26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Найманбай атындағы орта мектебі » кмм 1-11 класс оқушыларының ата-аналарымен жүргізілген жұмыстар бойынша мектеп психологының ХАБАРЛАМАСЫ

28 ноябрь 2017, 15:25
Тақырыбы: «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»

/ Баяндама /

Мақсаты: Қазіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу. Халықтың арасында құқықты түсіндіру.

Міндеті: Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.

I.Кіріспе сөз.

Отбасы - шағын мемлекет десек бұл оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңесе керек. Өкінішке қарай түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердәң көбі ажырасуға мәжбүр болады.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар. Заң тұрғысында да бірқатар өзерістер енгізілген. Мәселен, әйелге қол жұмсағандығын растайтын құжаттар болса, әкімшілік жазаға тартумен қатар, 15 күндік абақтыға жабу да қаралған. 10-15 тәулік қамауда отырып шыққан адам үйіне оралады. Ашынған отағасы әйелге қол көтеруін бұдан кейін еселей түсуі де мүмкін.

"Әйелдерді қорғау" орталығына қолдау іздеп келген әйелдердің де саны көбейе түскен. Балалар да үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі.

Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Бұл отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар жаннан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Дөрекілік, балаға күш көрсету, балалардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықтың дамуын тудырады және қылмысты тудырады.Ол өз-өзіне қол жұмсауға келеді немесе бала тағдырын бұзады.

ІІ. Негізгі бөлімі


1. Өмір мен денсаулық - адамның ең қымбат байлығы.
2. Балалардың денсаулығы –еліміздің болашағы. (пікірлесу)

III. Жаднама бойынша жұмыс.(Сұрақ) – Бұл жаднама кімдерге арналған деп ойлайсыз?

1. Кім? Жасөспірімдер мен балаларға қарсы әр түрлі маньяктар мен айуандық қылмыстардың алдын-алуды өзінің маңызды азаматтық борышы санаса.
2.Зорлықшылдар мен кісі өлтірушілердің әрекетіне немқұрайлы қарай алмаса.
3. Өз баласының зорлық-зомбылықтың, қылмыстың құрбаны болғанын тілемейтін.
4. Өзінің шағын ауданында және көшелерде тәртіп пен тыныштық орнағанын тілейтін

IV.Неге көбінесе балалар қылмыстың құрбаны болады? (Ата-аналарға сауал тастау, жауаптарын тыңдап болған соң дұрыс жауабымен салыстыру)

- Өйткені балалар аңқау және бейқам! Ал қылмыскер кез-келген баланың тілін таба біледі. Сондықтан, сіздің балаңыз, бір қадам жасар алдында өз әрекеттерін жақсылап ойланып алуы қажет. Зорлықтан құтылуға болады. Бұл үшін дұрыс шешім қабылдау қажет. Егер олар қасындағы адамнан кішкене де болса күдіктенсе, бірдеңеден қауіптенсе, онда ең дұрысы одан аулақ кету керек.

V. Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз берілмей-ақ қозғалады.

Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.
VI. Ата-аналарға кеңес!

1. Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме!

2. Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз.

3. Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.

4. Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет.

5. Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.
6. Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені дұрыс.

VII. Жағдаяттарды шешу.

1. Мұрат сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарын қоқысқа лақтырып тастады. Мұраттың қандай құқығы бұзылды? (дүние-мүлікке)

2. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді. Асқардың қандай құқығы бұзылды (білім алу)

3. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды «екіліксің» деп келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды? (ата-тек атауын алуға)

4. -Балам, екі шелек су әкеліп бер.

- Апа, заңды бүгін өттік, балаға күш көрсетіп жұмсауға болмайды, сондықтан су әкелгім келмейді, оған менің құқым бар. (жекебас бостандығына)

Қорытынды:
Ата-аналарға мектеп психологы тарапынан толық психологиялық жұмыстар жүргізілді.Әр ата-ана өздеріне қажетті бір сабақ,мағлұматтар алды деп ойлаймын. Психологиялық кеңестер берілді.

Қымбатты ата-аналар! Біз Мұқағали Мақатаевты ақын деп қана білеміз. Бүгінгі жиналысымызды сол ақиық ақынның балаларға арнаған мына сөзімен аяқтағым келіп тұр.

Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда , сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! -дей келе сіздерге балаларыңызды жақсы көріңіздер,сіздердің ең құнды дүниелеріңіз ол -сіздердің балаларыңыз екенін ешқашан ұмытпасаңыздар дегім келеді.

Мектеп психологы Ляззат Асанқызы.
Просмотров материала: 1 628

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 319 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 140 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 111 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 053 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 038 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 077 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 596 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 743 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930