19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәдениет министрінің "мәдениеті"

17 ноябрь 2014, 8:07
Мәдениет министрінің "мәдениеті" 2008 жылғы Пекин, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, 2007, 2008, 2011 жылғы әлем чемпионаттарының чемпионы Илья Илин рекорд жаңартып әлем чемпионының алтын тұғырына тағы да көтерілді.

"Абай.кз" сайты

- Жаттығу кездерінде серпе көтеруде 245 килограмды оңай алып жүргенмін. Сондықтан серпе көтеруде сенімді болдым. Осы жолы 239 килограмды ала бергенде техникалық қателік жіберіп қойдым. Ал 242 килограмды көтеру — үлкен жетістік. Бұл жетістігіммен тоқтап қалмаймын. Енді біраз үзіліс жасап тынығамын да Лондонға барып үйреніп жүрген ағылшын тілін дамытып келемін. Сосын Рио-де-Жанейродағы олимпиадаға дайындықты бастаймын,- деді Ильин жарыс соңында журналистерге берген жедел сұхбатында.

Алматыдағы Балауан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан әлем чемпионатында Ильяға дейін Қазақстан спортшыларынан Зүлфия Чиншанло, Жасұлан Қыдырбаев — алтын, Жазира Жаппарқұл, Владимир Седов — күміс алған еді. Әлем чемпионаты бүгін, 16 қарашада аяқталады.
Илья Ильинді жеңісінен кейін бірден телефонмен президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

- Сіздің тапсырмаңыз орындалды, Президент мырза, - деді Илин жүрекжарды қуанышын жасыра алмай.
Ильяның кезекті жеңісіне елімізде қуанбаған адам кемде кем шығар. Бәріміз тұрып қол соқтық. Ильяның жеңісін әйгілеп асқақтаған әнұранымызды шырқап, тебірендік. Міне, дәл осы кезде аса бір ыңғайсыз жағдай көрініс тапты.

Зілтеміршіміз 242 кг-ды бағындырып, жаттықтырушылар ортасына мерейі тасып оралғанда арсалаңдап қасына жетіп барған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ елінің әнұраны асқақтап, көк байрағы көтерілген кезде де қалта телефонына қайта-қайта қарағыштап, қыбы кетіп тұрған. Шамасы, ар жағында әнұранды ұрмайтын біреу қоңырау шалып қоймаса керек, кенет ол телефонын Ильиннің қолына ұстата қойды. Ильяның әнұранға деген құрметі шексіз екен, Мәдениет министрінің мінін жауып, әнұранды әрі қарай шырқай берді.

Атасының атынан бас тартқан министр өзіне тікелей соққан қоңырау иесінен қорқатындығы сондай – тіпті әкесінің де атын ұмытып қала жаздаған сияқты. Әлде «қорққан мен қуанған бірдей» демекші, министіріміздің қуанған түрі осы болды ма екен. Әйтеуір, сасып-сабдырап, алабұртып ұялы телефонына «ұрланып» қарай берді. Министрдің қолбалаша қолды-аяққа тұрмай зырлағаны, жанұшыра жүгіріп Ильяның құлағына телефонын тоса бергені көрермен қауымды бей-жай қалдырмады, әлеуметтік желілерде әжептеуір әңгімеге жүк болып үлгерді.

ӘЖ-дегі жазбалардың бірінде, мысалы, Ақберен Елгезек былай деп жазды:
- Грецияның мәдениет министрі мұражайға ұры түскені үшін өз еркімен қызметінен кетті, Италияның мәдениет министрі өз елінің ән марафонында ұтылып қалғаны үшін өз еркімен қызметінен кетті, Ұлыбританияның мәдениет министрі декларациясында 150 мың долларға бағаланған үйінің маңайында көтерілген шудың нәтижесінде өз еркімен қызметінен кеткен...

Біздің ұғымға болмашы боп көрінетін осындай "қылмыстардың" қасында өз мемлекетінің ең киелі рәміздерінің бірі - Әнұранды сыйламаған министр не істеу керек?

Жо-жоқ, ол отставкаға өз еркімен кетпейді. Күтпеңіздер. Президент Ата заңның кепілі ретінде, мемлекеттік нышандардың қорғаушысы ретінде елдің абыройын айрандай төккен министрді өзі орнынан алып тастау керек. Әнұранға пысқырмаған адам елге түкірді деген сөз. Бұл барып тұрған көргенсіздік, тіпті қылмыс. Мәдениет министрі осындай елді әлем енді жабайы, мәдениетсіз деп қабылдаса, обал жоқ бізге. Өкінішті. Ұят.
Просмотров материала: 1 787

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 638 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 460 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 429 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 364 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 345 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 797 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 715 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 462 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 374 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 272 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 423 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930