26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Түркістанда мақта бағасы 300 теңгеден асты

Түркістанда мақта бағасы 300 теңгеден асты
Соңғы 30 жылда алғаш рет 2020 жылдан бері оңтүстік өңірінің шаруалары егістікке кедергісіз ағын су ала бастады. Нәтижесінде мақта терімі рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл жетістіктер – екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық байланыстардың нығая түсуінің нәтижесі.

Түркістан облысына арнайы келген Өзбекстан республикасының төтенше жағдайлар министрі, Президент кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов пен Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев бастаған делегация ауыл шаруашылығы саласына серпіліс әкелген өзгерістерге куә болып, мақталы аудандардың шаруаларымен кездесті. Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге мақтааралдықтардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістанда мақта бағасы 300 теңгеден асты

Былтыр Мақтаарал ауданындағы су басқан егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, шитті мақта егу жұмыстарына көрші елден қолдау көрсетілді. Өзбекстан Республикасының Жызақ және Сырдария облыстарынан 40 арнайы техника мен 250 тонна мақта шиті жеткізіліп, суы тартылған елді мекендердегі шаруаларға көмектесіп, мақта дақылын қайта егіп берген еді. Көршіден келген көмекті мақтааралдық диқандар ризашылықпен еске алады. Оның үстіне биылғы қуаңшылыққа қарамастан мақталы аудандардың шаруалары ағын суды артығымен алды. Сардоба апаты салдарынан Мақтаарал ауданындағы 7 мың 500 гектар егістік алқап зардап шеккен болатын. Егістікке қайтара мақта дәнін себу жұмыстары жүргізілді. Сол кезде Мырзашөл топырағына егілген өзбекстандық "Сұлтан" мақта сұрпы жоғары сапалы өнім берді.
Арнайы делегация "Алмат" шаруа қожалығының мақта терім алқабында болып, диқандармен жүздесті. Қуаңшылыққа қарамастан ағын суды артығымен пайдаланған шаруалар биыл мол өнім алуға ниетті.
Өңірде мақта бағасы өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Түркістан облысында 18 мақта өңдеу зауытының 200-ден астам мақта қабылдау бекеттері арқылы 1 тонна шитті мақта 300 мың теңгеге қабылдануда. Бүгінгі күнге жоспарланған егіс көлемінің 33 мың гектары теріліп, 70 мың тоннадан астам өнім жиналды.



Былтыр Өзбекстандық техниканың көмегімен топан су басқан егістік алқабына мақтааралдықтар мақта дәнін қайта сеуіп алды. Көрші ағайындар техникадан бөлек, жанар-жағармайын, сұрыпты шитін де тегін беріп отырды. Сол кезде шығынға ұшыраған шаруалар үшін бұл өте үлкен көмек болды. Күндіз - түні тынбай еңбек еткеннің арқасында биыл мақта бітік шықты. Баға да көтерілді. Қазір келісін 300-320 теңгеден сатып жатырмыз. Көрші Өзбекстан елімен келісімге келіп, ағын суды артығымен алдық. Осының барлығы Елбасының қолдауымен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, көрші елмен орнаған достық қатынастың арқасында жүзеге асырылып жатқанын білеміз. Мемлекет қолдауымен тыңайтқыш пен жанар - жағармай жеткілікті. Ел риза. Диқандар табысын арттырып алатын болды, – дейді "Бағдат" шаруа қожалығының басшысы Дәулетбай Жорымбетов.


Биыл жалпы 110 мың га жерден 280 мың тонна шитті мақта теру жоспарланған. Мақта талшығы Еуропаға экспортталады. Сонымен қатар жиын-терім жұмыстарына 43 мың тонна жанар-жағар май бөлінді. Оның бағасы литріне 172 теңгеден босатылып жатыр.



Өзбекстаннан келген делегация Мырзакент жаңа мөлтекауданында салынған 1200 орындық мектеп құрылысымен танысты. Онда орнатылған заманауи қондырғылар мен мектепте ендірілген өңірде бұрын-соңды болмаған жаңа жобаның мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жаңа мектепке жиналған мырзашөлдіктер Мақтааралдың жаңа кейіпке еніп, бұрыннан да ажарлана түскенін мақтанышпен жеткізді. Халықтың қиындық кезінде тыныш тұрмыс іздеп, басқа жаққа үдере көшпегенін қуана айтты.

Қиындықтар ұмытылып, туған өлкеміз бұрынғыдан да гүлденіп келеді. Қаншама жаңа ғимараттар, емдеу мекемелері салынды. Айнала көкке оранып, ауданымыз ажарлана түсті. Өзбекстан халқымен ғасырлар бойы бірге өсіп келеміз. Ол жақта ағайын-туыс тұрады. Бір өзеннен су ішіп, бір ауамен тыныстанған туыс халықпыз. Қиындықта көмек беріп, қуанышымызды да бөлісіп отыр, - дейді Мырзакент ауылының тұрғыны Шахзада Құрбанбаева.


Сонымен бірге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы делегацияны Жетісай қаласындағы "Қыдыр ата" жекеменшік емхананың жұмысымен таныстырды. Заманауи жабдықталған медициналық мекемеде 120 емделушіге дейін ем қабылдай алады. Клиника дәрігерлері 100 шақырым жерде орналасқан Ташкенттік әріптестерімен тәжірибе алмасып отырады.
Просмотров материала: 642

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 382 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 202 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 173 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 117 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 101 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 876 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 097 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 614 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 172 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 762 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930