29 ноября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстанда ең төменгі жалақыны кім алады?

27 октябрь 2021, 15:31
Қазақстанда ең төменгі жалақыны кім алады?
Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов үкіметтен орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақы деңгейін қайта қарауды сұрады. Оның айтуынша, бұл – республика бойынша ең төменгі жалақы. Осы және басқа да мәселелермен ол Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абақанов Қазақстанның шағын орманды мемлекеттер қатарына жататынын еске салды.

Территорияның 11%-ға жуығы ормандар, орман аумағының жартысына жуығы сексеуіл алқаптарына тиесілі. Қазір мемлекеттік орман қорын басқарудың екі деңгейлі жүйесі жұмыс істейді: республикалық және облыстық әкімдіктер деңгейінде. Орман шаруашылығын басқарудың тұтастығын бұзу және бөлу 2000 жылдан басталады, сол кезде өнеркәсіптік өндіріс цехтары орман шаруашылықтарынан бөлінді, олар облыстар деңгейінде біріктірілгеннен кейін бірнеше жылдан кейін банкрот деп танылды және жай ғана назардан тыс қалды, - деді ол.
Сонымен қатар, Үкімет қаулысымен орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің 124 бірлігі әкімдіктер мен коммуналдық меншікке берілді.

Өкінішке қарай, бұл шара орманды басқару жүйесінің және орман шаруашылығындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясаттың бұзылуына әкелді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органның орман шаруашылығын беру мақсаттарының бірі орман шаруашылығын облыстық бюджеттің қаржыландыруы есебінен республикалық бюджетке жүктемені азайту болды. Бірақ бұл шара нәтиже бермеді, себебі әлі күнге дейін еліміздің орман мекемелері республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер арқылы қаржыландырылады, - деп атап өтті депутат.
Сондай-ақ, жағдайды БҰҰ сарапшылары талдап, республиканың орман шаруашылығында айтарлықтай жақсару байқалмайды деген қорытындыға келді.

Бүгінгі күні орман күзетінің саны және орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық жабдықталуы бұрынғы деңгейде қалды және бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келмейді.

Орманшылардың жалақысы республикадағы ең төменгі жалақы болып қалып отыр. Орман мекемелері қызметкерлері арасында бейіндік білімі бар мамандар саны бар болғаны 33%, оның ішінде жоғары білімі бар мамандар 10% және орта арнайы білімі бар мамандар 23%-ды құрайды, - деді депутат.
Оның айтуынша, соңғы жылдары орман қорының жерлерін әртүрлі мақсаттарға пайдалану жиілеп кетті.

Орман алқаптарында түрлі пайдалы қазбаларды өндіру үшін жер бөлу практикасын тоқтату қажет деп санаймын. Бұл, ең алдымен, теріс экологиялық әсер етеді. Осындай басқару жүйесі кезінде Мемлекет басшысының орман қорында 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау қажеттлігі туындайды, - деп есептейді мәжілісмен.
Сонымен қатар, әкімдіктер әлі күнге дейін орман шаруашылығын жабдықтау жағдайын түзеген жоқ. Оларға орман шаруашылығының жай-күйін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау тапсырылғанымен, олар орман шаруашылығы облыс әкімінің қарамағында болу керек пе деген сауалға жауап іздеп жүр.

Қазір орман шаруашылығы саласында тұрақты даму қағидаттарында орман экожүйелерінің биологиялық әртүрлілігін сақтауды қамтамасыз ету міндеттерін тұжырымдамалық қайта қарауға, нақтылауға және кеңейтуге бағытталуы тиіс жаңа мемлекеттік саясатты қабылдау мәселесі өткір пісіп жетілді, - деді Абақанов.
Оның пікірінше, Үкімет облыстардың әкімдіктеріне берілген 124 орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемені Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқармасына қайтаруы керек. Сондай-ақ орман ресурстарын пайдаланудың ресурстық-шикізат принципінен экологиялық-экономикалық принципке көшу негізінде экологиялық орман шаруашылығын қалыптастыруды ескере отырып, орман саясатын қайта қарау және пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында ормандарды варварлық игеруді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі. Сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеріп, осы сала үшін жоғары білікті кадрлық әлеуетті қалыптастыру үшін оларға әлеуметтік пакет қарастыру керек.
Просмотров материала: 290

Поделиться материалом


18:00 Застреливших мужчину из-за долга осудили в Актау... 91 Просмотров

17:50 Житель Уральска угнал авто и попал на нем в ДТП... 89 Просмотров

17:44 Чтобы чего-то достичь, надо обязательно быть "отморозком",... 672 Просмотров

17:35 Хищение 140 млн тенге госсубсидий выявили в ВКО... 71 Просмотров

17:33 Цой коронавирустың жаңа штамы туралы жазба жариялады... 108 Просмотров

17:18 Пандемия подтвердила, что необходим новый глобальный подход... 81 Просмотров

17:17 Түркістан облысында үйден үш ересек адам мен бір баланың... 816 Просмотров

17:12 Тоқаев ДДCҰ басшысымен кездесуде QazVac туралы мәлімдеме... 110 Просмотров

17:06 Шымкентте сүйіктісімен ренжісіп қалған бойжеткен көпірден... 105 Просмотров

17:04 Узбекистанец продал соотечественников в рабство в Казахстане... 77 Просмотров

17:02 "Сүйексіз" ер адам желі қолданушыларын таңғалдырды(ВИДЕО)... 119 Просмотров

16:52 Почему буксует подушевое финансирование детского спорта на... 121 Просмотров

16:45 К.Токаев встретился с генеральным директором ВОЗ... 78 Просмотров

16:31 Сот қарызы бар азаматтарға жеңілдік жасауы мүмкін... 135 Просмотров

16:26 Мужчина и женщина погибли от угарного газа в автомобиле... 104 Просмотров

16:19 Тұрғын үй нарығы: елімізде құрылыс компанияларының... 133 Просмотров

16:10 Инструктора бассейна приговорили к 4 годам тюрьмы за гибель... 78 Просмотров

15:54 Мужчины грабили жителей Павлодара под видом полицейских... 97 Просмотров

15:43 Алматыда кеңседен сейф ұрлағандар видеоға түсіп қалды... 193 Просмотров

15:41 Назван ущерб от хищений в структуре Минсельхоза РК... 96 Просмотров

15:22 1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалақты ауыстырмаған... 338 Просмотров

15:10 Снег и дождь ожидаются в Казахстане... 74 Просмотров

15:09 Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген тұрғын сотталды 4... 120 Просмотров

14:48 Двух школьниц сбили в Актюбинской области... 103 Просмотров

14:40 Алматы тұрғыны 2,6 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға... 715 Просмотров

14:36 Сырты конфет, іші есірткі. Тапқырлардың тергеу изоляторына... 116 Просмотров

14:33 2,6 миллиарда тенге обналичил житель Алматы... 84 Просмотров

14:22 Младенец погиб в страшном ДТП в Караганде... 105 Просмотров

14:20 Қарағандыда жол апатынан алты айлық сәби қаза болды... 115 Просмотров

13:56 Алматыда жаңа омикрон штамы тіркелуі мүмкін бе?... 120 Просмотров

13:51 Талғардағы балабақшада қайтыс болған баланың өлімі жайлы... 224 Просмотров

13:44 «Нысанды жабу үшін адам өлімі тіркелуі тиіс»: Петропавлда... 138 Просмотров

13:39 Тараздық әйел 18 жастағы ұлының өліміне әкімдік қызметкерін... 858 Просмотров

13:34 Мұнай күрт қымбаттады... 127 Просмотров

13:30 Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Ауыл шаруашылығы... 201 Просмотров

12:56 Полицейского подозревают в изнасиловании в ВКО... 122 Просмотров

12:43 20-летний алматинец избил и ограбил пожилую женщину... 113 Просмотров

12:23 Мужчину унесло на отколовшейся льдине в Балхаше... 110 Просмотров

12:10 Озвучен прогноз цен на жилье в Казахстане... 99 Просмотров

11:43 В Актюбинской области выявлена компания с признаками... 108 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930