7 декабря 2021 г.

Мы в соц сетях:



Адамды аман алып қалғаннан басты ештеңе жоқ

19 октябрь 2021, 15:23
Адамды аман алып қалғаннан басты ештеңе жоқ
Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда Құтқарушылар күні аталып өтеді. Мереке қарсаңында Алматы апатты-құтқару жасағының қызметкері Игорь Клунныйдың жұмысымен таныстық. Алматылық құтқарушы Игорь Клунный үшін бұл кәсіп бала күнгі арманы немесе тағдыр тартуы емес.

Ол кәсіптің машақаты мен романтикасы туралы ата-анасының достарынан естіп, мамандықты жасөспірім шақта таңдаған. Сол шақта кеден ісі мамандығына дайындайтын оқудан шығып, болашақ құтқарушыларды дайындайтын колледжге ауысқан. Игорь осы шешімі мен әріптестерінің күнделікті тыныс-тіршілігі туралы Sputnik Қазақстан тілшілеріне айтып берді.

Сақтанып жүрген жөн
Біз Игорь Клунныймен қыркүйектің ортасында Алматыдағы Сайран өзенінің жағасында кездестік. Ол бүкіл жаз маусымын осы аумақта өткізіп, шомылушылардың қауіпсіздігін бақылап жүрді. Су біршама салқын болғандықтан, жүзуге екінің бірі беттемеді. Ал күннің ыстығы әлі басылмаған, сондықтан күн көзіне қыздырынуға келетіндердің қарасы көп болды.

Адамды аман алып қалғаннан басты ештеңе жоқ

Игорь Клунныймен қыркүйектің ортасында Алматыдағы Сайран өзенінің жағасында кездестік
"Мен арғы бетте адам қарасы көп екенін көріп тұрмын. Бірақ, жай күнге қыздырынып, шомылып жатқан секілді. Алайда мен бәрібір тексеріп шығамын", - деді бізбен амандасып үлгерген Игорь қолындабы бинокльмен көзін алысқа тігіп.

Құтқарушыны түйсігі алдамады. Оның серіктесі қызметтік катерге мініп, айналадағы жағдайды бақылап келуге кеткенде Игорь бізбен әңгімелесуге уақыт тапты. Ол осыдан бір апта бұрын жағалауда болған оқиғалар жайлы айтып берді.

"Жігіт шомылып жүрді, ал оның үш досы жағалауда болды. Ол қалтқыға дейін жүзіп барды да, ұстап, біраз уақыт асылып тұрды. Мен осы уақытта оларды бақылап тұрдым. Ол кері қарай жүзгенде суға бата бастады. Бірақ бұл қалжың секілді көрінді: ол суға сүңгіп, жымиған күйі қайта су бетіне қалқып шықты", - дейді Алматы құтқару қызметі апаттық-құтқару жасағының құтқарушысы Игорь Кунный.

Бұл жолы бәрі жақсы болып, дер кезінде көмек көрсетіп үлгерген. Игорьдің айтуынша, әлгі жігіт екеуінің табаны жерге тигеннен-ақ ол құтқарушыға алғыс айта бастаған. Ал оның достары есеңгіреген күйден оңай ес жия алмаған.

"Терең суда мұндай қалжың орынсыз болады. Сондықтан әр жағдайды тексеру қажет. Шамамен 18 жастағы жігіттің айтуынша, ол суға кетіп бара жатқанда бірдеңе деп айқайлауға шамасы жетпеген. Тек ауа жұтып, тереңге бата берген. Сырт қарағанда бұл ойын секілді көрінген. Оның достары суға батып жатқанын түсініп те үлгермеген. Біз жағаға шыққанда олар қатты қорықты", - деп еске алды құтқарушы.

Мамандыққа апарар жол
Игорь Клунныйдың айтуынша, оның осы мамандыққа келер жолы оңай болмады. Ол өз замандастары секілді тоғыз сыныпты тәмамдаған соң колледжге кеден ісі мамандығына оқуға түскен. Осы оқу орнында бір жыл оқып, кейіннен құтқарушы кәсібін игеру туралы шешім қабылдаған. Анасының құрбысының күйеуі республикалық жедел құтқару жасағында қызмет еткен. Оның әңгімелері Игорьдың осы мамандықты таңдауына әсер етсе керек. Осылайша Игорь келесі оқу жылын кәсіби құтқарушылар дайындайтын колледжде бастады.


Игорь кәсіби құтқарушылар дайындайтын колледжде оқыды
Ол өзінің алғашқы және маңызды мақсатына 2003 жылы қол жеткізген.

"Бұл кезде жұмыста ауыс-түйіс көп болды. Біреулер қызметке келіп жатты, біреулер кетіп жатты. Мен жұмыс істей бастағанымда қызметімді альпинизм бойынша үшінші разрядты жабудан бастадым. Екі аптаға созылатын жиын өтті. Маған сол жиыннан жақсы өтсем, онда ары қарай алаңсыз жұмыс істей бересің деді. Ал альпинизм бойынша разрядты жабу бәрінің қолынан келе бермеді. Мен мұны орындаған соң, маған ары қарай айналысу туралы ұсыныс түсті, мен жалғастырдым", - дейді Игорь.

Оның айтуынша, қазір еңбек етіп жүрген апаттық-құтқару жасағында бұрын да, қазір де ешкімді жұмыс бағыты бойынша бөліп-жіктеген емес. Құтқарушы - бұл кез келген жағдайда көмекке келе алатын адам. Сондықтан бір ғана физикалық тұрғыдан дайын болу жеткіліксіз. Қолынан көп іс келіп, көп мағлұмат білуі керек.

"Мысалы, мен жүзуді алты жасымда Алматыдағы пионерлер үйінде үйрендім. Кейіннен есейгенімде су полосымен айналыса бастадым. Ватерполистер жай ғана жүзушілер емес. Бізге өте ауыр тапсырма беретін. Жаттығу арасында бізді суда сенімді тұруға үйретті. Салмағы он килограмм болатын штангі темірлерін көтеріп те жүздік. Мұны аяғыңда күш болған жағдайда ғана орындау мүмкін болды. Бұл қазіргі жұмысымда маған үлкен септігін тигізіп жатыр", - деді Игорь.

Қателік қаупі
Игорь үшін құтқару қызметіндегі үш жыл үш күндей өте шыққан. Бірақ ол бір күні жұмысқа келіп, қызметтен кету туралы рапортқа қол қойған. Клунный бұл туралы егжей-тегжейлі айтпағанмен, аздап өкінетіні сөзінен байқалады.

"Мен 2003 жылдан бері қызметте болдым. Бірақ 2006 жылы жұмыстан кеттім. Кейін бұл ісім үшін қатты өкініп, қайта жұмысқа орналасқым келді. Бірақ ұзақ уақыт бойы сәті түспеді. Әйтсе де біршама уақыттан соң осы салаға қайта оралдым", - деп еске алды құтқарушы.


Тек үздіктер мен мықтылар ғана құтқарушылар қатарын толықтыра алды
Оның айтуынша, құтқару қызметінде сол шақта үміткерлерді іріктеу кезінде белгілі бір ұстанымдар болды. Олар алдымен волонтер ретінде қызметке кірісіп, өз мүмкіндігін көрсетулері қажет болды. Тек үздіктер мен мықтылар ғана құтқарушылар қатарын толықтыра алды. Ал ол үшін алдымен жұмыс орны босауы керек. Игорьге өзі жіберген қатені түзету үшін жыл сайын кәсіби машығы мен біліктілігін дәлелдеуге тура келді.

"Мен уақытша бассейнде құтқарушы болып жұмысқа орналастым. Үмітім үзілген шақта мені тауып алып, құтқару қызметінде жұмыс ұсынды. Қазір еш өкінбеймін. Себебі бұл менің салам екенін сеземін. Екінші рет мұндай қате шешім қабылдамайтыным анық", - дейді ол.

Құтқарушының бір күні
Игорь Алматыдағы Сайран өзенінің жағалауын үлкен дүрбі арқылы бір шолып өткенде, алғаш рет адам өмірін құтқарып қалғаны есінде ме деген сауал қойдым.

"Бұл жағдай ең алғаш рет жұмысқа орналасқаннан кейін көп ұзамай-ақ болды. Ол кезде жол апаты тым көп болатын. Біз сондай оқиға орнына жиі баратынбыз. Ал нақты кім және қалай болғаны қазір есімде жоқ. Көп уақыт өтті", - дейді құтқарушы.


"Адамды аман алып қалғаннан басты еш нәрсе жоқ"
Біз құтқаруға арналған жеңіл қайық шетіне отырдық.

"Адамның басына қиын іс түскенде құтқарушы өзін соның орнына қойып, оның сезімі мен ойын ұғына алуы маңызды. Әр жағдайда оған көмек көрсетумен қатар әңгімелесу, қолдау білдіріп, сабырға шақырудың да маңызы зор. Сен жай ғана қызметтік міндетін орындауға келген адам емес, оның жанашыры, досы екеніңді сезіндіруің қажет", - дейді Игорь Клунный.

Оның айтуынша, апатқа тап болған адамдарға әркез психолог көмегі қажет. Бірақ құтқару қызметінде бір ғана психолог маман бар. Сондықтан ол барлық жерге барып үлгермейді. Алайда құтқарушылардың қызмет еткен жылдарындағы тәжірибесі мен біліктілігі мұндай жағдайда қарап қалмай, өз күшімен көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

"Өз білгеніңді кәдеге жарата алатының қуантады. Мұның адам өмірін құтқаруда пайдасы тигені тіпті тамаша. Адамды аман алып қалғаннан басты ештеңе жоқ", - дейді ол.

Оның пікірінше, құтқару операциясы әркез уақытқа қарсы күрес іспеттес. Сондықтан оқыс жағдай болғанда барлық құтқарушы уақытты жоғары бағалай бастайды. Клунныйдың айтуынша, таудағы адамдарды құтқарудың ұзаққа созылуы кезінде мазасыздық туындайды.

"Тауға шыққан қыздарды құтқарғанымыз есімде. Ымырт түсе бастаған еді. Олар адасып қалған. Сағат 22:00-де олар бірінші рет қоңырау соқты. Ал біз оларды таңғы төрт шамасында таптық. Тар жолмен жүріп, альпинистік жабдықты қолдану арқылы оларды екі сағатта төменге алып түстік. Өздері қайта алмас еді. Бірнеше күннен кейін ол қыздар ТЖД белгісі мен "Құтқарушыларға рахмет!" деген жазуы бар торт алып келді. Мұндай кезде көңілің көтеріліп қалатыны рас", - дейді құтқарушы.

Ол бұл жұмыста орны толмас қайғыға алып келген апаттарды көру қиын екенін айтты.

"Мұның барлығын көру, әрине, өте ауыр. Бірақ бізде басқа амал жоқ: қолымыздан келгенін жасаймыз, бар болғаны сол. Көп ойламауға тырысамыз. Бұл өмір екенін, біз ештеңе өзгерте алмайтынымызды түсінуге тырысамыз. Егер адам аман қалса, барынша жылдам көмектесуге ұмтыламыз. Егер көмек беруге тым кеш болса, мәйітті шығарып, туыстарына тапсырамыз", - деді әңгімені басқа бағытқа бұруға асыққан Клунный.

Ақылмен орындау керек
Игорь бізге шай ұсынды. Алайда күн кеш болып қалғандықтан, біз шайдан бас тарттық. Ал құтқарушылар жағалауда қалады. Бәлкім, түнде жұмыс істейтін болар. Сайран өзенінің жағалауында серуен құратындар өте көп. Кейбіреулер масаң күйде келіп, суға түседі.


Бастапқыда құтқарушының жақындары кәсіп ауыр екенін айтып алаңдаған
Құтқару станциясынан шыға бергенде отбасы оның құтқарушы қызметіне қатысты алаңдамайды ма деген сауал қойдым.

"Үйде әйеліммен менің жұмысым эайлы сөйлесеміз. Бірақ мен барлығын тәптіштеп айтпауға, көңілге қаяу түсіретін тұсын бұғып қалуға тырысамын. Бастапқыда жақындарым мен үшін алаңдады. Бұл қауіпті мамандық екенін білді. Бірақ қазір олар барлығын ақылмен орындаса, қауіптенетін жағдай аз екенін біледі. Оның үстіне, барлық қажетті жабдық бар кезде әр әрекетті ойластырып орындау керек. Алматыда, қала сыртында туындауы мүмкін жағдайға сақадай сай тұрып, әркез көмек көрсетуге тырысып жатырмыз", - деп жауап берді Игорь Клунный.
Просмотров материала: 1 873

Поделиться материалом


18:58 Рекордное количество заявок подали казахстанцы на снятие... 199 Просмотров

18:42 Минтруда не планирует пересматривать порог достаточности на... 202 Просмотров

18:25 Министр мыңдаған қызметкердің зейнет жасы төмендейтінін... 5 119 Просмотров

18:24 До сих пор ведутся поиски пропавшего военного после взрывов... 225 Просмотров

18:17 Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан не туралы уағдаласқанын айтты... 474 Просмотров

18:10 Около 80% детсадов не прошли госаттестацию в Казахстане –... 202 Просмотров

17:55 Ресейде омикрон штаммының алғашқы екі жағдайы анықталды... 187 Просмотров

17:53 К.Токаев рассказал, о чем договорились Казахстан и... 211 Просмотров

17:45 Жыл басынан бері төтенше жағдай салдарынан 1,5 мың адам... 199 Просмотров

17:43 2021 год для Казахстана является важным рубежом - Эдуард... 231 Просмотров

17:42 Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алу қашан басталады?... 265 Просмотров

17:35 58-летний мужчина заставлял жительницу Уральска заниматься... 212 Просмотров

17:25 К.Токаев провел переговоры с президентом Узбекистана... 192 Просмотров

17:19 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4... 223 Просмотров

17:16 Алматыда алапат жер сілкінісі болуы мүмкін – төтенше... 298 Просмотров

17:15 Четверо человек погибли при пожаре в Костанае... 131 Просмотров

17:13 Алматы облысы тұрғыны қандастарға артық төлем алу... 133 Просмотров

16:58 Взрывы в Таразе: Какие нарушения выявлены после проверки... 133 Просмотров

16:52 Когда начнется платная вакцинация Pfizer в Алматы... 162 Просмотров

16:33 Сколько казахстанцев погибли при ЧС с начала года... 155 Просмотров

16:25 Онлайн оқу фонограммамен ән айту сияқты... 1 508 Просмотров

16:10 Нацбанк сохранил базовую ставку на уровне 9,75%... 141 Просмотров

15:55 Перевести излишки из ЕНПФ в "Отбасы банк" можно будет лишь... 185 Просмотров

15:49 Балалар арбасына дәрет сындырған алматылық қамауға алынды... 346 Просмотров

15:46 Тағы 4 қала тұрғындары дайын құжаттарды ХҚО-дан үйге... 194 Просмотров

15:43 Признаки финпирамиды выявили еще у одной компании... 156 Просмотров

15:42 Анасына ренжіген екі оқушы қыз үйден кетіп қалған... 209 Просмотров

15:36 Гүлшара Әбдіқалықова спорт кешеніндегі фотосымен ұятқа қалды... 152 Просмотров

15:21 Справивший нужду на коляску алматинец арестован... 168 Просмотров

15:14 Базалық мөлшерлеме 9,75% деңгейінде сақталды... 163 Просмотров

15:05 Водитель скорой помощи ездил пьяным в Павлодарской области... 163 Просмотров

15:03 35 медицина қызметкері есірткі айналымы саласындағы... 190 Просмотров

15:01 Теміртауда ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті... 177 Просмотров

14:58 Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету: ережеге қандай... 193 Просмотров

14:54 Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті... 373 Просмотров

14:50 БЖЗҚ-дағы артық қаражатты "Отбасы банкіне" тек 2022 жылдан... 196 Просмотров

14:29 "Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады". БҒМ пікір... 178 Просмотров

13:47 В Темиртау при пожаре заживо сгорели пожилые супруги... 204 Просмотров

13:32 141 уголовное дело о торговле людьми завели в Казахстане... 183 Просмотров

13:20 Девушка выпрыгнула с 12-го этажа в Алматы... 223 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031