29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Нұрбибі, қиналып кеттім". Тәртіп сақшысының құлына айналған жігіт асылып өлді

"Нұрбибі, қиналып кеттім". Тәртіп сақшысының құлына айналған жігіт асылып өлді
Түркістан облысында қарызын қайтару үшін қой бағуға жегілген жігіт асылып өлді. Марқұмның туыстары бұған жергілікті полиция қызметкерін кінәлап отыр. Өйткені Төле би ауданының тұрғыны қарызын өтеу үшін тәртіп сақшысының малын бағуға мәжбүр болған, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

28 жастағы Бақытжан Оңалбеков тәртіп сақшысынан үнемі таяқ жейтінін айтып жақындарына бірнеше мәрте шағым да айтқан екен. Қара жамылған отбасы құзырлы орындардан тергеудің әділ өтуін талап етуде. Қайғыдан қан жұтқан Оңалбековтер отбасы Бақытжанның өлгеніне әлі сене алар емес. 28 жастағы азамат ауылындағы дүкеннен қарызға азық-түлік алып, берешегі 300 мыңға жеткен. Содан дүкен қожайыны полицияда істейтін інісінің малын бағып, қарыздан құтылуға болатынын айтыпты. Тіпті берешектен бөлек, ай сайын 60 мың теңге жалақы төлеп тұруға уағдаласқан. Сол малды бағуға кеткен жігіттің үйіне өлі денесі жеткізіліп отыр.
"Нұрбибі, қиналып кеттім". Тәртіп сақшысының құлына айналған жігіт асылып өлді

Нұрбибі Садықова, марқұмның жесірі:

Анау күні тағы келді: "Нұрбибі, мені ұра береді ол, қинап тастады, қиналып кеттім" деді. Сөйтіп, "қиналып кеттім" деген соң айттым: "Он күн қалды ғой, Бақытжан, барып істеші, мен барып тұрам" дедім. Екі күнде бір барып тұрам дедім. Сөйтіп "мақұл" деді де, қой жоғалды деп, екі қой жоқ, үш қой жоқ деп, қарызды іле берді. Осы қыркүйек те бітті, адам керек қой оған, құл қыла бермекші болды.

"Тәртіп сақшысының құлына айналдым" деген Бақытжан соққыдан шаршағанын айтып бірнеше рет қашыпты. Бірақ полицей қайта тауып алып, жұмысқа жегіп отырған дейді туыстары.

Аягөз Бердәлиева, марқұмның анасы:

"Сіздің балаңыз қол қойғанын білесіз бе? Балаңызды маған тауып бермесеңіз, не сізді, не інісін әкетем" деді. "Балаңызды тауып бермесеңіз, мен қазір келін істеп жатқан жерде таныс адамдарым бар, ақшасын, айлығын бергізбеймін, күніге маған беретіндей қылам, малдың ақшасыннан құтыласыңдар сөйтіп" деді.

Марқұмның денесіндегі көгерген іздер де туыстарының күдігін қоюлата түскен. "Жер алып үй салам" деп армандап жүрген азаматтың өзіне қол салғанына сенбейміз дейді олар.

- Қасақана кісі өлімі болған сияқты. Өйткені ол жерде спорт костюмінің сыртынан мына жерде асылған кезде, жіп сыртынан байланған. Ал негізгі жіптің орны ішінде тұр.
Марқұмның жақындары айыптаған полиция майоры Ерқасым Еркінбайұлының үйіне біз де бардық. Бірақ кездесуден бас тартқан тәртіп сақшысы Бақытжанның қорадан тыс жерде асылып қалғанын ғана айтты. Ал өзінің ұрып-соқты дегенін "жала" деп отыр.

Ерқасым Еркінбайұлы, Түркістан облысы жергілікті полиция қызметінің инспекторы:

Заң жүзінде келетін болсақ, бәрі заңда көрсетілгендей заңдастырылып істелген ғой. Оның ақшасын алғандағы жазып бергені, тілхаттары бәрі бар. Қай күні қанша ақша алғаны, тіпті видеолары бар екен, "міне, ақшаны алып жатырмын, шағым жоқ, рақмет" деген сөздері бар екен. Бірақ, әйелі екеуінің арасында ұрыс өте көп болған.
Инспектор бұл іске қатысым жоқ дегенімен, "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша іс қозғалып Түркістан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

Ерлан Байдуллаев, Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі:

ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, аталған тұлға не үшін осындай әрекетке барғанын анықтау үшін және де басқа да жәйттерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қажет сараптамалар тағайындалды.
Қазір марқұмның отбасына полицейдің туыстары арызды қайтып алу үшін ақша ұсынып жатыр екен. Ал артында екі жасар ұлы қалған Бақытжанның жақындары істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр.
Просмотров материала: 6 723

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 548 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 387 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 375 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 313 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 268 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031