18 октября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Жамбыл облысындағы жарылыс: 15 әйел жесір, 34 бала жетім қалды

Жамбыл облысындағы жарылыс: 15 әйел жесір, 34 бала жетім қалды
26 тамызда кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 17 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында өрт сөндірушілер, төтенше жағдай министрлігінің, әскери бөлімнің, әскери күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар.

Azattyq Rýhy тілшісі Байзақ ауданында болған жарылыстан қаза тапқан 17 адамға қатысты шолу жасап, қанша отбасы асыраушысыз қалғанын жазды.

Жарылыста қаза болған әр адамның отбасында кем дегенде төрт баладан бар. Байзақтағы қайғылы жағдайдан кейін 15 отбасы асыраушысынан айырылып, қара жамылды. 15 әйел жесір қалды, 34 бала жетім қалды.

Қорғаныс министрлігі мен Жамбыл облысының ТЖД жарылыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерінің толық тізімін берді. Олардың қатарында хабар-ошарсыз кеткендер де бар.

Жарылыс салдарынан қаза тапқан әскери қызметкерлер:

Жарылыстан қаза тапқандардың бірі - сержант Марат Мешінбай. 1981 жылы туған. Мараттың артында жұбайы мен үш баласы қалды.

Жарылыста алғашқылардың бірі болып көмекке барып, содан қайта оралмағандардың бірі - старшина Еркін Нәдірбеков. 42 жастағы Еркіннің артында жұбайы, төрт баласы қалды.

Келісімшарт бойынша ефрейтор болып қызмет атқарған Руслан Жанболатов та оқиға кезінде қаза тапты. Артында 6 жасар қызы, 11 және 4 жастағы ұлдары жетім қалды.

Оразбек Дәлібаев - ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі - ВОМО атқышы. Артында жұбайы мен ересек екі ұлы қалды.

36 жастағы майор Саят Әлімбековтің артында кәмелетке толмаған Аяла, Самира қыздары мен Торғұлан есімді ұлы қалды.

38 жастағы капитан Ерлан Қырғызалиев - №28349 әскери бөлімшесінде сақтау бөлімшесінің бастығы. Артында жұбайы мен төрт баласы қалды.

Кіші сержант Бауыржан Дәутбаев 1987 жылы туған. Бауыржанның денесі әлі күнге дейін табылмаған. Ол хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында. Оның жұбайы мен төрт баласы бар.

Жарылыс салдарынан әскери қызметкерлермен қатар Төтенше жағдай саласында қызмет ететін 10 адам көз жұмды. Олардың көбі - орта жастағы азаматтық қорғау қызметкерлері:

Әділет Әділбек - Жамбыл облысында өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты болған. Әділбек 2015 жылдың тамыз айынан бастап азаматтық қорғау органдарында жұмыс істеген. Ол қызметтік міндетін уақытылы және толық деңгейде орындай білетін сауатты маман ретінде әріптестерінің есінде қалды.

Жамбыл облысындағы жарылыс: 15 әйел жесір, 34 бала жетім қалды


Марқұм Әділет Әділбек, фото: отбасылық архивтен

«Әділет қайратты, әрі епті болатын. Оның арқасында бүгінге дейін қанша адам аман қалды. Бірақ 2021 жылдың 26 тамызы Әділеттің өміріндегі соңғы өрт оқиғасы болатынын өзі де, өзгелер де білмеді. Әділет өзінің мамандығына, Отан алдындағы антына адал болды. Ол әрдайым өз мамандығын сүйетін қайсар жан ретінде есте қалары сөзсіз», - дейді әріптестері.

Жамбыл облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мейіржан Айманов азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Мейіржан Аймановтың сауатты іс-әрекеті мен қайсарлығының арқасында Тараз қаласындағы 3 елді мекеннің 710 тұрғыны эвакуацияланған. Марқұмның артында жары, 5 баласы қалды. Мейіржан Аймановқа Мемлекет басшысының жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Алтын жұлдыз», «Отан ордені» тапсырылды.



Елдос Сандыбаев - аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты. Сол күні ол әріптестерімен бірге оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен. Бірақ, өкінішке қарай осы шақыртудан соң отбасына қайта оралмады.

Тілсіз жаумен күрес кезінде қыршыннан қиылған жас жігіттердің қатарында Әліби Кеңес те бар. Әлібидің азаматтық қорғау қызметіне жұмысқа орналасқанына небәрі 5 ай ғана болыпты. Қызметке жаңадан келген ол өзге әріптестері секілді отау құрып, «өз қолым өзіме жеткен соң, ата-анама көмектессем» деген асқақ арманымен небәрі 21 жасында өмірден өтті.

Ғафан Қуатбек - 1995 жылы 24 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Тараз политехникалық колледжінде «радиоэлектроника және байланыс» мамандығын бітірген. 2014-2015 жылы Отан алдындағы борышын өтеген соң, 2016 жылы Тараз қаласы №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызметке орналасқан. Ол жарылыс кезінде ерлікпен қаза тапты.



Александр Николаевич Микропуло - Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің өрт сөндіру кезекшісі, подполковник. Ол сол күні кезекшілікте болып, жеке құраммен бірге оқиға орнына барған. Александр Микропулоның сеніп тапсырылған күштер мен құралдарды сауатты басқаруының арқасында 135 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 3 адам өлімнен аман қалды.

Сергей Владимирович Заикин - қайғылы оқиға болған күні кезекшілікте болғандардың бірі. Ол Тараз қаласы №3 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау майоры. Сергейдің соңында жұбайы, 14 жастағы ұлы қалды.

Арнұр Темірболатов – Тараздағы өндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты. Қызмет атқарған жылдары Арнұр адам өмірі мен азаматтардың мүлкінің дін аман сақталуына үлкен үлес қосқан. Бірнеше елдімекенді, ондағы сан мыңдаған адам өмірін сақтап қалу жолында тілсіз жаумен арпалыста өмірін қиды.

Аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты Тәңірберген Төребеков те жарыс кезінде ерлікпен қаза тапты. Ол азаматтық қорғау қызметінде 2004 жылдан бастап қызмет еткен. Марқұмның артында 3 ұлы қалды.



Жәнібек Турманов өмірінің соңғы сәттеріне дейін күрескен батыр. Жәнібек сол күні кезекші қарауыл құрамында болған. Әріптесі Дидар Өмірзақовпен бірге өртті сөндірмек болған сәтте алғашқы жарылыс болған.

«Олар оқиға орнына, яғни Байзақ ауданына алғашқылардың бірі болып келді. Әріптесі екеуі қатты жарақат алып, етқызумен жарылыс аумағынан алыстауға тырысқан. Олар жолай біреулердің каскасын тауып алып, басына киген. Бірақ үсті-үстіне қайталанған жарылыстан каскасы қайта-қайта ұшып кете берген. Жәнібек Турманов сол түні Тараз қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Біз бәріміз оның ортамызға оралуын күткен едік. Өкінішке орай, 2021 жылдың 11 қыркүйегінде ол жарық дүниемен қош айтысты. Біз үшін Жәнібек өзінің жарқын күлкісімен есте қалады», - делінген ТЖД ақпаратында.

«ӘКЕМ НАРЯДТА ЖҮР...»

Жарылыста көмекке кетіп, содан оралмаған старшина Еркін Нәдірбековтің жұбайы Айжан Халмурзаева жолдасының балаларына деген ерекше махаббаты туралы айтып берді. Айжанның айтуынша, қыздарының бірі әкесін әлі де күтіп жүр екен.



«Балаларына жақсы әке бола білді. Шаңырақ құрғаннан кейін екі-үш жыл сәбиіміз болмады. Сол кездері маған үлкен қолдау білдіретін. Кейін Алланың қалауымен төрт баламыз - бір ұл, үш қыз дүниеге келді. Үлкенім 10 жаста, кішкентайм небәрі үш айлық кезінде әкесінен айырылып қалдық. Балаларын төбесіне қойып еркелететін. Жұмыстан шаршап келген сәтте балалары үстіне мініп-түсіп жататса да бір қабақ шытпайтын. Енеммен бірге тұрамыз. Жолдасым өзі 17 жасында әкесінен айырылған. Әскери оқуға түсейін деп отырған жерінен әкесінің қазасын естіп, оқуға бара алмай қалып еді. Десе де, кейін әскерге барып, осы салаға қайта оралды. Отбасына қандай адал болса, қызметіне де сондай адал болды. Әскери салада жүргеніне барлығы 20 жыл болыпты.

Жақында «Айбын» орденімен марапаттады. Ақылы көмек көрсетіліп жатыр. Зейнетақысын шығарып берді. Әрине, мұның бәрі әкенің орнын баса алмайды. Үлкендерім естияр жаста болғаннан кейін бәрін түсінді. Кіші қызым әлі сұрайды: «әкем нарядта» деп. Оған әкесінің батыр екенін әрдайым айтып отырамын», - дейді Айжан.

Ал, жарылыста қаза тапқан әскери қызметкер Марат Мешінбайдың жұбайы мемлекет тарапынан әлі де көмек ала алмай отырғанын айтады.

«Алла берген бір ұл, екі қызымыз бар. Ұлымның жасы 14-те. Қызымның үлкені 12 жаста, кішісі 5 жасар. Жолдасыммен отасқанымызға 16 жыл болды. Осы уақытқа дейін ұрысқан емеспіз. Ешкімді ренжітпейтін, ақкөңіл жан еді. Жұмысын отбасынан да биік қоятын. Күнде нарядта жүреді. Қайта-қайта кезекшілікте жүріп, отбасына көңіл бөле алмағаны үшін біздің алдымызда өзін кінәлі сезінетін. Қайтқанына айға жуық уақыт болса да, мемлекет тарапынан ешқандай көмек көрсетілген жоқ. Қалалық округтен адамдар келіп, 300 мың теңге берді. Басқа ештеңе алмадық. Теледидарда айтылып жатқан 15 миллион деген ақшаны кім беретінін түсінбей келемін. Миллион түгілі өзінің еңбегімен тапқан ақсын әлі бермей жатыр. Менің жолдасым көшеде көлік қағып немесе арақ ішіп қайтқан жоқ. Ерлікпен өмірін қиды.

Құзырлы органдарға барып сұрап едім, алты ай өтуін күтіп отырғанын айтты. Алты айдан кейін мұрагерлікпен берілетінін айтты. Балаларым сол алты ай бойы қалай күнелтеді, соны уайымдаймын. Осы уақытқа дейін таршылық көрмей келе жатқан балаларымды қалай асыраймын деген сұрақ маза бермейді. Жоғарыдағылар шынымен берілмейтін болса, жалған ақпарат таратпаса екен деймін. Өзінің адал еңбегімен тапқан ақшасын бөлмей, толық берсе соған шүкір деп отырмын», - деп ренішін білдірді Рано Жартыбаева.

Бұған дейін, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңге берілетінін мәлімдеген болатын. Оның 5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен, қалған 10 миллион теңгесі республикалық бюджеттен бөлінбек.
Просмотров материала: 1 374

Поделиться материалом


09:54 В Карагандинской области восстанавливают заброшенные дома... 11 Просмотров

09:49 Мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс – Энергетика министрі... 24 Просмотров

09:36 31 человек умер от коронавируса и пневмонии за сутки в... 8 Просмотров

09:30 Қарағанды облысында иесіз қалған үйлер қалпына келтірілуде... 33 Просмотров

09:22 Сколько казахстанцев заразились коронавирусом за последние... 11 Просмотров

09:17 Елде 8 млн-нан астам адам екпе салдырды... 32 Просмотров

09:05 Өткен тәулікте 1 642 адам вирус жұқтырған... 61 Просмотров

13:14 Елордада бойжеткен аялдама мен автокөліктердің әйнегін шақты... 1 875 Просмотров

12:54 Девушка разбила стекла остановки и автомобилей в Нур-Султане... 624 Просмотров

12:51 Қазақстан мен Кирибати бірлескен мәлімдеме жасады... 637 Просмотров

12:40 Подсолнечное масло может подорожать в Казахстане... 618 Просмотров

12:34 Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының... 568 Просмотров

12:21 Первый компонент вакцины от КВИ получили более 8 млн... 574 Просмотров

12:16 COVID-19-ға қарсы балаларға арналған вакцинаның атауы қалай... 581 Просмотров

12:00 Бес бала анасыз қалды: Атырауда перзентхана дәрігерлері... 4 795 Просмотров

11:47 Работники нефтяной компании требуют повышения зарплаты в... 557 Просмотров

11:44 Қазақстанда жыл басынан бері 86,5 мың жаңа көлік сатылған... 598 Просмотров

11:42 Мұнай компаниясының қызметкерлері жалақыларын көтеруді... 577 Просмотров

11:39 Шымкент халқы жол сұрайды, ал әкімдері жаңажылдық... 581 Просмотров

11:28 Cкончался пострадавший в тройном ДТП с участием... 604 Просмотров

11:26 Қазақстандық кәсіпкер: Оларды ақтаса, мені өлтіреді... 511 Просмотров

11:18 Жертва финансовой пирамиды покончил жизнь самоубийством в... 553 Просмотров

11:07 Павлодарда ақ халаттылар КВИ-ға қарсы екпе алмағандардың... 204 Просмотров

10:58 В доведении до смерти пенсионерки обвинили приют в... 240 Просмотров

10:49 Талтайып келіп, қия салады! Жарыққа жарымаған Түрксіб... 359 Просмотров

10:42 Пять регионов остаются в "красной" зоне по коронавирусу... 238 Просмотров

10:41 Әйелдер мен ерлерге арналған купенің айырмасы неде? ҚТЖ... 496 Просмотров

10:31 Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды(ВИДЕО)... 784 Просмотров

10:26 Әке-қорған. Бала тәрбиесіндегі әкенің орны қандай?... 264 Просмотров

10:21 31 казахстанец скончался от COVID-19 и пневмонии за сутки... 193 Просмотров

10:15 Коронавирус пен пневмониядан 31 адам көз жұмды... 218 Просмотров

10:08 1900 заболевших коронавирусом зарегистрировано за сутки в... 234 Просмотров

10:02 Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1 900 адам жұқтырған... 218 Просмотров

17:58 Признаки постковидного синдрома назвали в Минздраве... 439 Просмотров

17:50 В Алматы ликвидированы три нарколаборатории... 405 Просмотров

17:49 Цой ревакцинацияның кейбір мән-жайын түсіндірді... 1 792 Просмотров

17:45 Ауғанстан мешітінде жарылыс болды... 487 Просмотров

17:34 Алексей Цой рассказал о ревакцинации казахстанцев... 417 Просмотров

17:27 Ақтауда қаланы жарықпен безендіру үшін 38,7 млн теңге... 404 Просмотров

17:25 В Мактаарале открылся бюст-памятник Косману Айтмухаметову... 383 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031