26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шетелдік банктен алған қарызы қанша?

27 октябрь 2021, 15:14
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шетелдік банктен алған қарызы қанша?
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бірегей оператор «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жылдар бойы жиналған қарызы 10 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл сома бүгінгі курспен есептегенде – 4 трлн 254 млрд 800 млн теңге.

Оның ішінде корпоративтік орталық деңгейінде қарыз сомасы – шамамен 6 млрд доллар. Бұл қарыз негізінен еурооблигациялар бойынша берешек түрінде көрсетілген. Банктер емес еурооблигациялар арқылы қарыз алудың артықшылығын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы былай түсіндіреді:

«Қарызды еурооблигациялар түрінде алу банкпен салыстырғанда анағұрлым тиімді қаржы талаптары бойынша 30 жылға дейінгі уақытқа ұзақ мерзімді қаржы тартуға мүмкіндік береді. Қарыз мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, инфрақұрылымды сақтау және газ саласын дамыту үшін алынды. Жоғарыда көрсетілген соманың шамамен 1,6 млрд доллары «ҚазТрансГаз» қарызы», ˗ делінген Azattyq Rýhy-на жолдаған жауапта.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шетелдік банктен алған қарызы қанша?


Компанияның қорытынды есебінен 2019 жылы «ҚазМұнайГаз» жиналған қарыздарынан құтылуға ниет танытқанын көруге болады. Жыл басында берешек көлемі – 4 млрд 153 млн теңге болса, жыл соңында оның межесі – 3 млрд 838 млн теңгеге төмендеген. Сол жылы «Жемчужина» жобасының серіктестері 111 млрд теңге, Атырау мұнай өңдеу зауыты 62 млрд теңгелік борышын төлеген. Одан бөлек, Қазақстанның Даму банкіне облигация ретіндегі 40,5 млрд теңге, KMG Int. 32 млрд теңгеге қарыз қайтарылған. Бірақ 2020 жылы компания қайта қарыз алуға көшті. Сөйтіп, былтырғы қарызы 6,3%‐ға артты. Берешектің өсуін компания басшылығы теңгеге қатысты доллар бағамының өсуімен тікелей байланыстырып отыр. Сол жылы Эксимбанк пен «Қазақстан Халық банкі» және «Қазақстанның Даму Банкі-нің» қарызының бір бөлігін қайтару үшін жалпы сомасы 677 млрд теңге мөлшерінде Ұлттық банктен және ресейлік ВТБ банкінен қарыз алған. Биыл да қарыз көлемі артпаса, кеміген жоқ. Көктемге дейінгі қарыз – 4 млрд 102 млн теңге болса, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстарғанда қарыз 0,6%-ға өскен.

Компанияның ірі көлемдегі қарыздарының ішінде 2016-2017 жылдарды ерекше атауға болады. Бұл кезеңде қайта қаржыландыруға, жалпы корпоративтік мақсатқа мұнай жеткізілімдеріне аванс беру үшін 3 млрд доллар қарыз алынған. 2016-2018 жылдары компания Қашағанның үлесін сатып алуға Солтүстік Каспий жобасы бойынша серіктестер алдындағы берешекті өтеуге 2,2 млрд доллар қарыз алған. Бұл борышын компания әлі өтеп біткен жоқ. 2017 жылы еурооблигациялар түрінде 2,7 млрд доллар, 2018 жылы еурооблигациялар түрінде 3,2 млрд доллар, 2020 жылы еурооблигациялар түрінде 0,75 млрд доллар қарыз алды.



Бұдан бөлек, ҚМГ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның қарызын өтеуге Қазақстан Халық банкі, Қазақстан Даму Банкінен 0,8 млрд доллар сомасына қаражат алады.

Жыл сайынғы алынған қарыз көлемінің өсуіне қарамастан соңғы 5 жылда компания 4 млрд доллар қарызынан құтылыпты.

Компания қазіргі 10 млрд доллар берешегінен қалай құтылуды жоспарлап отырғанын сұрағанымызда «ҚазМұнайГаз» берешекті өтеуді кестеге сай жүргізеді деп түсіндірді.

«Қарыз ҚМГ-ның келіп түсетін операциялық ақша ағындары (таза пайдасы) есебінен өтеледі. Бұған дейін де ҚМГ қарызын мерзімінен бұрын өтеп келді. Алдағы уақытта да мұндай практиканың қолданылуын жоққа шығармаймыз. Бұл шаралар компанияның макроэкономикалық ахуалына, оны дамыту жоспарына және акционердің пайымына байланысты болады», - делінген ресми жауапта.

Бірегей ұлттық компания еурооблигацияларды сатып алуды үздіксіз жүргізіп отырғанымен «ҚазМұнайГаз» компаниясын IPO-ға шығару алдағы жоспарда жоқ. Бұған дейін, компания басшылығы IPO-ға шығамыз деп талай мәрте мәлімдеме жасаған болатын.

«2020 жылы COVID-19 коронавирус індетінің белең алуына байланысты қор нарығы құлдырап, мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарынан Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 маусымдағы шешімімен «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO-ға шығу мәселесін 2022 жылға ауыстырылды. Осы жылдың соңына дейін ҚМГ биржаға шығуды жоспарламайды. IPO-ға шығу мерзімі көптеген факторға, соның ішінде әлемдік экономиканың қалпына келуі мен өсуі динамикасы, мұнайға бағаның тұрақтылығы, COVID-19 инфекциясының таралу қарқыны, жаңа штамдардың анықталуы және басқа да факторларға байланысты. Сондай-ақ IPO-ға шығу мерзіміне «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бөлінуі де әсер етеді. Себебі бұл жайт инвесторлар мен қаржы нарығының ҚМГ-ны қабылдауына елеулі ықпал етеді», ˗ делінген компанияның берген жауабында.



«ҚазМұнайГаз» алған қарыз расымен мұнай өңдеу зауыттарының жөндеу жұмыстарына жұмсалды ма? 2018 жылы Қазақстан аумағында орналасқан Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына 6,3 млрд доллар жұмсалды. Аса күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін зауыттардың жағдайы жақсарып, өңдеу көлемі артуы тиіс еді. Жыл сайынғы жөндеу мерзімі 45-тен 20 күнге дейін қысқарады деп жоспарланған. Ал зауыттарды толық тексеру үш жылда бір рет жүзеге асуы тиіс болатын. Бірақ зауыттардағы жөндеу саны, өткізу мерзімі және апаттық жағдайлар азайған жоқ. Салдарынан жыл басынан бері отын бағасы 13%-ға өсті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының қарызы жыл сайын артқанына қарамастан компания басшылығы өздеріне сыйақы тағайындауды кейінге қалдырмапты. Бірегей мұнай-газ операторының 2020 жылғы жылдық есебінде «СамұрықҚазына» АҚ басқармасының шешімімен ҚМГ басқарма мүшелері 317 млн 527 мың сыйақы алған. Жылдық есепте сыйақыға лайық қызметкерлердің саны жазылмаған.
Просмотров материала: 734

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 297 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 117 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 089 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 031 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 015 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 068 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 588 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 735 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930