7 декабря 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қаскелеңнен келген мұғалім танымал ток-шоуға қатысқаннан кейін жұмысынан шығып қалды

20 октябрь 2021, 11:33
Қаскелеңнен келген мұғалім танымал ток-шоуға қатысқаннан кейін жұмысынан шығып қалды
Алматы облысының мұғалімі танымал ток-шоуға қатысқаннан кейін жұмыстан шығуға мәжбүр болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


34 жастағы Индира Патталова Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы орыс тілінде оқытатын Пушкин атындағы мектепте жұмыс істеген. Ол - ағылшын тілі мұғалімі. Оның айтуынша, қазанның басында "Еуразия" бірінші арнасындағы QosLike жобасына қатысқан. Екі-үш күннен кейін мектеп директоры шақырған.

"4 қазанда ток-шоуға алғаш рет бардым, тікелей эфир болды. Бағдарлама қатысушыларының біріне үміткер ретінде қатыстым. Бұл әрекетім жұмысыма әсер етеді деп ойламадым. Алайда мектеп директоры шақырып, түрлі сұрақтар қойды. Олардың айтуынша, оқушылардың бірінің ата-анасы эфирді көрген. "Өз қалауыммен жұмыстан кетемін" деп жұмыстан шығуға арыз жазсам, жақсы болатынын айтты, яғни мәжбүрледі. Солай істеуіме тура келді.

Олардың пікірінше, мұғалімдер телешоуларда жүрмеуі керек. Олар бұл ток-шоуға жұмыссыз адамдар қатысатынын айтты. Мектеп әкімшілігі басқа ата-аналар да көріп, сын айтады деп қорықты. Бірақ бағдарламада жаман ештеңе жасамадым, артық ештеңе айтпадым", - деді Патталова.



Бұл салада оның 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Бұл мектепте бір ай ғана жұмыс істегенін атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін төрт жыл Нұрсұлтан Әлімқұлов атындағы мектепте еңбек еткен. Ол жерде Патталова оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

"Жеке өмірімді ретке келтіру үшін ол жерден кеттім. Себебі ажырасқаныма алты жыл болды, осы уақыт ішінде ешкіммен сөйлесуге тырыспадым. Сондықтан биыл әр адам өз махаббатын іздейтін QosLike ток-шоуына барамын деп шештім. Бірақ алғашында оқу ісі меңгерушісі болсам, мұндай бағдарламаларға қатыса алмаймын деп ойладым. Сондықтан мұғалім ретінде қызметімді жалғастырамын деп шешім қабылдадым. Жеке өмірді мансаптан биік қойдым. Бірақ бірінші әрекетім сәтсіз болды", - деді ол.


Индира Батталова болған жағдайға өкінбейтінін, өмірінде өзгерістер болатынына үміттенетінін айтты.

"Мұғалімдерге көп нәрсеге тыйым салынғанын білемін. Бірақ ток-шоуға қатысуымның салдары осылай болады деп ойламадым. Бұл әрекетіме ешкім ештеңе айтпайды, ары кетсе, ұрысады деп ойладым. Бәрі осылай өзгеріп кетті, бірақ өкінбеймін. Қазір демалып жатырмын, сонымен қатар, болашақта не істейтінімді, жоспарларымды ойланамын. Мүмкін, репетитор боламын", - деді педагог.

Патталова QosLike бағдарламасының үш шығарылымына қатысты. Ол эфирде болған уақытында әлеуметтік желіде жағымсыз пікірлер келгенін айтты.


Алматы облысының білім басқармасы Патталованың жұмыстан кету себебін түсіндірмеді, тек мұғалімнің жұмыстан шыққанын растады.

"Индира Патталова 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Пушкин атындағы мектепке ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 2021 жылдың 1 қазанынан бастап өтінішіне байланысты өз еркімен жұмыстан босатылды. Бұған дейін Әлімқұлов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған", - деді басқармада.
Просмотров материала: 9 723

Поделиться материалом


18:58 Рекордное количество заявок подали казахстанцы на снятие... 206 Просмотров

18:42 Минтруда не планирует пересматривать порог достаточности на... 210 Просмотров

18:25 Министр мыңдаған қызметкердің зейнет жасы төмендейтінін... 5 159 Просмотров

18:24 До сих пор ведутся поиски пропавшего военного после взрывов... 232 Просмотров

18:17 Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан не туралы уағдаласқанын айтты... 481 Просмотров

18:10 Около 80% детсадов не прошли госаттестацию в Казахстане –... 209 Просмотров

17:55 Ресейде омикрон штаммының алғашқы екі жағдайы анықталды... 192 Просмотров

17:53 К.Токаев рассказал, о чем договорились Казахстан и... 217 Просмотров

17:45 Жыл басынан бері төтенше жағдай салдарынан 1,5 мың адам... 206 Просмотров

17:43 2021 год для Казахстана является важным рубежом - Эдуард... 237 Просмотров

17:42 Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алу қашан басталады?... 271 Просмотров

17:35 58-летний мужчина заставлял жительницу Уральска заниматься... 219 Просмотров

17:25 К.Токаев провел переговоры с президентом Узбекистана... 199 Просмотров

17:19 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4... 229 Просмотров

17:16 Алматыда алапат жер сілкінісі болуы мүмкін – төтенше... 304 Просмотров

17:15 Четверо человек погибли при пожаре в Костанае... 135 Просмотров

17:13 Алматы облысы тұрғыны қандастарға артық төлем алу... 137 Просмотров

16:58 Взрывы в Таразе: Какие нарушения выявлены после проверки... 137 Просмотров

16:52 Когда начнется платная вакцинация Pfizer в Алматы... 167 Просмотров

16:33 Сколько казахстанцев погибли при ЧС с начала года... 159 Просмотров

16:25 Онлайн оқу фонограммамен ән айту сияқты... 1 525 Просмотров

16:10 Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 9,75%... 145 Просмотров

15:55 Перевести излишки из ЕНПФ в "Отбасы банк" можно будет лишь... 189 Просмотров

15:49 Балалар арбасына дәрет сындырған алматылық қамауға алынды... 350 Просмотров

15:46 Тағы 4 қала тұрғындары дайын құжаттарды ХҚО-дан үйге... 198 Просмотров

15:43 Признаки финпирамиды выявили еще у одной компании... 160 Просмотров

15:42 Анасына ренжіген екі оқушы қыз үйден кетіп қалған... 213 Просмотров

15:36 Гүлшара Әбдіқалықова спорт кешеніндегі фотосымен ұятқа қалды... 156 Просмотров

15:21 Справивший нужду на коляску алматинец арестован... 172 Просмотров

15:14 Базалық мөлшерлеме 9,75% деңгейінде сақталды... 167 Просмотров

15:05 Водитель скорой помощи ездил пьяным в Павлодарской области... 168 Просмотров

15:03 35 медицина қызметкері есірткі айналымы саласындағы... 193 Просмотров

15:01 Теміртауда ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті... 181 Просмотров

14:58 Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету: ережеге қандай... 197 Просмотров

14:54 Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті... 378 Просмотров

14:50 БЖЗҚ-дағы артық қаражатты "Отбасы банкіне" тек 2022 жылдан... 199 Просмотров

14:29 "Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады". БҒМ пікір... 183 Просмотров

13:47 В Темиртау при пожаре заживо сгорели пожилые супруги... 208 Просмотров

13:32 141 уголовное дело о торговле людьми завели в Казахстане... 186 Просмотров

13:20 Девушка выпрыгнула с 12-го этажа в Алматы... 227 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031