29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан – қатерлi қалдықтар қоймасы ма?

12 ноябрь 2016, 9:48
Қазақстан – қатерлi қалдықтар қоймасы ма? ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКI БIЗДIҢ ХАЛҚЫМЫЗҒА ҚАЖЕТ ЕМЕС

Таяуда Мәжiлiстiң халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң кеңейтiлген отырысында Үлбi металлургиялық зауытының (ҮМЗ) қоймасында МАГАТЭ-нiң (Атом қуаты жөнiндегi халықаралық агенттiк) 90 тонна шала байытылған ураны сақталатыны және шала байытылған уран банкiнiң құрылысы жөнiнде әңгiме болды. Осы отырыста шала байытыл­ған уран банкiнiң құрылысы келер 2017 жылы күзде аяқталатыны айқындалды.


МАГАТЭ-НIҢ “КӨЗI” ҮЛБIГЕ ТҮСТI

Бiздiң қоғамда ядролық отын банкi туралы сөз оқтын-оқтын қозғалып тұратыны белгiлi. Әу баста (2000-2002 жж.) осындай банк туралы алғаш естiгенiмiз­де, кейбiр ғалымдар мен экологтар бұған қарсы шыққаны есiмiзде қалды. Сол жылдары ядролық отын банкiн ашуға мүдделiлер (Қазатомөнеркәсiп) “мұндай банктiң қоршаған ортаға, экологияға залал тудырмайтынын айтып, қоғамды иландырды”. Бұдан кейiн қоғамда бұл жөнiнде әңгiме саябырсыған едi. Ұмытпасақ, 2008 жылы ядролық отын банкiн құрушы оператор ретiнде бiрнеше мемлекет, оның iшiнде АҚШ, Ресей, Германия елдерi тiлек бiлдiрген. Қазақстан өз кандидатурасын 2010 жылы ұсынған болатын. Сол кезде МАГАТЭ бiздiң ел аумағындағы екi нысанның бiрiн таңдау мүмкiндiгiне ие болды: бiрi ҮМЗ және екiншiсi – Семей полигонының №5 алаңы едi. МАГАТЭ-нiң “көзi” ҮМЗ-ге түстi.

Осы кезде қоғамда ядролық отын банкiн ашуға қарсылық күшейдi. “Жас Алаш” басылымы да “Бiздiң халық Семей полигонының азабын бiр кiсiдей тартты. Ендi ядролық отын банкiн ашып, ел мен жердi тағы уландырмақшы. Мұндай банктiң мемлекетке, бюджетке көк тиын пайдасы болмаса, оны ашудың қажетi не? Қоршаған ортаны қолдан күйретуге жол бермеймiз! Бұл мәселе бойынша жалпыхалықтық референдум өткiзу керек” – деген наразылық танытып, қол жиғанын да көпшiлiк ұмыта қойған жоқ. Әйтсе де, қоғамның наразылығына қарамастан үкiмет 2015 жылдың 27 сәуiрiнде елiмiзде МАГАТЭ-нiң кем байытылған уран банкiн “Үлбi металлургиялық зауыты” АҚ-да орналас­тыру туралы келiсiмге қол қоюды мақұлдаған болатын. Былтыр 27 тамызда келiсiмге Қазақстан тарабынан Ерлан Ыдырсов пен МАГАТЭ-нiң бас директоры Юкия Амано қол қойған едi.
Сонымен, Ядролық отын банкi де­генiмiз не?
Бұл – Атом қуаты жөнiндегi халық­аралық агенттiктiң (МАГАТЭ) қолдауымен атқарылатын халықаралық жоба. Жобаның басты мақсаты – әлемдiк атом энергетикасын дамытуды қолдау және ядролық қаруды таратпау тәртiбiн нығайту.

“БҰЛ – КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЕМЕС”

Сол кезде МАГАТЭ-мен арадағы келiсiмнiң шарттары қарапайым екенiн айтқан Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң атом энергетикасы комитетiнiң төрағасы Тимур Жантикин: – Банкте сақталатын материал МАГАТЭ-нiң меншiгi болады. Бiздiң ел материалды сақтауға арналған орынмен және тиiстi инфрақұрылыммен ғана қамтамасыз етедi. Бiз материалдың қожайыны емеспiз. Келiсiм осы шарттар негiзiнде әзiрленiп жатыр, – деген едi. Тимур Жантикин Халықаралық ядро­лық отын банкiн құруды МАГАТЭ-ге АҚШ ұсынғанын айтқан болатын. Ол “Азаттық” радиосына берген сұқбатында жобадан экономикалық пайда жоқ екенiн мәлiмдеген-тiн. “Бұл –коммерциялық жоба емес. Жоба Қазақстанның ядролық қаруды таратпау тәртiбiн нығайтуға қосқан үлесiмен пара-пар. Бұл қадам ядролық қаруды таратпау жөнiндегi Қазақстан ұстанымының дәлелi болмақ”, – дейдi ол.
“Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының сол кездегi төрағасы Владимир Школьник ядролық отын банкi жобасынан экологияға залал жоқ екенiн айтқан. Ол БАҚ-қа таратылған хабарламада: “Бұл жобаның қоршаған ортаға ешбiр залалы тимейдi. Бұл – қалдықтарды сақтау қоймасы емес, сақталатын материал радиоактивтi емес. Оның радиоактивтiк деңгейi Ақтау мен Степногор арасында жатқан бiздiң кез келген уран өндiретiн шеткерi аймақтармен деңгейлес”, – деп мәлiмдеме жасағаны бар.

Ұлттық ядролық орталығы мамандарының пайымынша, ядролық қалдықтарды сақтау қоймасы мен ядролық отын банкi дегенiмiз – екеуi екi бөлек дүние. Олар түрлi материалмен жұмыс iстейдi. Мамандар “банкте су жаңа”, яғни сәулеленбеген ядролық отынды сақтау көзделген. Ал оның қауiптiлiк деңгейi бiздiң елiмiзде көп мөлшерде өндiрiлiп жатқан уранның қаупiнен жоғары емес”, –деген уәж келтiредi. Ядро­лық отын банкi атом электр стансаларын (АЭС) құруға арналған отын өндiру мақсатында кем байытылған уранның кепiл­дендiрiлген аз қорын сақтау үшiн ашылмақ. Уран байыту технологиясы жоқ елдер өндiрiске қажет көлемде ядролық отынды алу үшiн банк операторына өтiнiш бередi. Ядролық қаруды таратпау тәртiбiне зиян келтiрместен, өзiнiң атом энергетикасын дамытуға мүмкiндiк алатын елдердiң қатары көбейедi деп болжануда. Ядролық отын банкiнде уран гексафторидi түрiндегi 30-дан 70 тоннаға дейiн материал сақталады деп жоспарланған.

ЖАСЫЛДАР ЖӘНЕ “10 ЖЫЛҒА ЖЕТЕТIН ЖАРНА”

Кейбiр қоғам қайраткерлерi мен мамандар елiмiзден ядролық отын банкiн ашуды билiктiң көпшiлiк пiкiрiн ескерместен қабылдағанына наразы. Экологтар “Ел билiгi бұл жоба арқылы халықаралық ұпай жинауды ғана көздеп отыр. Олар банк атын жамылып, Қазақстан аумағында радиоактивтi қалдықтардың қоймасын ашпақ”, – деген күдiк те айтады. “Табиғат” экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусiзов кезiнде “Ядролық отын банкi дегенiмiз өңделген ядролық отын қалдығын сақтау үшiн ойлап табылған бүркеме болып шықпасын”, – деген күмәндi ойын айтқан едi. “Бұл мәселенiң анық-қанығы әлi күнге дейiн белгiсiз. Қайдан не әкелiнетiнi, бұған қандай елдердiң қатысатыны туралы мәселелер анық емес. Сансыз сұрақтың жауабы жоқ”, – деген эколог БАҚ-қа берген түсiнiктемесiнде. Бiздiң ел ядролық отын банкiн құру операторлығына ұсыныс бiлдiрген 2010 жылы “Руханият” жасылдар партиясы осы мәселенi жан-жақты қамтып, партия мүшелерiн толғандырған сауалдардың тiзiмiн жасап, бiздiң билiкке және МАГАТЭ басшылығына үндеу жолдағаны да есiмiзде. Сол үндеуде “Елiмiз үшiн бұл жобаның қандай экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк пайдасы бар, радиоактивтi қалдықтар ел аумағына бақылаусыз мөлшерде әкелiнiп жүрмей ме, Қазақстан ықтимал ядролық лаңкестiк қатерден өзiн қорғауға да­йын ба?” – деген мәселе болған. Ал кейбiр эколог-мамандар мұндай жобалар бойынша қабылданатын шешiмдер жария түрде, қоғамның толық қатысуымен, қоғамдық және парламенттiк тыңдаулар, мүмкiн болса жалпыхалықтық референдум өткiзу арқылы қабылдануы тиiс деп есептейдi. Өкiнiшке қарай, бiздiң билiк ел мен жер тағдыры таразыға түсетiн сын сағатында көпшiлiктiң пiкiрiмен санаспай, шешiм шығара бередi. Бұған қалың қауымның етi үйренiп кеткенi соншалықты, тiптi “неге бұлай?” деп сұрамайды да. Осыдан бес-алты жыл бұрын көтерiлген өзектi мәселе әлi күнге дейiн басы ашық кү­йiнде қалған. Билiк “халықаралық бе­делiмiз нығаяды” деп марқайса, Үлбi зауытының басшылығы “бұл салада бiздiң бай тәжiрибемiз бар, қиындықтан қашпаймыз” деп нығыздап қояды. Ал жалпы қауiпсiздiк, қоршаған ортаға төнетiн залал жөнiнде олар жақ ашпайды.

ТҮЙIН:

Осы күнi Энергетика министрлiгiне қарайтын атом және энергетикалық бақылау комитетi басшысының орынбасары Тимур Жантикин ядролық отын банкi еркiн жарна арқылы жұмыс iстейтiнiн, МАГАТЭ бюджетiне ауыртпашылық түспейтiнiн айтты. Қазiр жарна көлемi 150 млн доллар екен. Бұл Жантикиннiң пайымынша, “банктi ашып оны құрығанда 10 жыл ұстап тұруға жетедi”.

Айтпақшы, банктi өзiмiздiң сақшылар қорғайды. Оған шетелдiктер қатыстырылмайды. “Халықаралық бедел” жиямыз деп желпiнiп жүргенде, ядролық отын банкi опық жегiзбесiне кiм кепiлдiк бередi? Президент пе, үкiмет басшысы ма? Жантикиндердiң жайына қалары сөзсiз, егер бiр жағдай болса. Ядролық қарусыздану саясатын iске асыруға үлес қосамыз, Нобель сыйлығын қанжығаға басамыз деп жүргенде, тәттi қиялды лаңкестер быт-шыт етсе, қайтесiң. Ядролық орталықтар небiр сойқандардың көзi түсетiн, қатерлi жоспар құратын нысаны. Әскерi әлсiз, шенеунiгi жемқор, сатқын елде мұндай банктi ашу – сау басқа сақина тiлеумен тең нәрсе.

Ақпарат көзі: Жас Алаш
Просмотров материала: 1 570

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 513 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 352 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 340 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 278 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 233 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 619 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 276 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 428 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031