13 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістанда сотқа қатысқан ақсақалдар топ болып төбелесті

Түркістанда сотқа қатысқан ақсақалдар топ болып төбелесті
Түркістанда кәсіпкердің сотына қатысқандар төбелес шығарды. Жәбірленушілер мен жауапкерлердің жақтастары бір-біріне жұдырық алған жүгірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жаға жыртысқан жандарды оқиға орнына жеткен ондаған полиция әрең ажыратып алған. Қос тарапты құқық қорғау органдарының қызметкерлері бөліп тастағанмен, ашулы ақсақалдар қарғыс айтып, қол жайып, бір-біріне теріс батасын жаудырды.

Қас қарайғанда әрең тараған Сайрам ауданының тұрғындары жік-жікке бөлініп алған. Бір жылдан бері даумен жүрген ауылдың үлкендері жер мәселесін сот арқылы да шеше алмай келеді. Халық бұл жолы да қамауда отырған кәсіпкер Хали Сармановтың апелляциялық сотына жиналған. Бірі 25 жылдан бері өндіріс саласын басқарған кәсіпкерді қамаудан босатуды талап етсе, келесі топ қария түрмеге кету керек деп санайды.

«Біз жәбірленушіміз. Заңдарың қайда, ақиқаттарың осы ма? Жағдайымыз жоқ. Ақша қайда?», - деп айқайға басты ақсақалдар.

Түркістанда сотқа қатысқан ақсақалдар топ болып төбелесті


Түркістан облыстық сотында Сармановтың ісін үш бірдей судья саралап жатыр. Өйткені, оның адвокаттары тергеу ісі мен аудандық соттың үкімінде қателіктердің көп екенін айтып, Президентке дейін үндеу жолдаған.

«Менің әкем Сайрам ауданының сотымен заңсыз сотталып отыр. Құрманғали Дүйсебеков деген судья маған соттан тыс жағдайда «сенің әкеңді ақтай алмаймын, маған қысым жасалып жатыр» деп айтқан. Полиция мен прокуратура әкемді қалайда соттатудың мүдделігін көрсетіп отыр. Сот келтірген уәжді таптап тастады. Тексерулердің өтірік жүргізілгеніне де қарсы шағымданғанбыз. Бірақ мыңдаған кемшілікі тоқтатып отыр. Ербол Көкебаев біздің бизнеске заңсыз бастық болып алды. Ол тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мәлік Хайбар дегеннің жақын туысы. Олар рейдерлік әрекет арқылы Шымкентке жақын жерлерді алып жатыр. «Қайнар астық» өндірістік кооперативінің мүлкін, жерін «Нұркөл» ЖШС алып алды. Рейдерлік әрекеттерін жалғастырып жатыр», - деді сотталушының ұлы Дәурен Сатыбалдиев.

Сарманов басқарған өндірістік кооператив ұзақ жыл ауыл шаруашылығымен айналасқан. 17 мың адам тұратын Қасымбек-Датқа ауылы Шымкент қаласына жақын орналасқан. Дау мегаполиске тиіп тұрған мыңдаған гектар жерге қатысты туындап отыр. Бір жылдан бері соттасумен жүрген тұрғындар биыл дивидендтсіз қалмақ. Іс бейбіт жолмен шешілмегендіктен екі жүзден астам адам жұмысын жоғалтқан.

«Жыл сайын түскен өнімнен үлескерлерге 20-30 млн теңге аралығында материалдық көмек пен дивиденд төленетін. Әкемнің шаруашылығы Шымкент қаласына жақын орналасқан. Мегаполис біздің шаруашылыққа, ауылға қарай жылжып, өсіп барады. Мүдделі адамдар қалаға жақын жерлерді алып, үй, құрылыс салатын учаске ретінде сатпақшы болды. Өңірде жыл сайын үздік танылатын ауыл шаруашылығы өндірісін тартып алып, жерін бөліп сатып жібермек. Тартыс, талас 4,5 мың гектар жерге қатысты. Мүдделі адамдар осы жерлерге иелік ету арқылы миллиондаған қаржы, табыс таба алады. Өзгенің дүниесіне қызығушылар бұрынан келе жатқан заңды үлескерлерді ойлап отырған жоқ. Әдейі төбелес, қасақана шу шығаратын провокаторлар да толып жүр. Ол адамдар үлескер емес, олардың өндіріске, жерге заңды түрде қатысы бар немесе жоқ екенін ешкім тексермейді. Түркістан облысының прокуратурасы 35 томдық іспен бір күн таныспай жатып сотқа жолдады. Жылдам соттатып жібергісі келеді, өйткені істі 10 қазанға дейін толық аяқтау туралы нұсқау берілген», - деді сотталушы Сармановтың ұлы.



Апелляциялық сот алқасы дауласқан қос тарапты тыңдағанмен, үкім шығармай, істі тағы кейінге шегерді. Сот залына симаған қалың адам сыртқа шыққан соң жұдырықтасуға кірісті. Түркістан қаласын «басына көтерген» ауылдың ақсақалдарын қаптаған қалың полиция ажыратып, күшпен таратты.

«Қоғамдық тәртіпті сақтаңдарыздар. Жауапкершілікке тартылатындарыңызды ескертеміз. Осы әрекет үшін әкімшілік жаза бар екенін ескертеміз. Сабыр сақтаңыздар. Тараңыздар», - деді оқиға орнына жеткен қала прокурорының өкілі.





69 жастағы Хали Сарманов былтыр 1 қазанында қамауға алынған. Оның үстінен ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлігі "б"-тармағымен және 228-бабымен (1997 жылғы редакцияда) іс қозғалды. Сот үкімі бойынша Хали Сарманов қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда басшы қызметін атқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.



«Менің қорғауымдағы адам қартайған, егде жастағы адам. Оны тіптен кінәлі деп тауып, соттағанның өзінде тәуелсіздіктің 25 жылдығында шыққан және биылғы 30 жылдыққа орай амнистиямен жазасын жеңілдететін шарттар болса да, оны мүлдем ескермеді. Ең басты кемшілік – Сармановты қамаған соң ғана ауыл-ауылды аралап, 20 күннен соң ғана тұрғындардан арыз жинаған. Оны қамауға алу үшін аудиттік тексеру қортындысына, сараптамаларға сүйену керек еді. Алайда, сараптамаларды тағы да 1,5 айдан кейін жүргізген. Заң бойынша алдымен арыз түседі, сол арыздың негізінде мәселені анықтап барып жәбірленушілерді тану керек. Бұл жерде барлығы керісінше, яғни процесуалдық кемшілік кеткен. Сот бұл жерде мүдделік танытты деп санаймын», - деді Х.Сармановтың қорғаушысы Нұржан Үс
іпбеков.
Просмотров материала: 6 006

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 389 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 904 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 483 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 532 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 851 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 650 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 775 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 021 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 251 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 395 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 957 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 138 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 291 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 116 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 339 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 373 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 060 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 453 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 185 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 174 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 005 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 844 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 119 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 056 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 559 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 102 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 874 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 149 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 514 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 899 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 848 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 911 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 863 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 092 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 232 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031