6 июля 2020 г.

Мы в соц сетях:



Регион - Кызылординская область

Кызылординская область (Кзыл-Ординская область) (каз. Қызылорда облысы) — область в составе Казахстана. Образована 15 января 1938 года. Расположена в южной части республики. Административный центр — город Кызылорда.

Область образована в 1938 году из части Южно-Казахстанской области. 17 июня 1997 года Указом Президента Казахстанатранскрипция названия области на русском языке изменена с Кзыл-Ординская на Кызылординская.

Кызылординская область награждена орденом Ленина (21 августа 1967).

Все материалы региона Материалы других регионов

"Сибу - Қызылорда" инженерлік-бұрғылау компаниясы" ЖШС төңірегіндегі мәселе шешіліп жатыр

Бұл туралы қытайлық "Сибу- Қызылорда" ИБК ЖШС бас директоры Ван Дося, ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тұмар Шалбаева хабарлады.

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Н.Анарбаев «Қазіргі кезде Ә.Егембергеноваға («Сибу–Қызылорда» ИБК ЖШС еңбек ресурстары департаментінің директоры) қатысты ҚР ҚК 190 бабы, 2 бөлігі, 3 тармағы "алаяқтық" дерегі бойынша тергеу амалдары жалғасуда» деп мәлімдеді. "Тергеу барысында біз «беттестіру» әдісімен екі тараптың уәжін тыңдап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деп атап өтті Нұрлан Анарбаев.

Аталмыш іс "Сибу-Қызылорда" инженерлік-бұрғылау компаниясы» ЖШС жұмысшыларының арызы негізінде қозғалды.
Компанияның бас директоры Ван Дося А.Егембергенова 2018 жылдың 8 қаңтарынан бастап қызметтен шеттетілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жұмыс көлемінің азаюына қарамастан қызметкерлер қысқартылмаған. 2015 жылы компания 11 бұрғылау қондырғысына қызмет көрсетсе, қазір 3 қана қондырғы жұмыс істеп тұр.

"Осыған қарамастан, біз, әкімдік, жұмыс беруші және жұмысшылардың өкілдері арасындағы үшжақты меморандумға сәйкес жұмыс орындарын сақтап қалдық", - деп атап өтті Ван Дося. Сонымен қатар, компания директорының айтуынша, арызданушылардың ешқайсысына қудалау жасалған жоқ. Өндірісте істейтін жұмысшылардың еңбек шарттары мен тамақпен қамтылуына қатысты кемсітушілік жоқ» деп мәлімдеді.

"Сибу - Қызылорда" инженерлік-бұрғылау компаниясы" ЖШС төңірегіндегі мәселе шешіліп жатыр

Мұны "Сибу-Қызылорда" инженерелік-бұрғылау компаниясы" ЖШС қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз етіп отырған мердігер "Алтай Торгсервис" компаниясының өкілі Берікбол Жеткерген де нақтылады. "Айырмашылық тек ас мәзірінде ғана бар. Қытайлық жұмысшылар қытай асханасын, біздің азаматтар ұлттық тағамдарды қалайды. Дегенмен, адам басына бөлінетін қаржы сомасы бірдей. Қайталап айтамын, қаражат сомасы бірдей» ,- деді ол.

Ван Досяның айтуынша, жұмыс ауқымының азаюына қарамастан компания жыл басында еңбеккерлерінің жалақысын орташа есеппен 10 пайызға көбейткен. Сонымен қатар, қаңтар айынан бастап барлық жұмысшыны қамту мақсатында вахталық жұмыстарға баратын азаматтардың кестесі бекітілді.

Атап өту керек, жұмысшыларды еңбекке тартудағы бұл кемшілік бұған дейін облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы тарапынан анықталды.

"Бізге "Сибу-Қызылорда" компаниясының 46 жұмысшысынан Әлия Егемербенованың заңсыз әрекеттеріне қатысты шағым түскен болатын. Арыз бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, вахталық жұмысқа баратын жұмысшылардың жұмыс кестесінің жоқтығы, сондай-ақ жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін төлемақының уақытынан кеш берілетіні анықталды", - деп атап өтті облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тұмар Шалбаева.

Сонымен бірге, заң талаптарына сәйкес бизнес субъектілерін тексеру нақты фактілер көрсетілген арыздар бойынша жүретінін айтты."Біз "Сибу-Қызылорда" компаниясы қызметкерлерімен бірнеше мәрте кездестік. Оларда біздің байланыс нөмірлеріміз бар. Кез-келген өтініш-шағым бойынша дер кезінде әсер етуге әзір екенімізді ескерткенбіз", - деді Тұмар Шалбаева.

Ван Досяның айтуынша, алдағы айда компания қосымша бұрғылау қондырғыларын іске қосады. Бұл тағы 450 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді. Әкімдіктің ұсынысымен осы жылдың 1 наурызынан бастап бас директордың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары тағайындалатын болады, бұл лауазымды Қазақстан Республикасының азаматы атқарады. "Сонымен бірге, БАҚ өкілдеріне компания ар-намысы мен абыройын сот арқылы қорғауға құқылы екенін ескерткім келеді", - деді Ван Дося.

Мұндай жағдайлар ұлтаралық араздық пен қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті қоздыруға ықпал ететінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш мәселе облыс басшылығының бақылауында. Бұған дейін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының алаңында компания жұмысшыларымен кездесу өтіп,арызданушылардың шағымдары тыңдалды. Оларды шешу үшін тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, Ә.Егембергенованы қызметтен аластату, еңбеккерлердің жұмыс кестесін жасау, мамандарды компанияға жұмыспен қамту орталығы арқылы алу, сондай-ақ бас директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарын тағайындау жөнінде шешім қабылданды.
Просмотров материала: 963

Поделиться материалом


15:18 КАК НАМ РЕОРГАНИЗОВАТЬ… МФЦА?... 272 Просмотров

13:01 Запрет на проведение семейных мероприятий объяснила главный... 658 Просмотров

12:51 Общественный транспорт не будет работать по выходным в... 695 Просмотров

12:39 Все внутренние авиарейсы сохранятся на время усиленного... 619 Просмотров

12:29 В Казахстане не зарегистрировано ни одного случая заражения... 714 Просмотров

12:21 Ограничения на въезд в Турцию прокомментировали в КГА РК... 658 Просмотров

12:12 Жители поселка живут без воды и освещения в СКО... 632 Просмотров

11:58 Детям разрешается гулять во дворе - А.Есмагамбетова... 636 Просмотров

11:46 500 млн долларов выделит Всемирный банк Казахстану... 658 Просмотров

11:35 Что мешает развитию аграрной науки в Казахстане... 623 Просмотров

11:21 Ожоги и переломы получил подросток после попытки сделать... 647 Просмотров

11:11 Столпотворение студентов сняли на видео в Петропавловске... 674 Просмотров

11:01 25 человек скончались от пневмонии в Актобе, в том числе... 601 Просмотров

10:45 Турция временно закрыта для казахстанцев... 643 Просмотров

10:33 Жесткий карантин вводят в Нур-Султане... 652 Просмотров

10:20 В Минздраве разъяснили информацию о платных бригадах скорой... 526 Просмотров

10:12 1644 случая коронавируса выявлено в Казахстане за сутки... 312 Просмотров

10:01 Прогноз погоды на 4 июля... 340 Просмотров

18:41 Партии в соцсетях: Полное доминирование партии Nur Otan... 561 Просмотров

18:03 Атаулы әлеуметтік көмек алатындар үшін жағымды жаңалық... 626 Просмотров

18:02 Применение ИВЛ российского производства приостановили в... 566 Просмотров

17:52 Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болғаны хабарланды... 773 Просмотров

17:52 Врач, уволенный после скандального видео с перчатками,... 684 Просмотров

17:41 Жителей пятиэтажки эвакуировали из-за пожара в ВКО... 563 Просмотров

17:31 Балаларды қабығымен қарбыз жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды... 695 Просмотров

17:22 Информацию о разработке вакцины из плазмы Н.Назарбаева... 629 Просмотров

17:18 Назарбаевтың қанынан вакциана әзірленетіні туралы ақпарат... 556 Просмотров

17:10 12,2 млрд тенге выделили на борьбу с коронавирусом в Алматы... 574 Просмотров

17:00 Футболдан Қазақстан чемпионаты уақытша тоқтатылды... 590 Просмотров

16:56 Заставил есть арбузные корки: Задержан автор видео с... 586 Просмотров

16:45 АҚШ-та сайлау жақын. Трамп Байденді жеңу үшін түрлі иттікке... 545 Просмотров

16:42 В 5 раз выросло число заболеваний ОРВИ и пневмонией в Алматы... 543 Просмотров

16:30 2020 жылдағы ең ірі айыппұл Мәдениет және спорт... 539 Просмотров

16:29 Платные мобильные бригады скорой помощи будут выезжать к... 681 Просмотров

16:22 Ключи от квартир получили кокшетауцы ко Дню столицы... 404 Просмотров

16:18 Мужчина угнал автомобиль у своей сожительницы в Актау и... 459 Просмотров

16:15 Қазақстандық шенеуніктер 37 мектеп салатын ақшаны жеп қойған... 428 Просмотров

16:05 Двухлетний ребенок выпал из окна в Уральске... 489 Просмотров

15:58 Қарбызды қабығымен жегізеді. Желіде қорлық көрген... 421 Просмотров

15:55 В растрате бюджетного кредита на 26 млн тенге обвиняется... 463 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031