26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Арабтардан ұят болды

28 октябрь 2014, 13:05
Арабтардан ұят болды Қазақстанда орыс тілінде жазылатын заңдардың кейбірінің қазақша аудармасында өріп жүрген қателер ұлтжанды азаматтар үшін жүректегі шаншуға, санадағы сергелдеңге айналғалы қашан?

"Айқын" газеті

Ал халықаралық келісімшарттардың мемлекеттік тілдегі нұсқасында да қателердің жіберілуі – ел беделінің нығаюына үлес қоспайтын келеңсіздіктің ең бір сорақысы болып табылады. Осы орайда Қазақстанның қол қойылған екіжақты құжатқа қайта-қайта нота жолдап, түзете беруі арабтардың ашынысын туғызыпты.
Бұл туралы кеше Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель жария етті. Ол «Қазақстан мен Италия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт» жөнінде депутаттарға түсініктеме берген болатын. Қалаулылар осы құжаттағы «с согласия стороны» деген тіркестің «тараптың келісуі бойынша» деп жазылып кеткендігіне, шындығында, заңдық айналымда және тәжірибеде «келісімі бойынша» деп айтылатындығына назар аудартты. Бұған жауап ретінде И.Меркель шартқа ендігі қол қойылғандығын алдан тартты. Оның үстіне аудармашы «договор» келісім болып тәржімаланатындықтан, «согласиені» келісу деп алған. Бірақ ұлтжанды қалаулылар ондай қателерді нота жіберіп, өзгерту керектігінде табандады.

Сөйтсе, бұған дейін дәл осы құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасындағы қателер бойынша Италияға ендігі бір нота «барып, қайтыпты». «Құрметті әріптестер! Сіздерге ұсынылып отырған аударма нұсқасын қолдауларыңызды сұраймыз! – деп өтінді Бас прокурордың бірінші орынбасары. – Ашығын айтайын, біз бұл проблемаға үнемі маңдай соғамыз! Мысалы, Араб Әмірліктері қол қойылған құжат бойынша қайта-қайта нота жібере бергенімізге налып, өткен жолы хат жолдады: «Сендер өзі бізбен ынты­мақтасқыларың келе ме, әлде жоқ па?» дейді олар!»

Осы айтылып отырған түйткілдің түйінін тарқату үшін осыдан біраз бұрын ел Үкіметі, Сенатпен және Мәжіліспен тізе қосып, арнайы бірлескен комиссия құрған. «Осы аударманы солар жүзеге асырды, – деп ескертті И.Меркель. – Солар берген нұсқаға біз қол қойдық. Егер қазір Италияға келесі нотаны жолдасақ, абыройымыз не болады? Жұмыс тұрып қалады ғой!» Парламентарий­лер осыған тоқтады. Бірақ мәселеге қайта оралуға ұйғарды.

Жалпы, Бас прокуратураның мәлі­метінше, осындай қылмыскерлер алмасу шарттарының арқасында Қазақстан біраз қаржыны үнемдеуде екен.

– Бүгінде Қазақстандағы бас бос­тан­дығынан айыру орындарында шамамен 2 мың 400 шетелдік жазасын өтеп жүр, – деді Иоган Меркель. – Бұл әрине, өзгеріп тұратын көрсеткіш: біреулері босайды, басқалары отырады. Мемлекетіміз үшін бұл адамдардың барлығының өз жазаларын өз елдерінде өтегендері пайдалы. Оларды темір торда сол мемлекеттердің бюджеттері асырасын!

Алайда оның айтуынша, шетелдердің бәрі бірдей қылмыскерлерін қайтарып алуға асықпайды, тіпті ат-тондарын ала қа­ша­тындары да жетеді екен. «Мәселен, Өз­бек­стан, Қырғызстан бас тартады, «бұл біздің ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіреді!» дейді. Бұған ештеңе де жасай алмаймыз. Ресей жақсы алады. Тек биылғы жылы ғана сотталған 49 ресейлікті тапсырдық. Бұл – ең үлкен үлес. Осының арқасында бюджеттен 160 миллион теңгеден артық қаржы үнем­делді!» деді ол.

Бас прокуратура осы тұста Қазақстанның кері қабылдап алғаннан бергені әлдеқайда асып түсетіндігін хабарлады.

Ресми билік Италиямен арадағы «сот­талған адамдарды беру туралы шартына» да үмітпен қарап отыр. Өйткені еуропалық елдермен қылмыскерлер алмасу қиын іс. «Соңғы кездері біз олармен ұдайы келіссөздер жүргізудеміз. Бүгінде Еуропа кеңесі әділ төрелік саласындағы еуропалық 3 кон­венцияға қосылу туралы біздің ендігі үшінші өтінішімізді қарауда. Екі рет олар бетімізді қайтарды. 12 қарашада тағы да Брюссельге барып, диалог жүргізуіме тура келеді. Сұхбаттастық осы істі орнынан ілгері жыл­жытуға мүмкіндік берді. Әйтпесе бұрын бірде-бір қылмыскерді бермейтін. Ал жақында Германия есірткі үшін сотталған қазақ­стандықты қайтарды. Швейцария қарақ­шылық үшін отырғанды бізге тапсырды. Испания бүгінде Павловты беру бойынша мәселені қарауда» деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, Мұхтар Әбілязовты беру туралы Қазақстанның өтініші француз сотының қарауына жетпей қалыпты. Сон­дықтан еліміз Ресей мен Украинаның Әбілязов­ты өздеріне экстрадициялау туралы өтініштеріне үміт артып отыр екен.
Просмотров материала: 1 738

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 304 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 124 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 096 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 038 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 022 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 872 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 071 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 591 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 942 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 151 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 738 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930