [b]Бүгін Алматыда отандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері туралы дәстүрлі медиақұрылтай өтті. "Медиа саласындағы өзгерістер мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері" деген тақырыпта ұйымдастырылған бұл шара жоғарғы деңгейде өтті деуге болады. Себебі, отандық ақпарат кеңістіктің өзекті мәселелері мен жаңа тенденциялары талданып, «БАҚ-ты дамыту үшін не істеу керек?» деген сұраққа медиамамандар тарапынан орынды ұсыныстар айтылды.[/b]

Биылғы медиақұрылтай былтырғыдан өзгерек. Себебі, биыл жобаның тұрақты ұйымдастырушысы және авторы – Қазақстан Баспасөз клубы 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілді. Шараға 250-ге тарта медиамаман қатысты. Олардың арасында қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының, республикалық және өңірлік ТВ арналарының, баспа БАҚ-ның, ақпараттық агенттіктер мен порталдардың, салалық қауымдастықтардың журналистері, жарнамалық агенттіктердің, талдау және зерттеу құрылымдарының, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының және тағы да басқа ұйымдардың құрылтайшылары мен жетекшілері бар. Жиын барысында еліміздегі БАҚ саласынадағы жетекші мамандар мен қатысушы қонақтар өзара еркін сұхбаттасып, пікір таластырды. Тәжірибе бөлісті, шеберлік сыныптарын өткізді. Қатысушылар жаһандық және отандық саяси, қоғамдық және әлеуметтік үрдістер тұрғысынан еліміздегі БАҚ пен ақпараттық қауіпсіздікке талдау жасады.
Медиақұрылтай бірнеше кезеңге бөлініп өткізілді. Ең тартысты әрі қызық өткені бөлімдері: ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне арналған пікір-талас пен Қазнеттегі блоггингтың беталысы және интернет-телевизияның даму трендтеріне арналған секциялық жиындар.

"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?


















"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?



















"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?



















[b]Медиақұрылтай қонағы белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева
[/b]
Ақпараттық қауіпсіздік мәселесін тілге тиек еткен «Ақпараттық қауіпсіздік. Алға қойылған міндеттерге қалай жауап беру керек?» атты панельдік пікір-таласқа саясаттанушы Досым Сатпаев, «United media group» медиатобы директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, «31 арна» ТРК ЖШС бас директоры Бағдат Қожахметов, саясаткер журналист Әміржан Қосанов және Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин спикер ретінде қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі көтерілуі өте орынды. Өйткені, шетелдерден ағылып жатқан ақпарат ағынынан қалай қорғанамыз деген ой кім-кімді болса да ойландыратын еді. Құрылтайға қатысушыларда осы мәселені төтесінен қойды. Бүгінгі күні Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің әлсіз болуының бірден-бір себебі телеарналарда саяси-қоғамдық мәселелердің аз көтерілетіні, басымдықтың көңіл-көтерушілік бағытқа пен үнді және түрік сериалдарына берілетіні айтылды. Плюралистік көзқарастардың мүлде байқалмауы, саяси мәселелер мен насихатталып жатқан идеологияның жоқтығы тілге тиек етілді.

Ал, «Түркістан» газетінің журналисі Нәзия Жоямергенқызы: «Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз – ұлттық және мемлекеттік идеология, территориялық тұтастық пен ұлттық ;ауіпсіздік. Алайда, ақпараттық қауіпсіздіктің әлсіз болуы себебінен шекара маңындағы қазақтар сол жерде таратылатын шетелдік телеарналар арқылы басқа елдің идеологиясын сіңіруде. Оңтүстіктегілер Кәрімовті көрсе, солтүстіктегілері Кремльдің саясатын жақтайды» дей келе, «Осының алдын алу үшін, яғни ақпараттық қауіпсіздікті сақтау үшін мемлекет қандай шараларды атқаруы тиіс?» деген сұрақ қойды.

Бұл сұраққа тәуелсіз журналист Әміржан Қосанов: «Қазақтілді журналистер сапалы талдамалы жанрларға қалам сермеуге дайын.Бірақ, бізде бір нәрсе жоқ ‒ Сөз бостандығы! Кейде жалпыхалықтық мәселелерге, Еуразиялық одаққа, бензиннің қымбаттауына қатысты мәселелерді орыс басылымдары жариялайды, қазақтілділерде басылмайды. Бұдан шығатын қорытынды, БАҚ-ға мемлекет тарапынан ақша бөлудің қажеті жоқ, еркіндік берсін. Конституцияның шеңберінде көрсетілгендей, сөз бостандығы болса. Бізде қай әкімді қай жергілікті газет сынап жатыр? Қорқады немесе нұсқаудың шыға алмайды. Сондықтан, меніңше, ақпараттық қауіпсіздікті өзімізден, яғни журналистерден бастауымыз керек шығар», - деп жауап берді.

ҚСЗИ төрағасы Ерлан Қарин мырза: «Мемлекет үшін ақпарат қашан да идеологияның, саясаттың құралы болып қала береді. Және мемлекет тарапынан ақпараттық кеңістікті жетілдірудің қажеті жоқ. Бүгінгі біздің жиналуымыз басты себебі де осы ақпараттық қауіпсіздік қоғам болып шешуге арналып отыр. Біздің ақпараттық қауіпсіздікті қорғауға күшіміз жетіп жатыр ма? Қазақстан қоғамы сыртқы күштердің ақпараттық ықпалында кетіп қалған жоқ па? Әрине, мұндай қауіп бар, оны жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, біз мына нәрсені анық білуіміз керек. Қазақстандағы ақпараттық саясаттың бағыттарын біз өзіміз анықтай аламыз. Оған мысалдар да көп. Мәселен, билік қазақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәселелерге мән беріп, ескеріп отырады. Қазіргі кезде қазақтілді ақпаратқа сұраныс көбейді. Сұраныс көбейген сайын, пәрменділігі артып, билік те санаса бастайды.
Біз мына нәрсені естен шығармауымыз керек. Ресейдің ақпараттық соғысын, ықпалын көп айтып кеттік. Егер біз ақпараттық кеңістікке «соғыс» категориясынан қарайтын болсақ, онда біздің ақпараттық саясат күрт өзгеріп кетеді», -деп қадап айтты өз сөзінде.

Сонымен қатар, қазақтілді масс-медиаға тән кемшілік ‒ нарық жағдайына еркін бейімделе алмауы. Осының кесірен бірқатар БАҚ мемлекетке қол жайып отырғаны жасырын емес. Ал, бұл мемлекет тарапынан жасалатын дотацияға алып келеді. Сондықтан, БАҚ-тар қалайда нарық жағдайына бейімделу керек екенін айтып өтті, «United media group» медиатобы директорлар кеңесінің төрағасы Арманбек Байтасов.

"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?



















Ал, «Блоггинг: соңғы беталыстар мен нарықтың алдына қойылған міндеттер» деген келесі секциялық жиынға саясаттанушы Айдос Сарым, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының директор орынбасары Асқат Еркімбай, «Гонзо.кз» блог-платформасының бас редакторы Бақытжан Бұқарбай, Блогиада жеңімпазы Асқар Базарбай, Yvision блог-платформасының бас директоры Бекежан Кембаев қатысып, қызу пікір-талас өтті. Жиын модераторы Mega Management PR-департаменті директоры Әлішер Елікбаев қитұрқы сұрақтар қойып, пікірталастың көрігін қыздырды.
Әсіресе, «блоггер» деп кімді айтамыз, оларға қойылатын басты критерийлер қандай? деген көпшілікті мазалайтын сұрақтар қойылды.
"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?




















Бұл сұраққа саясаттанушы Айдос Сарым былайша жауап берді: «Мәселен, «Мой мирде» миллион адам болуы мүмкін. Бірақ, оның бәрі блоггер емес. «Инстаграм» желісінде миллиондаған фоллоуеры бар қолданушы болуы мүмкін. Бірақ, ол да блоггер емес. Бүгінгі күні біз журналистке қатысты белгілі бір анықтама айта аламыз. Яғни, журналист ‒белгілі бір мекемеде жұмыс істейтін, белгілі заңдық және моральдық кодексі бар маман. Сол секілді блоггердің де өзіндік анықтамасы болуы керек. Егер блоггерлікке қатысты мемлекет заң қабылдаса, қиянат болады деп ойлаймын. Оған ұйым құрып, т.б. әрекеттерге баруы менің ойымша, қажетсіз нәрсе. Сондықтан, блоггерлерге қатысты белгілі бер «ойын ережесінің» ғана болғаны дұрыс секілді. Менің түсінігімде, блоггер ‒белгілі бір тақырыптың маманы және сол тақырыпты терең қаузайтын, өзіндік аудиториясы бар, қоғамдық жайттарға сыни көзқарас айта алатын, өзі бір медианың рөлін атқарып жүрген әлеуметтік желі қолданушысын атауға болады», -деді.
"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?


















Белгілі блоггерлер де өзек болар бірнеше тұжырымдар ұсынды. Олардың бастыларына тоқтала кетейік. Танымал блогшы Асқат Еркімбай блоггер мен журналистің ара-жігін ажырататын анықтама айтқандай. Оның ойынша, «блоггерлердің екі категорияға бөлуге болады: журналист-блоггерлер және журналист емес блоггер». Блогтың байқаудың жеңімпазы Асқар Базарбай: «Қазнет аудиториясының талғамы көтеріліп келе жатыр. Бүгінде жалаң аудармалар мен қызықсыз материалдар оқылмайды» деген пікірді алға тартса, «Гонзо.кз» блог-тұғырының бас редакторы Бақытжан Бұқарбай: «Орыс тілді аудиторияны қазақ басылымдарындағы мәселелер қызықтырады. Сондықтан, екі дискурстың арасына үйлесім керек»,- деп кесіп айтты. Осы және өзге де қызықты пікірлер айтылып, Қазнеттегі блогосфераның дамыту мәселесі жан-жақты талқыланды.
"Медиақұрылтай'14" миссиясы: Отандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?




















Сондай-ақ, Конференция шеңберінде Қазақстан Журналистика Академиясының журналистерге арналған «Алтын Жұлдыз» және «Алтын Самұрық» жоғарғы жалпы ұлттық сыйлықтары табысталды. Қызу пікірталас пен әсерте толы өткен іс-шара Қазақстан Баспасөз клубының 20 жылдығына арналған «Вспомнить все» арнайы ток-шоуымен аяқталды.

[b]Түйіндей айтқанда, бүгінгі жиын қазақстандық журналистерге бірліктің ауадай керек екенін дәлелдеген секілді. Себебі, жабыла көтерген жүк жеңіл. Жан-жақтан жиналған, бірақ қазақстандық медианың қазанда қайнаған журналистер "отандық БАҚ-ты қалай дамыта аламыз?" деген сұраққа шарқ ұрып жауап іздеді. Ұсыныстарын айтты. Бұл жақсы нышан болса керек.

Қазіргі таңда журналистика көз ілестірмес жылдамдықтпен дамып келеді. Сондықтан осындай көлемді жиындардың өтуі уақыт талабынан туындап отыр. Конференция өзегі болған ақпараттық қауіпсіздік мәселесі ‒ еліміздегі ең түйткілді проблемалардың бірі екені рас. Ендеше, медиақұрылтайдың миссиясы орындалды деуге болады. Өйткені, «Қазіргі ақпарат ағыны толассыз жүріп жатқан кезеңде қазақстандық ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз, дамытамыз?» деген сұрақ әр қатысушыға ой салғаны анық.
[/b]

Жания Әбдібек, МАТРИЦА.kz
Просмотров материала: 2 344

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 009 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 832 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 803 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 742 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 722 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 233 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 260 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 717 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 845 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 963 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 493 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 643 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930