29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Достар арасындағы кикілжің – достықты қалай сақтауға болады?

16 март 2021, 18:02
Достар арасындағы кикілжің – достықты қалай сақтауға  болады?
Бізге адамдар арасындағы достық бұзылмайтындай, ал құрбылармен араласу тек қуаныш сыйлайтындай көрінеді. Алайда, ұзаққа созылған қарым-қатынас кезінде кикілжіңдердің де орын алуы заңды. Досымызды жоғалтпай, ұрыс-керісті қалай шешуге болады?

Өкінішке қарай, комедиялық сериалдардың кейіпкері секілді достармен арадағы сөзталасты астарлы қалжың, ойлы ақылмен шешіп, 30 минуттық серия соңында бәрінің қайта достасып кетуі сияқты жайттарды өмірде қайталау оңай емес. Шынайы өмірдегі достар арасында мәселені үнемі дәл осылай шешіп тастаудың реті келе бермейді. Өйткені, шынайы өмірде біздің пікіріміз бен көзқарастарымыз және қабылдайтын шешімдеріміз әлдеқайда өзгеше. Бұл өз кезегінде адаммен ұзақ уақыт дос болған кезде кикілжің мен түсініспеушіктің орын алуы қалыпты екенін көрсетеді.

Күн сайын артатын қысым шегінде жеткенде біз қандай қадам жасарымызды білмей, байбалам саламыз: мәселе өздігінен шешіледі деген үмітпен оған мән бермеген дұрыс па, әлде, бәрін талқыла салған жөн бе? Мүмкін, әлі де не боларын күтіп, сырттан бақылай тұрған дұрыс шығар?

Досымызды кері итеру арқылы біз көп жағдайда эмоционалды жақындықты құрбандыққа шалып, уақыт өте келе достығымызды жоғалту қаупіне ұшыраймыз. Ұрыс-керістен бойын аулақ ұстағысы келетіндер кикілжіңнен соң достарынан саналы түрде алшақ жүргенді дұрыс көреді. Біріншіден, бұл ойлы шешім болып көрінуі мүмкін, себебі, ара қашықтық ұстау арқылы екеуара әңмігені шешу кезіндегі күйзелістен және артық сөздерден құтыласыз. Алайда, досымызды кеудесінен қағу арқылы біз көбіне эмоционалды жақындықты жойып, достыққа түбегейлі нүкте қоюымыз мүмкін. Ал өкпе-ренішті ішке жинап, үнемі мазасызданып жүрудің денсаулыққа зияны шаш етектен екені тағы бар.

Қуанышқа қарай, достарды жоғалтпай-ақ, ұрыс-керісті шешудің жолдары бар. Солардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Оңтайлы сәті түскен бойда болған жағдайды талқылаңыз


Эмоция күш алатын кикілжіңнің ең басында аздаған үзіліс алып, досыңызбен ара-қатынасты тоқтата тұрғаныңыз жөн. Дәл сол сәтте сіздің де, досыңыздың да бір-біріңізді тыңдап, бір-біріңіздің пікіріңізді тыңдауларыңыз неғайбыл. Алайда, бұл үзілісті тым ұзаққа созудың қажеті жоқ. Кикілжіңнен бір күн өткен соң досыңызға телефон шалып немесе смс хабарлама жазып, болған жағдайға өкінетініңізді жеткізсеңіз болады. «Болған жағдай үшін өкініп жүрмін, бәрін дұрыстағым келеді», «Мен үшін біздің достығымыз қымбат», «Барлығын тезірек ұмытайықшы» деген сыңайда хабарлама жазуға болады.

2. Барлық мәселені бірден талқылап, шешу міндетті емес

Кейде бізге достық қарым-қатынасымыздың болашағы өте ауыр және өте байыпты жағдайда өтетін бір әңгімеге тіреліп тұрғандай көрінеді. Бірақ достықтың уақыт өте келе қалыптасатыны секілді, мәселенің толық шешімі де уақытты талап етеді. Кей жағдайда мәселені қысқаша ғана талқылап, дұрыс шешім қабылдау үшін ойланатын уақыт алғаныңыз дұрыс. Ал бұл әңгімеге кейін ораласыз. Мәселені біртіндеп шешу қалыпты нәрсе екенін ұмытпаңыз.

Достар арасындағы кикілжің – достықты қалай сақтауға  болады?

3. Досыңыздың күйзелісіне түсіністік танытыңыз

Достарымыздың көзқарасы мен шешімдеріне келіспеген жағдайда да, олардың сезімдері мен күйзелісін түсінуге тырысқан жөн. Әңгімелесу барысында олардың дене тілін бақылап, дауыс ырғағы мен ишараларына назар аудара аламыз. Досыңыздың кез келген ашуын, ауыртпалығы мен ыңғайсыздығын елеп-ескергеніңіз дұрыс («Сенің ренжулі екеніңді түсінемін, осы жағдайдың саған ауыр тигені мен үшін өте өкінішті»).

4. Тыңдай біліңіз

Досыңыз айтқысы келген дүниелерді толық тыңдап шығыңыз. Әңгімелесу барысында оны тоқтатпаңыз, сөзін бөлмеңіз. Егер оның сөздері сізге жақпаса да, досыңыз айтқысы келетін нәрсені толық түсінбейінше эмоцияңызға ерік бермегеніңіз дұрыс. Егер түсінбеген жеріңіз болса, қайталап сұраңыз. Өзіңізді жақсы сезіну үшін бұл әңгімеден соң досыңыздың не қалайтынын және оған не қажеттігін түсінуге тырысыңыз.

5. Анық әрі қысқа сөйлеңіз

Досыңыздың не айтқысы келгенін оның сөзін бөлмей тыңдап шыққан соң, өз ойыңызды, көкейіңіздегі пікірлерді айтатын кезек сізге келеді. Осы орайда, өз ойыңызды нақты әрі ашық айтқан дұрыс. Бірақ досыңыздың көңіліне қатты тиетіндей болмасын. Өзіңіздің сезімдеріңіз бен қиналғаныңыз туралы айтыңыз, бірақ кіналай жөнелудің қажеті жоқ. «Сен үнемі осылай істейсің», «Сен ешқашан осылай істемейің» деген сөз тіркестерін қолданбаған дұрыс. Өйткені, мұндай тіркестер мәселені одан әрі қиындатып, дау-дамайдың оң шешілуіне кері әсерін тигізеді.

6. Басқа көзқарасты қабылдауға тырысыңыз

Біздостарымыздың пікірімен үнемі келісе бермейміз, алайда, олардың пікірі сіздікінен өзгеше болуы мүмкін екендігін мойындауымыз керек. Біз достарымыздың көзқарасына сыйластық танытып, олардың ұдайы бізбен пікірлес бола бермейтіне үйренген жөн. Егер сіз досыңыз айтқан дүниелердің бәрімен келіспесеңіз де, оның кейбір сөздерін қолдауға дайын болуыңыз мүмкін.

Сөз соңында досыңызбен арадағы кикілжіңнен соң ара-қатынастарыңыз толығымен қалпына келу үшін біраз уақыт алған дұрыс екенін ескерткіміз келеді. Осы кезеңде өзіңіз қалайтын сүйікті ісіңізбен шұғылданыңыз. Достық қатынастағы жағымды эмоциялар уақыт өте келе арадағы салқындықты жібітеді.
Просмотров материала: 1 780

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 610 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 448 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 435 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 372 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 328 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 636 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 447 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031