29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«ЖИРИНОВСКИЙ – АЛЖЫҒАН ШАЛ»

18 январь 2015, 13:50
«ЖИРИНОВСКИЙ – АЛЖЫҒАН ШАЛ» «Қала мен Дала» газетінің атынан Ресей астанасы Мәскеуге жол түскен іс-сапарда теріскей көршіміздің елге танымал бірқатар қоғам қайраткерлері, саясаттанушыларымен тілдесуге мүмкіндік туды. Солардың бірі – «Жаһандық саясаттағы Ресей» журналының Бас редакторы, Ресейдің ішкі және қорғаныс саясаты Кеңесінің мүшесі Федор Лукьянов. Әңгімеміз бүгінгі Ресей ахуалы, әлемдік саясат және Еуразиялық одақ төңірегінде өрбіді.

– Федор мырза, Владимир Путиннің: «КСРО–ның күйреуі ХХ ғасырдағы ең ірі геосаяси апат болды», – деген пікірінің өзі Ресей Президентінің Кеңес үкіметінің құлағанына қатты қынжылатынын аңғартпай ма?

– Путиннің пікірін көпшілік дұрыс түсінген жоқ және аяғына дейін тыңдамады. Сөзінің жалғасында ол: «…бірақ Кеңес үкіметі енді қайтіп келмейді. Бұл мүлдем мүмкін емес»,– деген болатын. Өз басым оның ойымен келіспеймін. ХХ ғасырдағы ең үлкен апат КСРО-ның күйреуі емес, үш империяның түбіне жеткен Бірінші дүниежүзілік соғыс.

Қазір біз басқа әлемде өмір сүреміз. Сондықтан «посткеңестік кеңістік» деген ұғым өзінің өзектілігін жойған. Дәл осы сөзді қолдануды қою керек. Бүгінгі күні бұл сөз ештеңеден хабар бермейді.

Жалпы 80-90-шы жылдар үлкен өзгерістер кезеңі еді. Қазіргі ТМД аумағында ғана емес, Латын Америкасында, Шығыс Еуропада, Шығыс Азияда (Тайвань, Оңтүстік Корея, Индонезия) тектоникалық өзгерістер болды. Әскери диктатуралар бірінен соң бірі қирап, құлады. 80-ші жылдардың соңында Кеңес үкіметінде қоғамдық ой-сана біртіндеп ояна бастады. Әрине, оның көрінісі әртүрлі болды. Демократия туралы ұрандар айтылып, жастар алаңға шықты. Солардың арасында өзім де болдым…

– Америка – жау! Осы үрейден қашан арыласыздар? Әлде мұнда бір негіз бар ма?

– Бүгінгі аға буын, одан кейінгі орта буын: «КСРО-ны құлатқан Америка, ол біздің басты жау»,– деп ойлайды. Бұл – миф! КСРО-ның құлауына АҚШ-тың жанама әсері болған да шығар, алайда бұған ең негізгі себепкер сол кезгі «сәбет» үкіметінің саяси элитасы. Кеңес үкіметінің құлауына мүдделі болған бірден-бір ел ол… Ресей.

Сол кезгі саяси элита: «Ресейдің аяғына оратылып отырғандардан арылсақ жылдам дамимыз»,– деп ойлады. Тағы бір айта кетер жайт, «Қызыл империяның» күйреуі қытайлар үшін күтпеген жағдай болды. Бәрінен бұрын олар іргесі сөгіле бастаған империяға ешкім қол созбағанына қатты қайран қалды. Қоғам, тіпті 17 млн. мүшесі бар Кеңес үкіметінің Коммунистік партиясы да бұған жол бермеуге тырысқан жоқ. Бұл КСРО-ның ең алдымен іштен ірігенінің айғағы еді.

– Ресей Қырымды Украинадан тартып алды ма, әлде қайтарып алды ма? Сіздің ойыңыз қандай?

– Қырым ХХІ ғасырдағы үлкен өзгерістерге негіз болатын объект ретінде қаралған жоқ. Иә, Ресей Украина территориясының тұтастығын мойындады. Бірақ, белгілі бір жағдайда бұл мәселе (Қырым, автор.) көтерілері анық еді. Қазір Кремль мұның бәрін күні бұрын жобалаған дейді. Меніңше, Украинада дәл мұндай оқиға боларын Мәскеу күткен жоқ. Кремль мұндайда қайту, не істеу керектігін білмей есеңгіреп қалды. Путин жылдам шешім қабылдауға мәжбүр болды.

Сосын қырғи-қабақ соғыс аяқталғасын «жаңа жаһандық тәртіп» орнады дегендердің қатты қателескенін көріп отырмыз. Бұл түсінікті тілге енгізген Горбачев-тын. Бірақ оның ойындағы әлем теңқұқықты еді. Ал КСРО құлағаннан кейінгі 25 жылда АҚШ жаһандық тәртіптің тізгінін өз қолына алды. Алайда Украиндағы жағдай Американың суперкөшбасшылыққа әлі дайын еместігін дәлелдеп берді. Қырымды қол астына қарату арқылы Мәскеу: «Не қылсаң, о қыл! Ендігі жерде сенің айдағаныңа жүріп, айтқаныңа көнбейміз»,– деді. Путин мұның арты неге әкеп соқтыратынын білмеді емес, білді.

Америка әзір алаңдаулы. Суперкөшбасшыға қарсы шыққан ел қандай болмақ? Әрине, қысымға ұшырайды. Қытай мен Үндістан сияқты ірі елдерді Ресейдің Қырымды қол астына алғаны аса алаңдатпайды, бұлар Кремль мен Ақ үйдің айқасы немен аяқталарын күтіп отыр. Оларға кімнің жеңіске жетері «қызықты». Былайша айтқанда, олар бұл айқаста кімнің мысы басым болып, «қожайын» атанарын білгісі келеді және соған сай саясат жүргізбек. Бұл айқаста Ресей ешкімге арқа сүйей алмайды. Қытай да, Иран да «орыс әлемі» үшін басын бәйгеге тікпейді.

– Соңғы кездегі сұхбатыңызда болмаса белгілі басылымдарға берген пікіріңізде сіз Германияны қатты сынға алып жүрсіз. Неге екен?

– Еуроодақ елдерінің арасында дәл қазір Ресейге Германия ерекше шүйлігіп отыр. Мұны АҚШ қысымының нәтижесіне балайды. Менің ойымша мәселе мұнда емес. Немістер өзгеруде… Бұл бұдан 5-10 жыл бұрынғы мемлекет емес.

Екінші дүниежүзілік соғыс немістердің әрекет ету шекарасын нақты анықтап берді. Германия бертінге дейін осы шекараны сақтады. Бірақ… соғыс біткелі 70 жыл. Осы уақытта бірнеше буын алмасты. «Германия адамзаттың алдындағы қарызын өтеді. Күнәсі үшін кешірім сұрады. Ендігі жерде ол ешкімнің алдында жауап беруге тиісті емес»,– дейтін саясаттанушылар пайда болды. Олар бұл туралы ашық айтпауы мүмкін.

Бұл дегеніміз немістердің Еуропадағы билік тізгінін өз қолдарына алғысы келетінін аңғартады. Бұл ел ендігі жерде Еуропадағы көп елдердің бірі емес, қалауынша, білгенінше әрекет ететін көшбасшы. Алайда бұл үшін немістер АҚШ-пен арадағы арақатынасын өзгертуге тиіс. Германия мен АҚШ-тың әріптестігі біз ойлағандай емес, салқын. Франция, Польшамен де ара-тұра қабақ шытысып қалады. Мәселе, немістер мұндай көшбасшылыққа дайын ба? Бұған алдағы бес жылда анық жауап аламыз.

– «Путин өз әлемінде өмір сүреді. Шынайы өмірден алшақтап кеткен»,– деген пікірмен келісесіз бе?

– Бұлай деп айыптап отырған АҚШ пен Батыстың ақпарат құралдары. Олар Кремльдің қазіргі саясатын түсінбейді және түсінгілері жоқ. Өздері ше? Мысалға, мен АҚШ-тың әзіргі күні Таяу Шығыстағы саясатын қалай сараптасам да, ұғына алмаймын.

Жалпы дәл қазір орыс қоғамы бәріне даяр. Басшысына сенімді. Ресей билігі әрі қарайғы жағдай қалай болмақ, қалай қимыл-әрекет ету керектігін қарастырғаны жөн. Өйткені бүгінгі эйфория өтпелі… Сыртқы қысым Путиннің позициясын бекіте түсуде.

– Қазақстанға қатысты арандататын пікір айтып, балағаттап, қазақтың Тәуелсіздігіне тіл тигізген Жириновский, Лимонов сияқтылар Кремльге жұмыс істейді дейді. Ендеше біз олардың аузына қақпақ қоя алмаймыз, солай емес пе?

– Сіз айтып өткен азаматтардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталуға болады. Мысалға, Лимонов творчестволық тұлға, сонымен бірге жауапсыз адам. Сөзінің салмағы жоқ. Өз басым оның пікірімен Кремльдің арасында қандай да бір байланыс бар деп ойламаймын. Бұл мүлдем қисынсыз уәж.

Ал Жириновскийдің жайы бөлек. Қанша дегенмен саяси тұлға. Оның саяси аренада жүргеніне 25 жыл. Орыстар оны өз арасында «алжыған шал» дейді. Иә, оның Қазақстан туралы айтпағаны жоқ. Естіп, біліп отырмыз. «Мұндай мемлекет жоқ» деп айтқан кезі де болды. Бұл біздегі сөз бостандығының, демократияның көрінісі деп айтар едім… Әрине, белгілі бір шекара болуы керек. «Орыс әлемі» күшті, мықты. Кіші халықтар түгелдей соған бағынуы керек»,– деген пікірді ұстанатындар бар. Бұл қауіпті естілуі мүмкін. Алайда іс жүзінде Жириновский сияқтылардың сөзі ешқашан әрекетке ұласпайды. Оның сөзін жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Сіздерге де бұл тарапта үрейден арылған артық етпес еді.

– Еуразиялық одақ үрейді үдетіп отыр…

– Мені бұл одақтың Қытайдың «Жаңа Жібек жолы» жобасымен қаншалықты бәсекеге түсері алаңдатады? Себебі, аталған жоба одақтас елдердің аумағын қамтиды.

Әрине, одақтың саяси ұйымға айналуына қарсымын. Оның ішінде біздің Премьердің ортақ валюта туралы идеяларын қолдамаймын. «Сәбет үкіметі» келмеске кетті. «Бір кезде шалқып өмір сүрген едік. Тұрмыс түзу, қарнымыз тоқ еді»,– дейтін үлкендер жағы өткенді көксегенді қою керек. Болды. Ол кезең тарих қойнауына сіңді. Бұл одаққа экономикалық басымдық бергісі келсе, ендеше өзгесі емес, ең алдымен Ресей өз психологиясын өзгертуі қажет.

Әңгімелескен Думан БЫҚАЙ
Просмотров материала: 2 844

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 625 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 464 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 450 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 387 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 343 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 641 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 227 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 297 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 451 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031