29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқу жүйесі ойыншық па?

22 январь 2015, 18:15
Оқу жүйесі ойыншық па? Білім саласында түйіні тарқамай жүрген түйткілді мәселе көп. Сол өзекті мәселелердің бірі – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. Білім беру жүйесінің бұл түріне көшу мәселесінің талқыланып жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болды. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылуы тиіс білім берудің жүйесін енді мүлдем тоқтату туралы ұсыныс та жасалды. Ұзақ жырға айналған жүйе бұған дейін де бірнеше рет кейінге шегерілген. Ал бұл жолы депутаттар Үкімет басшысынан 12 жылдық білім беру жүйесін мүлдем тоқтатуды сұраған. Бұған себеп – жаңа жүйеге ауысуға дайындықтың жоқтығы. Қаржы да жетіспейді, ұстаздар мен оқулық тапшылығының жыры тағы бар.

"Түркістан" газеті
Он жыл ешкім түсінбеген 12 жылдық оқыту

Әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесін алғашында 2008 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланған. Алайда мектептер мен оқулықтардың жетіспеушілігінен және материалдық-техникалық базаның әлсіздігінен білім берудің жаңа жүйесі 2010 жылға қалдырылды. Сол кездегі Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың «12 жылдық білім беру жүйесіне 2010 жылы міндетті түрде ауысамыз» деген уәдесі орындалуы мүмкін емес еді. 2010 жылы да дайындықтың әлсіздігінен 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу 2015 жылға бір-ақ секірді. Арада 5 жыл уақыт өтіп, 2015 жылға аяқ басқанда әзірліктің жоқтығынан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді мүлдем тоқтатуды ұсынып отыр халық қалаулылары. 2008 жылдан 2015 жылға дейінгі уақыт аралығында алғашқы кемшіліктерді түзей алмаған Білім және ғылым министрлігі бұл жүйеге нақты қай жылы ауысатыны әлі де белгісіз.

Жалпы, 12 жылдық білім беру жүйесі әлем елдерінің 80 пайызында қолданылады. Өйткені халықаралық стандарт бойынша жалпы орта білім беру 12 жылға негізделген. Жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұн, жоғары деңгейде білім беру қажеттігін ескерген дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді қолға алса, Еуропа Кеңесінің Декларациясына сай әлемнің 136 мемлекетінде 12 жылдық білім беру жүйесі енгізілген. Дүниежүзінің дамыған елдерінде орта білім берудің ұзақтығы – 12-14 жыл. Мәселен, АҚШ, Англия, Швейцария, Канада, Германияда – 12-13 жыл. Голландияда – 14 жыл. Корея, Жапония, Швеция, Франция, Италияда – 12 жыл. ТМД аумағында Балтық жағалауы елдері, Украина, Белоруссия, Молдова, Өзбекстан сынды мемлекеттер де 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіп үлгерген. Ал экономикасы енді ғана дамып келе жатқан елдерде жалпы орта білім беру 10-11 жыл.

АҚШ-тағы жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, балалардың оқу мерзімі 6 жастан 18 жасқа дейін. Мұнда 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей оқу бағдарламасы және таңдау пәндері оқытылса, 10-12 сыныптарда міндетті 5 оқу пәні, практикалық, академиялық бағыттағы профильдік пәндер оқытылады. Сонымен қатар 9-сыныптан кейін оқушылар міндетті 5 пәнмен бірге болашақтағы таңдайтын мамандығына байланысты бейінді пәндерді таңдап оқиды. Германияда да мектепке балаларды 6 жас­тан қабылдайды. Жалпы орта білім беру 12 жылдық мектепке негізделген. Францияда 12 жылдық мектеп міндетті емес. Орта білім беруде 10 жылдық мектеп ақысыз. Жапонияда 9 жылдық білім беру ақысыз. Олардың білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық баста­уыш мектеп, 3 жылдық кіші орта мектеп, 3 жылдық жоғары орта мектеп).

Ал біздің еліміздегі 12 жылдық білім беру жүйесі 3 сатыдан тұрады. Яғни, білім берудің бұл жүйесі 5+5+2 құрылымы бойынша жүзеге асады деп жоспарланған. Айта кетейік, 12 жылдық оқыту жүйесі бойынша бас­тауыш мектеп 5 сыныпқа ұзартылады. Алғашқы саты – бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынтасын арттыру, екіншісі – 5-10 сынып оқушыларының базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, үшінші саты – 11-12 сынып оқушыларының болашақ мамандығын таңдауды негізге алу.

Білім берудің бұл жүйесі баланың жан-жақты дамуына, өз ой-пікірін ашық жеткізуіне, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде әзір болуға, қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді дейді сала мамандары. Айта кетейік, 12 жылдыққа көшу бір оқу жылында толық аяқталмайды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу 2027 жылы тәмамдалады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде елімізде 12 жылдық білім беру эксперименті бойынша білім беріп жатқан 104 мектеп бар. Тәжірибе 2003 жылдан бері жалғасып келеді. 2003 жылы 6 жастан 1-сыныпқа барған оқушылар биылғы оқы жылында 12-сыныпты бітіреді.

«Түймедей болып кіресің...»

12 жылдық білім беру жүйесі бойынша, бала мектепке 6 жастан қабылдануы тиіс. 2014 жылы балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдау туралы Білім министрлігінің ұсынысы сын садағына ілінгені баршаға мәлім. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына 2014 жылдың қыркүйегінде нақты алты жасқа толған балаға мектепке баруға болады деген ереже енгізілген. Заң жобасына мұндай ереже педагогтардың шешімімен енгізілді деген сол кезде Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев. Вице-министрдің Үкімет отырысындағы осындай тосын мәлімдемесінен кейін депутаттар арасында бұл мәселе тағы да дауға айналған еді.

Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл: «Бұл 12 жылдық білім жүйесінің енгізілуімен байланысты. Себебі 7 жаста мектепке барған бала 12-сыныпты тәмамдағанда он тоғыздағы бозбала боп шыға келеді. Десе де біздің елдегі білім беру жүйесінің жағдайын ескерсек, мұндай қатаң талап қоюдың қажеті шамалы. 12 жылдық оқу жүйесіне көшуге әлі лайықталмаған кезде, оқулықтар жазылып болмаған кезде баланы алты жастан мектепке сүйреудің ешқандай қажеті жоқ», – деген болатын. Қолданыстағы Білім туралы заңға сәйкес ата-анасының қалауына және баланың дайындығына байланысты мектепке 6 және 7 жас­тан бастап қабылданатын. Ал психологтар қауымы 6 жастан мектепке бару баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін айтады. Психолог мамандардың сөзіне сенсек, баланың ұйқысы қанбайды, көңіл-күйі болмай тез шаршайды және қан құрамындағы гемоглобин мөлшері төмендейді екен. Егер балаларды мектепке 6 жастан қабылдайтын болса, оқу бағдарламасын қайта қарау керек.

«Ол жас ерекшеліктеріне сәйкес, баланың өзінің ақыл-ойына, өрісіне, дамуына байланысты қабылдай алатындай ғана ақпарат болуы керек. Біз батысқа көп сілтейміз, бірақ батыста 5, 4 немесе 6 жастан да қабылдайтын мектептер бар. Бірақ олардың бағдарламасы біздің балабақшаның бағдарламасынан да жеңіл. Үшінші сыныпқа дейін мысалы, Германияда бала сурет салады, қағаздан, пластилиннен заттарды құрастырып отырады. Сонда баланың жалпы дамуымен айналысады. Сондықтан біз мектепке 6 жастан қабылдауға көшсек, онда бағдарламаны жеңілдетуіміз керек», – деп мәлімдеген Мәжіліс депутаты Гүлмира Исинбаева. Расында да, қазір мектептегі оқу бағдарламасы тым ауыр. Оның үстіне, білім саласының басшылары мектептерде 1-сыныптан бастап «ағылшын тілі» пәнін енгізуді қолға алды. Өзінің ана тілін енді түсіне бастаған 6 жастағы бала ағылшын тілін қалай меңгермек? Расында, енді ғана әріп тани бастаған балаға үш тілді бірдей меңгеріп алу қиын екені шындық.

12 жылдық білім беру жүйесін талқылаған жиындардың бірінде депутат Алдан Смайыл ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытуға түбегейлі қарсылық танытқан. «Ағылшын тілі 3-сыныптан бастап енгізілуі тиіс. Егер алты жасар бала бірінші сыныпта үш тілді үйренсе, онда тіл, рух және адамгершілік жағынан біз одан рухани мүгедек жасап шығарамыз. Әлемнің ешбір елінде 1-сыныпта немесе 2-сыныпта шетел тілін оқытпайды. Жапонияда шет тілін оқуды 6-сыныптан бастайды. Олар дұрыс істемейді деп қалай айта аламыз? Үш тіл дегенді қайдан алдыңыздар? 6 жасар бала үш тілді меңгере алады деген қорытынды жасап берген адам бар ма?», – деді халық қалаулысы.

Жаңа жүйенің жалғасқан жыры

12 жылдық білім беру жүйесіне қатысты дау туғызатын мәселе шаш-етектен. Бірақ еліміздің бас ұстаздары түйткілді шешу жолдарын ұсынудың орнына, жыл сайын жаңа ереже ойлап тауып, мәселені одан ары ушықтыра түсуде. Білім саласын еліміз Тәуелсіздік алғалы бері 12 министр басқарыпты. Барлығы да өздерінің «жаңалығымен» келді. Сонда да білім саласының көсегесі көгерген жоқ. Он үшінші болып білім тағына жайғасқан Аслан Сәрінжіпов те 12 жылдық білім беру жүйесіне қатысты кедергілерді шеше алар ма екен? 2013 жылы Үкімет сағатында Сәрінжіпов мырза: «Президент бекіткен мемлекеттік бағдарламада 12 жылдық оқыту 2015 жылға белгіленген, біз ол мерзімді бұзбаймыз. Сол жылы көшеміз», – деп кесіп айтқан. Білім саласындағы басшылардың уәделі сөзіне секеммен қарайтындар ол кезде де министр мырзаның сөзіне сене қоймаған еді-ау.

2008 жылдан бері бірнеше рет кейінге шегеріліп келген 12 жылдық білім беру жүйесі биыл өз жұмысын бастай ма? Алайда таяуда депутаттар арасында білім беру жүйесінің осы бір түріне қатысты тағы бір даудың төбесі көрінді. Депутаттар Үкіметке ресми ұсыныс жолдады. 1 қыркүйектен бас­тап жүзеге асырылуы тиіс 12 жылдық білім беруді мәжілісмендер мүлдем тоқтатуды сұрап отыр. Кезінде жаңа идеяны қызу қолдаған депутаттар енді 12 жылдыққа көшу реформасын аяқсыз қалдыруды қош көретін тәрізді. Депутаттар тағы да онсыз да сыннан көз ашпай жүрген Білім және ғылым министрлігінің «жағасына жармасты». «Білім министрлігінің 12 жылдыққа көшеміз дегені қағаз жүзінде қалды. Қанша министр ауысты, ешқайсысы түк бітірген жоқ. 12 жылдық білімге түбегейлі қарсымыз. Өйткені елде ұстаздар аз. Мектеп тапшылығы тағы бар. Шалғай жерлерде ғимарат жетпегендіктен оқушыларды жалдамалы үйлерде оқытуға мәжбүр», – дейді Мәжіліс депутаты Галина Баймаханова.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге Қазақстанның білім саласы қазір дайын емес екенін айтушылар көп. Білім саласында шикіліктер де аз емес. Еліміздегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін, мұғалімдердің тапшылығын, мектептегі оқу бағдарламасын, оқулықтарға қатысты түйткілдердің шешімін таппай тұрып 12 жылдық білім беру туралы айту асығыстық емес пе? Осыны ескерген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы да Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына депутаттық сауал жолдады. Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесінде шешілмеген мәселелердің көп екенін айта келе, сенатор 12 жылдыққа көшуді тоқтатуды сұрады. «Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру стандартына көшеміз деп қаншалықты талаптанғандарымен, біріншіден, 12 жылдық білім беру жүйесінің толыққанды бірде-бір нормативтік құжаты дайын емес.

Екіншіден, еліміздегі апаттық жағдайда тұрған және үш ауысымда жұмыс істеп тұрған мектептерді жоя алмай жатып, 12 жылдық білім беруге көшу әзірге көңілге қона да бермейді. Үшіншіден, еліміздегі қазіргі 11 жылдық мектептерді оқулықтармен толық қамтамасыз ете алмай жатқанымызда, 12 жылдық мектептерді оқулықтармен қалай қамтамасыз ете аламыз? Бұл да ойлануға тұрарлық мәселе. Төртіншіден, 12 жылдық мектептердің 11-12-ші бейімділік кластарында білікті магистрлер білім берулері керек. Ал, олар бізде бар ма? Мектептерімізді қажетті магистр мамандарымен қазіргі таңда қамтамасыз ету мүмкін де емес. Бесіншіден, елімізде соңғы екі жылдан бері қыруар қаржы бөлініп, осы 12 жылдық стандарт бойынша тәжірибе жүргізіліп жатқан елуден астам мектеп оқушыларының тағдыры қалай болмақшы? Осы тәжірибе мектептерінің оқушыларына қандай аттестат, 11 жылдықтың ба, жоқ әлде 12 жылдық білім аттестаттары беріле ме?

Біздің осы пайымдауларымыз қазіргі уақытта елімізде білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді әрі бүгінгі күннің өскелең талаптарына сай келетін білім беру бағдарламасының жоқ болуына байланысты, бұл салаға бөлініп жатқан қыруар қаржы бекерден-бекер еш пайдасы жоқ оқыту ісіне жұмсалып жатқан жоқ па деген ойға да жетелейді. Қазақстандағы қазіргі 11 жылдық білім беру стандартының ішкі мазмұнын әлемдік орта білім беру жүйесіне сәйкестендіру арқылы қаржыны көп талап ететін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді тоқтатқанды жөн деп санаймыз. Орта білім берудің 11 жылдық бұл жүйесі мемлекет үшін де, орта білім алушылар үшін де ең тиімді жолы болары анық», – делінген сенатор мырзаның Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында.

Депутаттар тарапынан осындай ұсыныс жасалғаннан кейін әлеуметтік желілерде 12 жылдық білім беру жүйесі қызу талқылана бастады. Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов те өзінің фейсбуктегі парақшасында былай дейді: «12 жылдық білім беру жүйесін тоқтату – жай ғана балама ұсыныс емес, қазіргі жағдайда тығырықтан шығудың жалғыз амалы. Жаңа білім жүйесіне көшуге қатысты жоспарланған өзгерістер бізге қажет-ақ, бірақ біздің өзге амалымыз жоқ. Біз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайын емеспіз. Жаңа стандарттар да, оқулықтар да, оқушылар үшін қосымша орындар да, білікті мұғалімдер де, ол мұғалімдерді ынталандыратын қаражат та жоқ. Сондықтан бұл жүйеден бас тарту керек. Әуелі барлық қажетті ресурс­тарды әзірлеп, содан соң ғана шешім қабылдау қажет».

Депутаттардың Үкіметке жолдаған 12 жылдық оқыту жүйесін тоқтату туралы ұсынысынан кейін Білім министрі Аслан Сәрінжіпов мырза тағы да сергелдеңге түскен секілді. 18 қаңтар күні «КТК» телеарнасындағы «Слуги народа» бағдарламасына сұхбат берген Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 12 жылдық білім беру жүйесінің кезекті рет уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Бір сөзбен түйіндесек, 2013 жылы Үкімет сағатында берген уәдесінен таятынын өз аузынан ашық айтты. «Парламенттен жобаны тоқтата тұрсақ деген ұсыныс түсті. Біз, әрине, 12 жылдық оқыту жүйесін мүлдем тоқтатамыз деп айтпаймыз. 12 жылдық білім моделін 11 жылға қосамыз», – деді Аслан Сәрінжіпов.

Жаңа білім моделін жүзеге асыра алмауының себебін санамалаған министр мырза сол баяғы әдетінше қазынада 12 жылдыққа көшуге жеткілікті қаражаттың жоқтығын, мектептердің сапасы сын көтермейтіндігін, ұстаздар мен оқулықтардың тапшылығын тағы да қайталады. Айта кетейік, елімізде құлағалы тұрған мектептердің орнына 149 білім ошағын салу қажет екен. Екі жыл өтер-өтпесте: «Амалсыздан осындай шешім қабылдадым» деп мойындаған Сәрінжіпов мырзаның бұл шарасыздығы әлі қанша жылға созылатыны беймәлім.

Әсел Әнуарбек
Просмотров материала: 4 365

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 638 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 476 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 462 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 401 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 356 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 644 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 300 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 454 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031