25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЭКСПО ғимаратының іші-сыртын тазалауға бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді

20 октябрь 2021, 15:53
ЭКСПО ғимаратының іші-сыртын тазалауға бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді
EXPO-2017 көрмесінен қалған ғимараттардың іші-сыртын тазалау үшін 988,6 млн теңгенің лотын «QazExpoCongress» ҰК» компаниясы жариялап отыр


Фотоколлаж
EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің өткеніне биыл күзде 4 жыл болады. Дегенмен, көрмеден қалған ғимаратты күтіп ұстау бюджеттің мойнында қалған. Мәселен, биыл депутат Бақытжан Ертаев 262 мың шаршы метр аумақты алып жатқан EXPO-2017 кешенін күтіп ұстау үшін 2020 жылы «QazExpoCongress» АҚ 6,7 млрд теңге жұмсағанын айтып, мәселе көтерген еді.

Бұл компания тікелей Сауда және интеграциялар министрлігіне қарайды, сондықтан кешеннің күтіміне кететін миллиардтар осы министрліктің бюджетінен төленеді. Сауда министрі Бақыт Сұлтановтың бұл шығындарға қатысты сол кезде айтқан «сылтауын» сәл кейін еске саламыз. Қазір, «еден жуып, дала тазалауға» кететін 1 млрд теңгенің талабы қандай, талдап көрейік.

«Объектілердің ішкі жайларында және іргелес аумақтарында жасалатын клининг қызметтер» атты лот бүгін, 2021 жылдың 20 қазанында, таңертең жарияланды. Алдын ала талқылау бүгін сағат 15.00-де басталып, жеті күннен кейін, яғни 27-қазан күні осы сағатта аяқталады.

Тендер Қазақстанның мемлекеттік сатып алу сайтында емес, Еуразиялық электрондық порталда жарияланған. Жалпы, ұлттық компаниялардың сатып алу конкурстары көбіне осы порталда жарияланады.

Осы бір қызмет құны 988 659 821,00 теңгеге бағаланған. Жеңімпаз шартқа қол қойған күннен бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін қызмет көрсетеді. Лоттың техникалық сипаттамасын, мәселен қандай ғимарат күніне неше рет тазаланады, көрме кешенінің аумағы қалай тазаланады деген фактілер туралы ақпарат білу мүмкін емес, себебі ол мәліметті порталға тіркелген азаматтар ғана көре алады.

Ал, бұл порталға тек заңды тұлға немесе жеке кәсіпкердің электронды қолтаңбасы арқылы ғана тіркелу керек.

Журналистер үшін мәлімет жабық болғандықтан, біз компанияның баспасөз қызметіне телефон шалдық.

Баспасөз хатшы көрме аумағында 20-22 қазан күндері өтіп жатқан «KazAgro-2021» XІ халықаралық аграрлық көрмеде жүргенін айтты (бұл көрме ресейлік Ростельмаш компаниялар тобының қаржыландыруымен өтіп жатыр – авт.). Тендерге қатысты бірнеше сұрағымыз бар екенін айтқан соң, баспасөз хатшы компанияның ресми электронды поштасына ресми хат жолдау керек екенін түсіндірді.

Телефон арқылы өткен әңгімеде баспасөз хатшысы компания толығымен Сауда және интеграциялар министрлігінің қарамағында екенін және министр Бақыт Сұлтанов «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы екенін растады. Айта кетейік, елдегі азық-түлік бағасының қымбаттауына тосқауыл қоюға міндетті бірден бір орган – осы Сұлтанов басқарып отырған Сауда және интеграциялар министрлігі.

Материал басында жазғанымыздай, Бақыт Сұлтанов EXPO-2017 кешені өз шығынын толықтай өзі өтейтін деңгейге тек үш жылдан кейін, 2024 жылдан бастап ауысатынын хабарлаған. Бірақ, бұған дейін Сұлтанов көрме кешені 2020 жылдан бастап өз өзін ақтай бастайды деген де мәлімдемелер жасаған болатын.

Егер Сұлтановтың соңғы болжамы дәл келген күннің өзінде, 2024 жылға дейін орташа есеппен көрме кешенін тек тазалау үшін 1 млрд теңге қаражат бөлінсе, тек ғимараттардың тазалауға мемлекеттік бюджетке 4 млрд теңгеден астам салмақ салады деген сөз.
Просмотров материала: 570

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 226 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 047 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 019 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 961 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 944 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 490 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 244 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 270 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 860 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 040 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 317 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 563 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 711 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930