26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкент халқы жол сұрайды, ал әкімдері жаңажылдық безендіруге 100 млн теңге жұмсамақ

16 октябрь 2021, 11:39
Шымкент халқы жол сұрайды, ал әкімдері жаңажылдық безендіруге 100 млн теңге жұмсамақ
Шымкенттегі Қаратау ауданының әкімдігі желтоқсандағы үш мерекеге 37,8 млн теңге, ал, Абай ауданы мемлекеттік бюджетті сәл үнемдеп, 29,9 млн теңге бөлген. Әл-Фараби ауданы жаңажылдық безендірудің өзіне ғана 34 млн теңге жұмсамақ.

Мемлекеттік және ұлттық мерекені тойлауда Шымкент қаласының әкімдігі алдына жан салмайтын жергілікті атқарушы органдардың бірі. Пандемия өршіп тұрғанда Наурыз мерекесін атап өтуге жарты млрд теңге бөлгенін халық әлі ұмытқан жоқ. Енді міне, желтоқсан айындағы үш негізгі мерекеде қаланы жай ғана безендірудің өзіне Мұрат Әйтеновтің командасы 100 миллион теңгеден астам қаражат жұмсамақ.

Айта кетейік, жылдың соңғы айында Қазақстан халқы 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, араға екі апта салып Жаңа жыл мерекесін атап өтеді.

Шымкент қалалық әкімдігі желтоқсан айына әзірге дайындалып жатқан жоқ тәрізді, мемсатып алу порталында тиісті конкурс жарияламаған. Есесіне, қаладағы аудан әкімдері белсенділік танытып, қазанның басында-ақ ту тігіп, шырша орнату үшін миллиондар жұмсауға дайын отыр.

Әйелдер жол жабады, әкімдік той тойлайды

Бір апта бұрын Шымкенттегі Қаратау ауданының әкімдігі ірі лоттардың бірін жариялады. Мемлекеттік мекеме «Елді мекенді, ауданды, қаланы мереке мен өзге де шараларға орай безендіру» атты лотты қазанның жетісі мемсатып алу порталына шығарған. Қызмет құнын 37 млн 835 мың теңгеге бағалаған. Сметалық құжатта әкімдік қызметкерлері бұл қаражатты үш мерекеге бөлетінін атап өткен.

Шымкент халқы жол сұрайды, ал әкімдері жаңажылдық безендіруге 100 млн теңге жұмсамақ


Ал, бірнеше күн бұрын ғана осы Қаратау ауданына қарасты Асар шағын ауданының тұрғындары көшенің сапасына, ауыз судың жоқтығына наразылық танытып, жолдарды жауып тастаған еді. Әрине, полиция қызметкерлері оларды тез таратты. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларға қарасақ, көшеге шыққан халықтың барлығы дерлік әйелдер. Жергілікті полиция оларды күшпен автобусқа салып, алып кетті.

Шымкент тұрғыны, әлеуметтік желіде белсенді Әмина Көлбаеваның айтуынша, көшеге шыққан халықтың бір ғана талабы болған. Ол – жыры бітпеген жолайрықтың құрылысы. Жергілікті шенеуніктер «Асар-2» шағынауданындағы жол мәселесін шешіп береміз деп көптен бері уәде етіп, алайда уәдені орындамай келеді екен.

«Осылай да масқара болды бұл билік... Олар нан сұраған жоқ, киім сұрамады, өздеріне тиесіліні қаншама жыл бойы уәде етілген нәрсені ғана талап етті. Қолдарынан келгенше назар аудартуға тырысты. Қарыс аттам жердегі елдімекенде тұратын көршілері сияқты батпақсыз жолмен жүріп, балауыз шам сияқты сығырайған электр жарығынан шаршап көзді ашып отыратын жарықты сұрады. Жұрт сияқты газ кіргенін қалады үйлеріне. Әкімдіктің, басқарма басшыларының уәдесіне әбден тойған, себебі... Шаршады, күйіп кетті», - деп жазады ол.

Абай ауданын абаттандыру – 29 млн теңге

Ал, қаладағы Абай ауданы мемсатып алу порталында конкурсқа бөлінген 30 млн теңге «қаланы абаттандыруға» жұмсалады деп көрсеткен. Айта кетейік, Қаратау ауданындағы халықтың көтеріп отырған мәселесі дәл осы абаттандыру жұмыстарына жатады. Егер, конкурс осылай аталса, миллиондар расымен халық жүретін көшені абаттандыруға жұмсалуы керек еді.

Алайда, бұл лоттың техникалық сипаттамасына үңілсек, бұл аудан да 30 млн теңгеге жуық қаражатты мерекелік шараларға арнап отыр.



Конкурстың техникалық құжаттамасында бұл қаражат 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелеріне орай қала көшелерін безендіруге арналғаны айдан анық жазылған. Тапсырыс беруші, яғни Абай ауданының әкімдігі қосымша талап ретінде Президент күніне орай орталық көшелерді, 16 желтоқсан күніне орай орталық алаңды, ал 31 желтоқсанда қайтадан орталық көшелерді Жаңа жыл тақырыбына орай сәндеп шығу керек деп жазған.

Әл-Фараби ауданындағы «12 періштенің» құны қанша?

Жалпы, мемлекеттік сатып алу порталында конкурстың түпкі мақсаты мен ең ақырғы сомасы бірден байқалмайды. Мәселен, Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының әкімдігі «Жаңа жылдық безендіру» қызметі үшін күні кеше ғана 9 млн теңге қаражат бөліп, конкурс жариялаған.



Бірақ, конкурстың қосымша құжаттарын ашып қарасақ, аудан ІІ жарты жылдық бойы аудан көшелерін безендіруге бірнеше есе көп қаражат бөлгенін байқаймыз. Ал, безендірудің тақырыбы Жаңа жылдағы көңіл күйге дәл келеді.

Құжаттамаға сәйкес, «Арбат демалыс аумағында орналасқан светодиодты элементтерді күтіп ұстау (94 зонтик, 12 ангел, ағаштарға бекітілген 44 светодиодты кабельді шамдар) – 8,7 млн теңге, Арбат демалыс аумағына Әл-Фараби алаңынан кіреберісіне жаңа нұсқадағы арка орнату (биіктігі ені) – 3,8 млн теңге, Көше бойында орналасқан аркаларды жаңғырту (Кең баба саябағының алдында, Қиял әлем саябағының алдында, Республика даңғылы «Колос» аялдамасы алдында және Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан ұзындығы 24 м, биіктігі 8 м) – 11,9 млн теңге, Жаңа жыл мерекесіне арналған аудан аумағын мерекелік безендіру – 10,1 млн теңге, барлығы 34,6 млн теңге қарастырылған.

Бұл құжатты аудан әкімінің орынбасары А.Мұсабаев бекітетіні белгілі.

Егер, үш ауданның желтоқсан айындағы мерекелерді безендіруге бөлген қаражатын есептесек, 101,7 млн теңге шығады. Яғни, қаланың мемлекеттік бюджеті бір айда 100 млн теңгеден «айырылады» деген сөз.

Ал, әлеуметтік мәселелерді шешуді талап еткен шымкенттік тұрғындарға тағы біраз күтуге тура келетін сияқты. Әкімдік оларға жол салып бермесе де, мерекеде көтеріңкі көңіл сыйлайтыны анық.
Просмотров материала: 1 008

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 269 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 090 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 062 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 004 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 987 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 058 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 579 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 726 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930