29 ноября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қызылжарда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр

Қызылжарда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр
Қызылжарда қазақ зиялыларына арналған ескерткіштер қоқыс арасында жатыр. Қараусыз қалған мүсіндердің қатарында Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев, Қожаберген жырау сынды ұлы тұлғалардың бейнесі бар. Бір кездері 38 млн теңгеге бағаланған композицияны Петропавл қалалық әкімдігі орталық саябақтан алып тастауды жөн санаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.


ҰЛЫЛАРДЫҢ ЕСІМІ АЯҚҚА БАСЫЛДЫ


2010 жылы Петропавлда қала күні мерекесіне орай орталық саябақта ақын-жазушы, ғалымдарға арналған 34 ескерткіш орнатылған болатын. Тарихи тұлғалардың шынайы бейнесіне ұқсамайтын 22 мүсін көпшілік сынына ұшырағаннан кейін авторы, алматылық мүсінші Қазыбек Сатыбалдинге қайтарылды. Тіпті, ескерткіштердің кейбірінің дене пропорциясы сай келмейтіні жөнінде де пікірлер көп айтылды. Қалған 12-нің де ғұмыры ұзаққа бармады. Биыл олар да тұрған орнынан ғайып болды.

«Күнде саябақта немерем екеуміз қыдырамыз. Келе жатқанда ескерткіштердің атын атап, таныстырып қоятынмын. Балалар осындай ұлы тұлғаларды біліп, оларға еліктеп өсуі тиіс. Олардың жоқ болып кеткеніне өзіміз де аң-таң болып қалдық. Қайда екенін білмеймін. Көктем таяғанда жоғалып кетті. Әйтпесе жыл сайын жазда әктелетін. Мүмкін оның қазіргі жастар үшін маңызы жоқ шығар. Бірақ маған ол ескерткіштер ұнайтын. Ел үшін зор еңбек сіңірген адамдар ғой», - дейді зейнеткер Майда Ғабдуллина.

Қызылжарда қазақ зиялыларының ескерткіштері қоқыста жатыр


6 ескерткіш жарты жылдан бері мәдениет үйінің алдында қаңтарылып тұр. Қалған алтауының қайда кеткені беймәлім. Олардың қатарында Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллин сынды жазушылардың бейнесі бар. Мүсіндердің тағдыры не болғанын қалалық әкімдік өкілдері де айта алмады. Тіпті зиялылардың «жоғалып» кеткенін өздері де білмеген. Ақпарат алу үшін бірнеше күн күтуге тура келді. Алайда, көп сауал жауапсыз қалды.

«Ескерткіштердің астында тұрған тұғыры бүліне бастаған. Сондықтан мүсіндерді уақытша мәдениет үйінің алдына әкелдік. Оларды жөндеуге қажетті сома көлемі есептеліп, бюджеттен ақша бөлінеді. Бірақ әзір олардың қайда орналастырылатыны белгісіз. Қалған 6 ескерткіштің қайда кеткенін де білмеймін», - дейді Петропавл қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Азат Ыбыраев.

Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев, Қожаберген жырау, Федор Достоевский, Иван Шухов. Осындай ұлылардың есімі жазылған тақтайшалар аяқ астында жатыр. Қаланың кейбір тұрғындары бұл жерді ит қыдыртатын орынға айналдырған. Қоқыс та әкеліп тастайтыны көрініп тұр. Ескерткіштер мәдениет үйінің қызметкерлеріне қажеті жоқ сыңайлы. Әйтпегенде нысанда аула сыпырушының бары анық.


«ЗИЯЛЫЛАРДЫ ҚОР ҚЫЛҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ ТИІС...»

Жазира Көкбас ескерткіштердің осындай күйге түсуін тарихи тұлғаларға жасалған қиянат деп есептейді. Айтуынша, оған жол берген Петропавл қалалық әкімдігінің өкілдері жауапқа тартылуы тиіс.

«Кеше елдің алдында тұрған қазақ зиялыларының ескерткіштері бүгін қоқыста жатқаны өкінішті. Олар ел болашағы үшін аз еңбек сіңірген жоқ. Кезінде Мағжан сенген жастар осылай жасағаны өкінішті. Оның ісін жалғастырар ұрпақтың жоғы байқалып қалды. Бұл – облыс басшылығында ұлтқа жаны ашитын басшының жоқ екенінің белгісі. Бұл әрекет – қала әкімдігінің бассыздығы. Ескерткіштерді алып тастады екен, оны біздің көзімізше осылай қорламауы керек еді. Таса жерге қойғаны дұрыс болар еді. Осы үшін біз ұлт зиялыларының аруағының алдында айыптымыз. Кешірім сұрап, Құдайы ас беру керек. Кезінде ескерткіштерді жасау үшін қыруар ақша жұмсалғаны белгілі. Енді олардың керексіз болып қалғаны ма? Осындай әрекетке барған тұлғалар өз істері үшін жауап беруі тиіс», - дейді Жазира Көкбас.



11 жыл бұрын композицияны орнату үшін қала қазынасынан 38 млн теңге жұмсалған болатын. Осы күнде күтім көрмеген ескерткіштер бүлініп, жарыла бастаған. Өз заманында елі үшін еңіреп өткен арыстардың мүсіні мүсәпір күйде қоқыс арасында жатқаны өкінішті. Оны керек қылып жатқан әкімдік жоқ. Көше сәнін келтіріп тұрған мүсіндерді алып тастап, қоқыс арасына тастау қай шендінің шешімі? Петропавл қалалық әкімдігінен жауап күтеміз...
Просмотров материала: 320

Поделиться материалом


18:00 Застреливших мужчину из-за долга осудили в Актау... 91 Просмотров

17:50 Житель Уральска угнал авто и попал на нем в ДТП... 89 Просмотров

17:44 Чтобы чего-то достичь, надо обязательно быть "отморозком",... 672 Просмотров

17:35 Хищение 140 млн тенге госсубсидий выявили в ВКО... 71 Просмотров

17:33 Цой коронавирустың жаңа штамы туралы жазба жариялады... 108 Просмотров

17:18 Пандемия подтвердила, что необходим новый глобальный подход... 81 Просмотров

17:17 Түркістан облысында үйден үш ересек адам мен бір баланың... 826 Просмотров

17:12 Тоқаев ДДCҰ басшысымен кездесуде QazVac туралы мәлімдеме... 110 Просмотров

17:06 Шымкентте сүйіктісімен ренжісіп қалған бойжеткен көпірден... 105 Просмотров

17:04 Узбекистанец продал соотечественников в рабство в Казахстане... 77 Просмотров

17:02 "Сүйексіз" ер адам желі қолданушыларын таңғалдырды(ВИДЕО)... 119 Просмотров

16:52 Почему буксует подушевое финансирование детского спорта на... 121 Просмотров

16:45 К.Токаев встретился с генеральным директором ВОЗ... 78 Просмотров

16:31 Сот қарызы бар азаматтарға жеңілдік жасауы мүмкін... 135 Просмотров

16:26 Мужчина и женщина погибли от угарного газа в автомобиле... 104 Просмотров

16:19 Тұрғын үй нарығы: елімізде құрылыс компанияларының... 133 Просмотров

16:10 Инструктора бассейна приговорили к 4 годам тюрьмы за гибель... 78 Просмотров

15:54 Мужчины грабили жителей Павлодара под видом полицейских... 97 Просмотров

15:43 Алматыда кеңседен сейф ұрлағандар видеоға түсіп қалды... 193 Просмотров

15:41 Назван ущерб от хищений в структуре Минсельхоза РК... 96 Просмотров

15:22 1 желтоқсаннан бастап жазғы доңғалақты ауыстырмаған... 338 Просмотров

15:10 Снег и дождь ожидаются в Казахстане... 74 Просмотров

15:09 Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген тұрғын сотталды 4... 120 Просмотров

14:48 Двух школьниц сбили в Актюбинской области... 103 Просмотров

14:40 Алматы тұрғыны 2,6 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға... 715 Просмотров

14:36 Сырты конфет, іші есірткі. Тапқырлардың тергеу изоляторына... 116 Просмотров

14:33 2,6 миллиарда тенге обналичил житель Алматы... 84 Просмотров

14:22 Младенец погиб в страшном ДТП в Караганде... 105 Просмотров

14:20 Қарағандыда жол апатынан алты айлық сәби қаза болды... 115 Просмотров

13:56 Алматыда жаңа омикрон штамы тіркелуі мүмкін бе?... 120 Просмотров

13:51 Талғардағы балабақшада қайтыс болған баланың өлімі жайлы... 224 Просмотров

13:44 «Нысанды жабу үшін адам өлімі тіркелуі тиіс»: Петропавлда... 139 Просмотров

13:39 Тараздық әйел 18 жастағы ұлының өліміне әкімдік қызметкерін... 861 Просмотров

13:34 Мұнай күрт қымбаттады... 127 Просмотров

13:30 Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Ауыл шаруашылығы... 202 Просмотров

12:56 Полицейского подозревают в изнасиловании в ВКО... 122 Просмотров

12:43 20-летний алматинец избил и ограбил пожилую женщину... 114 Просмотров

12:23 Мужчину унесло на отколовшейся льдине в Балхаше... 110 Просмотров

12:10 Озвучен прогноз цен на жилье в Казахстане... 99 Просмотров

11:43 В Актюбинской области выявлена компания с признаками... 108 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930