23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елжан Біртановтың адвокаттары қажет болса халықаралық сотқа жүгінетінін мәлімдеді

28 сентябрь 2021, 15:51
Елжан Біртановтың адвокаттары қажет болса халықаралық сотқа жүгінетінін мәлімдеді
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары мен қорғаушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жолдады. Олар президенттен экс-министрді қудалауды тоқтатуға араша болуды өтінді.


Бүгін ZOOM арқылы журналистердің басын қосқан экс-министрдің бауыры - қоғамдық адвокат Ержан Біртан інісі Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іс халықаралық дауға айналуы мүмкін екенін де жасырмады.

«Біз бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық қудалауды мерзімінен бұрын тоқтату бойынша көмек сұрап, өзіңізге шын жүректен өтініш білдіреміз. Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, Ericsson Nikola Tesla компаниясы келісімшарттық міндеттемелерін орындамаған. Дегенмен ENТ жазбаша түрде керісінше дәлел келтіреді, келісімге сәйкес платформаның техникалық қолдауын 2021 жылдың 5 қарашасына дейін жүргіздік деп көрсетеді. ENT пиғылының дұрыс еместігін бетке басу халықаралық арбитражға жүгіну себебі бола алады. Халықаралық сот ісі салық төлеушілердің қалтасына салмақ салады», - деді бүгінгі пресс-конференцияда Ержан Біртан.

Біртановтың үлкен ағасы ҚМА 2020 жылдың 31 наурызындағы аудиторлық есепке сүйене отырып, ұрлық бабы бойынша тергеуді бастағанын атап өтті. Алайда, оның айтуынша 14 ай өткен соң, ұрлықты дәлелдемей-ақ, «жобаның мәні мен келісімшарт талаптары әдейі бұрмаланып», күдікке тағылған айып қызмет бабын теріс пайдалану деп қайта өзертілді.

Ержан Біртанның айтуынша, 2018 жылдың соңында Ericsson Nikola Tesla платформаны әзірлеу және жеткізу бойынша жұмыстың бір бөлігін аяқтаған, ал Денсаулық сақтау министрлігі оны келісімшартқа және ҚР заңнамасына сәйкес қабылдап алған. Келісімшартта қазақстандық ведомстволар платформаны басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялауы керек екендігі көрсетілген. Кейбір жүйелер 2019-2020 жылдары интеграцияға дайындалып, сынақтан өтті. Бірақ 2020 жылдың мамырында ҚМА оны енгізу жұмыстарын орта жолдан тоқтатқан.

Платформа Президенттің 2020 жылдың қазанындағы талабынан кейін бұғаттан шығарылды. Ал қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрлық министрлік оны енгізуді жалғастыруда.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің алдымыздағы сюрреализм стиліндегі картина тұр. Үкімет Платформаны енгізу бойынша жұмысты әлі жалғастырып жатыр. ENT оған техникалық қолдау көрсетуде. Бірақ ҚМА мен Бас прокуратура Елжан Біртановты заңсыз қолға алынған тергеуді, ұстауды және тұтқындауды ақтап алу үшін аталған платформа жұмыс істемейді, ал ENT өз міндеттемелерін орындамады дегенге қоғамды сендіру үшін жанталасып бағуда. 2021 жылдың 5 қарашасында Платформаны қамсыздандыру бойынша берілген үш жылдық кепілдік мерзімі аяқталады. Сізден Конституция кепілі ретінде осы заңсыздықты тоқтатып, елімізге зиян келтірмеуді сұраймыз», - деді Ержан Біртан.

Экс-министрдің үлкен ағасы Ержан Біртан өзіне, өз отбасына, туыстарына, тіпті әріптестеріне тергеу тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын айтты.

«Тергеу органы белгілі бір адамға қызығушылық танытып, жауап алуға шақырады, ал ол адам осы істегі фигурантқа айналады және оған Елжан Амантайұлымен байланысуға тыйым салынады. Біз өзімізді басқа әлемде жүргендей сезінеміз. Барлығы кінәсіздік презумпциясы принципін ұмытып кеткендей, біз түйе емес екенімізді дәлелдеуіміз керек. Айыптаушы тарап кінәні дәлелдеуі керек», - деді Ержан Біртан.

Еске салайық, 14 қыркүйекте күдікті Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімі екі айға, яғни 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартылды.

Айта кетейік, Елжан Біртанов Мемлекет басшысының жарлығы бойынша 2020 жылдың 25 маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған.

2020 жылдың 3 қарашасында экс-министрге қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

2020 жылдың 7 қарашасында төрт айға үйқамаққа алынды;

2021 жылдың 12 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты экс-министрдің үйқамақтағы мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты;

2021 жылдың 6 мамырында сот Елжан Біртановтың үйқамақ уақытын 14 маусымға дейін созды;

2021 жылдың 9 маусымында Біртановтың үйқамақ уақыты 14 шілдеге дейін созылды;

2021 жылдың 14 шілдесінде сот экс-министрдің үйқамақ мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты;

2021 жылдың 14 қыркүйегінде экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды
Просмотров материала: 774

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 919 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 741 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 229 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 256 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 707 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 838 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 928 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 464 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 614 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930