4 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда дизель отыны қымбаттады

06 октябрь 2021, 11:10
Қазақстанда дизель отыны қымбаттады
Жазғы дизель отыны бір жыл ішінде сегіз пайызға қымбаттады. Бұл - дизель отыны тапшылығына дейінгі жағдай. Жанармай тапшылығы Ресейден жеткізілген өнім есебінен өтеледі, баға Ресейдегі көтерме бағаға байланысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл тамыздағы қорытынды бойынша, жазғы дизель отынының бағасы жылына 8,1 пайызға - литріне 199 теңгеге дейін өскен.

Қазақстанның ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде жазғы дизель отынының ең қымбат көрсеткіші Қостанайда болды (215 теңге), ең арзаны - Тараз бен Семейде (195 теңге).

Қостанай (14,1 пайызға), Батыс Қазақстан (11,9 пайызға) және Солтүстік Қазақстан (10,6 пайызға) облыстарының тұрғындарына қымбатшылық қиындық тудырды. Бағаның ең аз өсуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді (жылына 5,8 пайызға).

Қазақстанда дизель отыны қымбаттады


2021 жылдың қаңтар-тамызында елімізде 3,4 миллион тонна дизель отыны өндірілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Ең ірі өндіріс көлемі Павлодар (1,3 миллион тонна, жылына 25,3 пайыз) және Атырау (1 миллион тонна, плюс 1,3 пайыз) облыстарында. 2020 жылы республикада отын өндіру 7,1 пайызға, 4,7 миллионға төмендеді.

Өндіріс көлемі өсуіне қарамастан, республикада дизель отыны жетіспеушілігі байқалады. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биыл дизель отынын өндіру көлемі 4,9 миллион тоннаға жететінін, бұл жоғары көрсеткіш екенін, бірақ сұраныс та соған сай рекордтық көрсеткіште екенін айтты.

"Біздің есептуіміз бойынша, сұраныс айына шамамен 50-60 мың тоннаға өсті. Қанша дизель өндірсек те, сұраныс өсіп жатыр. Мамыр-қыркүйекте дизель отынына сұраныс 2019 жылмен салыстырғанда 260 мың тоннаға және былтырмен салыстырғанда 480 мың тоннаға өсті. Тамызда 519 мың тонна дизель отыны жұмсалды. Бұрын мұндай болмаған. Қор азайып жатыр. Дизель отынын экспорттау наурызда, бензин қаңтарда тоқтатылды", - деді вице-министр.



Қазақстандық отын өте арзан, сондықтан шекара маңындағы өңірлерде де сатылып жатыр.

"Біздің бағалауымыз бойынша, негізгі себеп дизель отыны бағасының айтарлықтай айырмашылығынан болып отыр. Ірі ЖҚС-де шамамен литріне 207-208 теңге, қалған желілерде - 230-240 теңге. Жыл басынан бері литріне 200 теңге болды. Салыстырып қарасақ, Ресей Федерациясымен литріне 100 теңгеге, Өзбекстанмен - 70-80 теңгеге, Қырғыз Республикасымен - 61 теңгеге айырмашылық бар. Сонымен қатар, транзиттік ағымдар Қазақстан шекараларында жанармай құйып алуға тырысады", - деп түсіндірді Мағауов.

ПМХЗ-дағы жөндеуге байланысты жанармай Ресейден жеткізіледі. Импортталатын газойл бағасы Ресей Федерациясындағы көтерме бағаға байланысты болады.

Еске салайық, дизель отыны тапшылығы көптеген өңірлерде байқалды, дизель тек талон бойынша берілді. Тапшылыққа байланысты Павлодар облысында МХЗ жөндеу жұмыстары кейінге қалды.
Просмотров материала: 1 679

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 242 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 188 787 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 342 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 393 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 727 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 017 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 128 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 397 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 705 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 845 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 335 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 287 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 524 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 341 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 175 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 513 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 421 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 110 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 516 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 266 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 221 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 056 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 179 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 614 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 288 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 935 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 200 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 569 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 957 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 904 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 973 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 937 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 298 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031