25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әлем неге екіге жарылды?

22 январь 2015, 1:09
Әлем неге екіге жарылды? Кезінде «темір патшайым» атанған Маргарет Тэтчер КСРО омақаса құлағаннан кейін іле-шала «Батыс өркениетіне коммунизмнен де гөрі, Ислам көбірек қауіп төндіріп тұр, ендігі біздің күресетін геосаяси жауымыз осы Ислам әлемі» депті. Патшайымның аузымен айтылған суық сөзден кейін он жылға жетер-жетпес уақытта апай-топай басталып кетті.

"Айқын" газеті

2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы егіз мұнаралы сауда орталығын қирату арқылы басталған «ислам фундаментализмі» дегенді ойлап тапқан жымысқы саяси ойын алдымен ауғандағы тәліптерді талқандауға ұласқан. "ткен ғасырдың 80-жылдары моджахедтерді қаржылай әрі қарумен барынша демеп келген америкалықтардың өздері қолбала ғып ұшырған «Әл-Каидамен» ұзаққа созылған күрес басталды. Бұл да саяси ойын.

Жалпы, Ауғандағы тәліптер қозғалысы — АҚШ-тың Үндістан мен Иран,сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Ресейде тұрақсыздық тудыруға бағытталған геосаяси қаруы болған, солай болып қала да береді. Одан кейінгісі – Ирактың талқандалуы. Миллиондаған адам текке қырылды. 2011 жылы Мысырда «араб көктемін» тудырды. Ливияны тұншықтырды. Ақырында Сирия...АҚШ-тың айтағына ерген кәрі құрлық – Еуропа да бір замандағы КСРО-ға қарағанда өздеріне исламистердің әлдеқайда қауіпті екенін бар дауыстарымен айта бастады.

Ұлыбританияның Құпия барлау қызметін бес жыл басқарған Джон Соэрс таяуда Таяу Шығыстан төнген қауіп қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы Мәскеуден төнген қауіппен салыстырғанда әлдеқайда қорқынышты болатынын мәлімдеді. Ал жақында Пайғамбарымызды карикатура арқылы келемеждеуге байланысты Франциядағы туындаған теракт Еуропаны ұйқысынан шошытып оятты. Бұл да сол баяғы егіз мұнараны қолдан қиратуға байланысты орталық күштің жасаған сценарийінің жалғасы деп батыл айтуға болады.

Терроршылар бұрынғыдай алыстағы Ауғанстанда жасырынып жатқан жоқ, Еуропаға біршама жақын жатқан Сирия, Ирак, Ливия, Йеменде бұғып жатыр деп, Еуропаны ашық соғысқа қарай айдап салудың алыстан ойластырылған бұл да бір жымысқы тәсілі. Оның үстіне халқы қартайған, Есімі тоқтаған кәрі құрлық қара өңділерге еріксіз ығысып жол беруден басқа амалы қалмағанын мойындаудан қорқады.

Әлемде мұсылман елдері жайында «ислам әлемі» деген ғылыми термин қалыптасқан. Есесіне «христиан әлемі», «будда әлемі» деген термин жоқ. Әлгі терминге қарасақ, мұсылман елдерін біртұтас әлем деп ойлауға болатындай. Шынымен де солай ма? Мәселен, сиырдың бүйрегіндей 57 елге бөлініп кеткен араб елдерінің басы ешқашан біріккен емес. Біріксе, тек қана жылына бір рет БҰҰ-да Израильге қарсы дауыс бергенде ғана бірігеді.

Мұнайдан түскен мол байлықты бауырлас елдер теңдей тұрмақ, тебендей де бөліскен емес. Мәселен, Катардың өз тұрғындары 250 мың ғана тұрғын болса, қалған үш миллион адам ол елге жақын маңдағы араб елдерінен келген. Сол үш миллион адам 250 мыңмен салыстырғанда, білім, дәрігерлік көмек, әлеуметтік көмек дегендерден жұрдай.
Сондықтан болашақта біртұтас араб халифатын құрамыз деушілердікі құр утопия болып шығады. Мұсылман әлеміндегі жағдайды соңғы кезде мұнай бағасының күрт түсуі, Сауд Арабиясы королінің жасының келуімен әрі денсаулығының нашарлауына байланысты ол елдегі жағдайдың тұрақ-тылығына деген сенімсіздік де одан әрі қоюландыра түсуде. Себебі, жыл сайын «қара алтын» сатудан 100 миллиард доллар пайда табатын Сауд Арабиясының әлемдік геосаясаттағы орны ерекше. АҚШ-пен ауыз жаласып отырған бұл елде әлдеқалай саяси жағдай өзгере қалса, мұсылман әлеміндегі жағдай одан әрі ушығып кетуі мүмкін.

Ислам әлемінің лидері болуға шииіттік Иран да ұмтылып отыр. Иранды да толқытатын нәрсе көп. Қарабах мәселесінде жарты халқына жуығы әзiрбайжандар болып келетін осы Иран христиан дінін ұстанатын Арменияны жақтап шыққаны белгілі. Ол түсінікті. Кеңестен шыққан әзiрбайжандар күшейсе, ұлттық бірлік жарылуы мүмкін. Себебі, АҚШ «Үлкен Әзiрбайжан» жоспарын дайындап қойған.

Иран өздеріндегі қазіргі режимге қарсы батысқа бүйрегі бұратын «ауған моделінің» орын алуынан өлердей қорқады. 80 пайызы сүнниттік, 20 пайызы шииіттік болып бөлінген мұсылман әлемінде лидерлікке ұмтылып отырған тағы ел – Түркия. Түркия мен Иран екеуі де ежелден империя болған, қашаннан тарихи жау елдер. Екеуі де мұсылман
әлеміндегі ықпалын арттырғысы келеді. АҚШ-тың «Ұлы Күрдістан жобасы»
Түркияның түн ұйқысын төрт бөледі. Түрлі есептеулер бойынша, Түркияда
15 млн, Иран мен Иракта − 4-6 млн, Сирияда − 2,5 млн күрді бар. Сондықтан
«Ұлы Күрдістан» жобасына жанғыш материал жетіп артылады. Сондықтан Түркиятүрлі бағыт ұстанып бағуда.

Сирияға байланысты керағар бағыт ұстанғандарына қарамастан, Анкараның мұнаралы Мәскеуге қарай бұрылыс жасай бастауы да АҚШ-тың Таяу Шығыста жүргізіп жатқан ойындарының ұлттық бірлікке қауіп төндіріп тұрғандығынан. Сарапшылар болашақта Түркияның дамуын үш бағытта қарастырады. Біріншісі, батыстық модернистер Түркияны еуропалық мемлекетке айналдырғысы келеді, исламистер Таяу Шығыс пен мұсылман әлеміне қарай тартады, ұлтшылдар посткеңестік елдердегі түркі әлеміне, оның ішінде
Ресейге де бұрылғысы келеді.

Орталық Азия мен Каспий бассейнін қоса алып, Ұлы түрік империясының басын қылтитып қояды. Бірақ «үлкен ағадан» шаршаған Орталық Азия елдері ортақ өгізден оңаша бұзауды артық көреді. Сонымен Араб-мұсылман әлемі, парсы-мұсылман әлемі, түркі-мұсылман әлемі, оған қоса, Ресейдегі 15 миллиондай мұсылман қауымы, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен дамуы қарқынды Малайзия бар дегендей, Ислам әлемі даңғайыр аймақты алып жатқанымен, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратындай жағдайда емес
және оған сыртқы күштер ешқашан жол бермейді.

Таяу Шығыс толқыны тоқтар емес. Парижде исламистерге қарсы миллион адамды көшеге шығарып, акция ұйымдастырса, күні кеше бұл акцияға қарсылық ретінде Грозныйда бір миллион мұсылман көшеге шығып, акция ұйымдастырды. Әлем екіге қақ жарылғандай болды. Мұның астарында не жатыр? Ресейдің мұндағы көздегені не? Жұмбақ.

Әлемді 9 адам, яғни әлемдік тоғыз банктің қожайыны басқарады деген сөз бар. Яғни «Голдман Сакс», UBS, «Бэнк оф Америка», «Дойче банк» секілді 9 банктің жетекшілері әр ай сайын бас қосып, жер бетіндегі алты миллиард адамның тағдырын шешетін көрінеді: әлемдегі жұмыссыздық қанша пайыз болуы тиіс, қанша адам аштан қатуы керек, қанша өкімет орнынан алынуы тиіс, қанша министр сатып алынуы керек, т.б. дегендей. Кез келген әлемдік саяси лидерден оларды ықпалды қылатын – ақшаның буы. Карта ойынында королді тұз баспай ма. Тұз – ақша. Сол секілді. Тіпті басқаны қойғанда, бастағы миымызға дейін бақылып отыратындай күшке ие.

Қысқасы, әлем үлкен өзгерістердің алдында тұр. Желдің қалай ойысарын
уақыт көрсетеді.

Төреғали Тәшенов
Просмотров материала: 2 513

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 132 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 954 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 924 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 864 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 845 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 239 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 265 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 724 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 852 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 008 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 535 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 684 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930