16 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Антиваксер Айна Бакееваның 3-сынып оқушысына қатысты таратқан ақпараты жалған»: мектеп директоры түсініктеме берді

26 октябрь 2021, 12:08
«Антиваксер Айна Бакееваның 3-сынып оқушысына қатысты таратқан ақпараты жалған»: мектеп директоры түсініктеме берді
Жуырда әлеуметтік желіде еліміздің атышулы антиваксерлері елорда мектептерінің біріне баса-көктеп кіріп, шу шығарған видеосы тарады. Оқиға Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бейнежазбада шымкенттік дәрігер Айна Бакеева мен журналист Жанар Дәулеттің мектеп ішіне кіріп, ешбір рұқсатсыз кабинеттерді аралай бастағаны байқалады. Олар осылайша «балаларға еріктерінен тыс екпе салдырып жатыр» деген жалған ақпаратқа дәлел іздеген көрінеді. Кезекші мұғалімнің ескертуін елемеген антиваксерлерді мектептегілердің күштеп шығаруына тура келген. Көп ұзамай оқиға орнына Бакееваның жақтасы Анатолий Ким де жетіп келген. Алайда белсенділер ұзынқұлақтан естіген ақпараттарына ешбір айғақ таба алмады.

Болған жағдайға қатысты мектеп басшығы түсініктеме берді.

«5 қазан күні сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясына үш бейтаныс әйел келіп, мектеп директорымен кездесуді сұрады. Үшеуі де бастапқыда өздерін мектеп оқушыларының ата-аналары ретінде таныстырды. Вахта күзетшісі Р.К. Конканова мектеп фойесінде директорды күтуді ұсынды. Содан кейін күзетші оларды журналға тіркеп, қорғаныш құралдарын қолдануды және «Ashyq» бағдарламасы арқылы статусын тексеру керектігін айтты. Үшеуі де директорды күтуден бас тартып, бірден мектептің ішін аралауға кірісті», - деп жазылған хабарламада.



Білім ошағының директоры Самал Нұғыманованың сөзіне сенсек, белсенділер мекеменің ішкі ережелерін бұзып, тәртіпке бағынудан бас тартқан.

«Айна Бакееваның және журналистің негізгі мақсаты – «мектептерде балаларды заңсыз вакцинациялау» тақырыбында әлеуметтік желілер арқылы ата-аналар арасында дүрлікпе тудыру. Айна Бакеева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «бір ата-ананың сөзінше, оның 3-сыныпта оқитын баласына дәретханада инъекция жасалды» деген жалған ақпарат жариялады. Бұл ақпараттың жалған екендігін оқушының анасы Ұлжан Нарбаева да мойындады (оның үлкен ұлы 3-сыныпта оқиды)», - деп жазылған жауапта.

Белгілі болғандай, қоңырау кезінде 9-сынып оқушысының жағдайы нашарлай түскен. Ал бұл оқиғаны Бакеева бірден камераға түсіре бастаған. Өзінің мамандарылған дәрігер екенін айтып, оқушыға көмектесуді өтінген. Алайда баланы видеоға түсіру оның құқығын бұзу болып саналатынын мұғалімдер бірнеше рет ескерткенімен, Бакеева заңсыз әрекетін тоқтатпаған.

«Осыдан кейін мектеп мұғалімдері Айна Бакееваны және оның жанындағы журналист әйелді спорт залынан шығаруға мәжбүр болған. Алайда белсенділер мектеп аумағынан өз еркімен кетуден бас тартқандықтан, мекеме әкімшілігінің полицияға хабарласуына тура келді. Осылайша аталған азаматтардың заңсыз әрекеттеріне қатысты полицияға арыз жазылды», - делінген хабарламада.
Просмотров материала: 36 305

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 973 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 506 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 070 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 120 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 445 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 898 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 017 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 273 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 561 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 692 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 214 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 236 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 505 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 325 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 158 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 480 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 405 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 094 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 498 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 234 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 205 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 040 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 877 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 161 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 095 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 594 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 251 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 916 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 187 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 549 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 939 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 888 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 953 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 135 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 277 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728