20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Регион - Кызылординская область

Кызылординская область (Кзыл-Ординская область) (каз. Қызылорда облысы) — область в составе Казахстана. Образована 15 января 1938 года. Расположена в южной части республики. Административный центр — город Кызылорда.

Область образована в 1938 году из части Южно-Казахстанской области. 17 июня 1997 года Указом Президента Казахстанатранскрипция названия области на русском языке изменена с Кзыл-Ординская на Кызылординская.

Кызылординская область награждена орденом Ленина (21 августа 1967).

Все материалы региона Материалы других регионов

Қызылорда облысында малшылар слеті өтті

11-12 мамыр күндері Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында IV облыстық малшылар слеті өтті.



Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшы қызметкерлері, еліміздің белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.



Слет аясында жергілікті тауар өндірушілер өнімдері, ветеринарлық техника мен құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша семинар өтті.

Слетке қатысушылар ауданда орналасқан «Орда Агротехнология» және «Бекарыс Агрофуд» репродукциялық шаруашылықтардың жұмысымен танысты. Шаруашылықтар «Байқоңыр» ӘКК бірлесіп, ет бағытындағы 150 бас «Санта Гертруда» тұқымды және 300 бас қалмақ тұқымды ірі қара мал сатып алып, селекциялық жұмыс жүргізіп жатыр.

Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мал шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі болып табылатынын және осы күнге дейін республикамызда жетекші сала екендігін атап өтті.

«Бүгінгі күні ата кәсібіміз – мал шаруашылығының ел экономикасындағы салмағы азайғанымен, оның тұрмыстық-шаруашылық, тарихи-мәдени мән-мағынасы кеміген жоқ. Әсіресе, әлемде жылдан жылға халық санының өсуінен сапалы азық-түлік өндіру ғаламдық деңгейдегі өзекті мәселеге айналып отыр. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемдегі ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілер бола аламыз». Сондықтан, көп жыл ұмыт болып, бүгінде дәстүрге айналған малшылар слетінің негізгі мақсаты да - төрт түліктің жаңа замандағы алар орны жайлы ой салу. Осы кәсіпті кеңейтіп, оны дамытудың жолдары туралы пікір алмасу.

Ықылым заманнан келе жатқан ата-бабаларымыздың «малым-жанымның, жаным-арымның садағасы!» деген қағидасын жаңа ХХІ ғасырда да үлкен ниетпен, үлкен үмітпен қайталаймыз!», - деді аймақ басшысы.

Айта кету қажет, облыс тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі «Агрокартасын» қабылданды. Жоспарға сай 2022 жылға дейін облыста ет өндірісін 13 мың тоннаға, сүт өндірісін 68 мың тоннаға ұлғайту және 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 есеге дейін арттыру тиіс.

«Облыстың географиялық жағынан тиімді орналасуы Қытай, Орталық Азия, Ресей, Еуропа мемлекеттеріне өнімдерімізді экспорттауға өте қолайлы. «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы Иран және Парсы шығанағындағы елдермен сауда-саттық жасаудың жолын ашып отыр. Ал, буферлік аймақтан шығуымыз, өткен жылдың өзінде Иран, Монғолия, Біріккен Араб Әмірлігіне 2,3 мың бас тірілей қозы етке өткізу мақсатында экспорттауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті өңір басшысы.



Қазір Иран, Қытай, Монғолия, Еуропа, Ресей елдері Қазақстанда өндірілетін табиғи өнімдерге үлкен қызығушылық танытып, агросекторға инвестиция салуға, өндірілген ауылшаруашылық өнімдерді сатып алуға дайын екендігін білдіруде.

Айта кету қажет, соңғы 5 жылдың өзінде салаға тартылған инвестиция 23 есеге ұлғайды. Өткен жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы облыстық бюджеттен мал шаруашылығын дамытуға 1 млрд. теңге қаржы бөлінсе, биыл 1,3 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Облыста мал басы, өткен ғасырдағы ең көп болған уақыты - 1993 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 29,6%, жылқы – 50,4%, түйе саны – 52,5%-ға көбейіп отыр. Оның ішінде, соңғы 5 жылда ұйымдастырылған шаруашылықтарда ет өңдіру 2,7 есеге көбейсе, сүт өндірудің көлемі 1,6 есеге артып отыр.

Облыста «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының аясында мал басы көбейіп, тұқым түрлендіру жұмыстары атқарылуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын репродукторлық шаруашылықтар құрылды. Тек соңғы 5 жылда 4,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара, 36 мың бас қой сатып алынды, жылына 23 мың бас мүйізді ірі қара малын бордақылайтын алаң құрылыстары салынды.

Сондай-ақ, облыс әкімі мал шаруашылығын дамытуда шешімін күткен мәселелер (жем-шөп қорының жеткіліксіздігі, мал басының жеке сектордағы үлесінің басым болуы, жергілікті мал өнімділігінің төменділігі) де жеткілікті екенін атап өтті және оларды шешу мақсатында жайылымдық жерді барынша тиімді пайдаланып, ет, сүт, жүн, теріні терең өңдейтін жаңа технологияларды енгізу және жеке секторда отбасылық шағын тауарлы өндірістерді ұйымдастыру мен оларды ауыл шаруашылығы кооперативіне біріктіру жөнінде ұсыныс айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, ол бір жағынан, ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, екінші жағынан, ауылдық жерлерде жұмыссыз жүрген халықты тұрақты жұмыспен қамтуға тиімді мүмкіндік береді.

Жыл сайын облыстық малшылар слетіне басқа өңірлерден қатысушылардың саны артып келе жатқанын ескере отырып, Қ.Көшербаев келесі жылы малшылар слетін республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.



Дәстүр бойынша аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлері ҚР АШМ медальдары мен құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев пен Республикалық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіп одағының төрағасы Әбубәкір Сүлейменов үздіктерді марапаттап, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Одан бөлек, 30 озат малшыға бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында гала-концерт пен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Просмотров материала: 1 092

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 791 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 614 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 583 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 518 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 500 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 772 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 322 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 473 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930