16 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Мен азғын емеспін»: Ұйғыр ауданында мектеп директорының қызметтен қуылған орынбасары өз шындығын айтты

«Мен азғын емеспін»: Ұйғыр ауданында мектеп директорының қызметтен қуылған орынбасары өз шындығын айтты
Алматы облысындағы мұғалімдер дауы толастар емес. Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылындағы мектеп директоры осыдан біраз уақыт бұрын өзіне қол салып қайтыс болған еді. Артынша мұғалімдер мен ауыл тұрғындары митинг ұйымдастырып, бастықты өлімге орынбасары итермеледі деп мәлімдеген. Тіпті, ондаған әйел орынбасардан азғындық көрдік деп те айтты. Осы жайттардан кейін Марат Мұхаметов қызметінен қуылды. Бұған дейін де лауазымды орнынан бір рет шығарылып, қайта қабылданған орынбасар сот арқылы әділдікке жетемін дейді.

Марқұм Азизжан Дараев пен оның орынбасары Марат Мұхаметовпен арадағы тартысты мектеп ұжымы ғана емес ауыл, аудан тұрғындары да білген. Ал, полицияға арыз түсірген 20-дан астам әйел директор орынбасарынан харассмент көрдік дейді. Айтуларынша, ол жай сөзбен қырындап қана қоймай, әйелдерге жиі қол жүгіртеді екен. Алайда, Мұхаметовтің өзі мұны үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

«Мені мектептегі қыздарға қырындады деп жұмыстан шығарды. Ұжымдағы 20 әйелдің мені қырындады деуі өтірік. 89 жастағы менің әкем бұл жағдайларды әлі естіген жоқ. Естісе не боларын білмеймін. Әкем түгілі өзім асылып өлейін дегем. Жоқ болып кеткім келді. Жаланы көтере алмадым. Туыстарым мен достарым сабырға салды. Мен азғын емеспін. Ол ұжымда әйелім де жұмыс істейді. Қазір үйде ауыр атмосфера қалыптасқан. Желтоқсанда арыз түскен еді, тергеу ісін 16 сәуірде ІІМ-ге өткізіп жіберген. Қазір тергеудің қалай жүріп жатқанын білмеймін», - деді М.Мұхаметов.

«Ғ.Сәдуақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебі» КММ жүзден астам адам жұмыс істеп, 700-ге жуық бала білім алып жатыр.

Марат Мұхаметов осыдан бір апта бұрын басшылық қызметтен қуылды. Ол аудан орталығы Шонжы ауылынан басқа жұмыс тауып үлгерген. Айтуынша, директор екеуінің арасындағы дау әу баста мектептегі шаруашылық заттарына таластан басталған көрінеді.

«Мектептің заттарын сыртқа шығармадым. Директор шаруашылықтың кейбір заттарын өзіне алғысы келді, мен оны бермедім. Директор «2 тонна дизельді шығарып бер» деген. Мен оған көнбедім. Қыста мектепті жылыту үшін 38 тонна, 180 литр дизель бөлінеді. Марқұм директор Азиздың Үлкен Ақсуда 3 гектар, шекара жақта тағы 3 гектар жері бар. Ақ, көк түсті бояуларды сол жердегі шаруашылығына қолданбақ болған. Мен басында үш-төрт банкідегі бояуды сұрап тұр екен деп ойлағам. Бірақ ол «үш қорап бояу алам» деді. Бір қорапта 9 банкіден 27 кг сыр бар. Барлығы еден сырлайтын бояулар. Мен ол заттарды бермедім, дау содан басталды», - дейді Марат Мұхаметов.

Қайғылы жағдай орын алған соң коммисияның қортындысы негізінде Мұхаметов жұмысынан екінші рет қуылды. Ол бұл істерге лауазымды екі адамды кінәлайды. Бұған дейін де сот арқылы жұмысқа қайта орналасқан Мұхаметов аудандық білім бөлімімен соттаспақ. Сот арқылы екінші рет қайта оралуды мақсат тұтады. Айтуынша, оның бүкіл отбасы осы мектеп арқылы жан сақтап келеді екен.

«Әкем жуырда тоқсанға толады. Ол кісі уақытында осы мектепте директор болған. Туған әпкем де осында ұзақ жыл жұмыс істеді. Қазір әйелім мен қарындасым осында мұғалім. Менің ұлым мен қызым оқып, екеуі де «Алтын белгімен» мектепті бітірді. Соңғы отыз жылда ешкім «Алтын белгі» алмаған.

Қазір бәрі директордың өліміне мені кінәлі етіп жатыр. Мұның артында тұрған – аудандық білім бөлімінің басшысы Әділжан Аширов пен аудан әкімінің орынбасары. Мен жұмысыма қайта оралу үшін арыз жазамын. Иә, аудан әкімінің сыныптасымын, оны жасырмаймын. Бірақ, әділдік болғанын қалаймын», - деді Марат Мұхаметов.

Еске салайық, мектеп директоры Азизжан Дараев биыл 10 қыркүйекте өз үйінде асылып қалған болатын. Әріптестері мен ауыл тұрғындары оны өлімге орынбасары итермеледі деп бірнеше рет көтерілген.
Просмотров материала: 7 820

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 197 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 021 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 90 989 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 90 927 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 90 905 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 420 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 185 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 209 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 631 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 765 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 557 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 281 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 368 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 154 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 285 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 138 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 437 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 130 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 077 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 289 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 819 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 183 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 916 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 001 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930