26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев

23 сентябрь 2021, 9:17
Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында "Болашаққа сенім – өмірге төзімділікті күшейту: COVID-19-дан кейінгі қайта жаңғыру, орнықты қалыпқа келу, әлем қажеттіліктерін қанағаттандыру, адам құқықтарын құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін жандандыру" тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде әлем бетпе-бет келіп отырған үш бірдей сын-қатерге назар аудартты. Олар: COVID-19 пандемиясынан кейін қайта қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай.

– Экономикалық және әлеуметтік салдары әлі де ауыр болып отыр. Жұмыссыздық белең алып, миллиондаған адам күн көріс табысынан айырылды. Қазіргі таңда 130 миллионнан астам адам кедейлікке тап болып отыр. Даму саласындағы ілгерілеуге кеткен талай жылдар құрдымға кетуі мүмкін. Пандемия көптеген салаларда осал тұстарымызды айғақтап, мультилатерализм мен халықаралық ынтымақтастықтың аса маңызды екенін анық көрсетті. Біз барынша әділ, орнықты әрі гуманистік әлем қалыптастыруға міндеттіміз. Вакцинаға қолжетімділіктің жалпыға ортақ әрі әділ қағидасын қамтамасыз етуден бастау қажет. Бұл мәселені шешуде жаһандық этика мен ниеттестікті басшылыққа алған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент вакциналарға жаһандық қолжетімділікті барынша әрі тез кеңейтуді ұсынып, вакциналармен екіжақты негізде немесе COVAX жүйелері арасында бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы көмірқышқыл газдың өте жоғары деңгейіне, ормандардың өртке орануы, циклондар, су басу мен құрғақшылық адамдарға апат алып келетін қалыпты жағдайға айналып отырғанын атап өтті

– Теңізге шығатын жолы жоқ ірі мемлекет болып саналатын Қазақстанның климаты тез өзгеріп жатыр, сонысымен халқымыз бен экономикамызға қауіп келтіруде. Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градуска жылынып, қазіргі уақытта әр бес жыл сайын қуаңшылық болып келеді. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Келесі айдан бастап біз 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын 50 пайызға азайтуға бағытталған 2050 жылға дейін көміртегі аз ұлттық стратегияны дамытуды бастаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Ауғанстан жағдайына тоқталған Мемлекет басшысы келіссөздер өткізу арқылы инклюзивті және сайланған жаңа үкімет құру жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үндеуін құптайтынын айтты.

– Қазақстан Ауғанстанның болашақта өз ішінде бірлігі жарасқан және көршілерімен тату тұратын тәуелсіз әрі егемен мемлекет болғанын қалайды. Ауғанстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды жалғастырып, ел аумағын террористтер, есірткі тасымалдаушылар мен адам саудасымен айналысатындардың ошағына айналдырмауы тиіс. Өзіміздің саяси немесе жеке пікірлерімізге қарамастан, Ауған халқының тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. Ауғанстандағы ауыр гуманитарлық жағдайға баса мән беруіміз қажет. БҰҰ мекемелері мен басқа да гуманитарлық ұйымдарға жылдам, қауіпсіз әрі кедергісіз гуманитарлық қолжетімділік берілуі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясы және БҰҰ-ның Ауғанстандағы басқа да бөлімшелерін дер кезінде көшіріп алды. Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін тасымалдау алаңын ұсынуға және қомақты үлес қосуға дайын екеніміз туралы да айтты.

Президент БҰҰ-ның күн тәртібіндегі басқа да бірқатар маңызды мәселелерді көтеруге ниетті екенін, соның ішінде қарусыздау саласындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін алға тартты. Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттерді Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығы қарсаңында, яғни 2045 жылға дейін ядролық қарудан толық бас тартуға үндейді.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметіне сүйеніп, биыл 270 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінетінін атап өтті.

– Қазақстан – ірі бидай өндіруші және экспорттаушы ел. Сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының негізін қалаушылардың бірі. Оның төртінші Бас ассамблеясы өткен айда елордамызда өтті. Біз орнықты ауыл шаруашылығының жарқын болашағы үшін шетелдік инвесторларды өзімізге шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, орнықты даму экономикалық өсімге ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік және саяси дамуға да байланысты. Қазақстан 30 жыл ішінде кемеліне келген, тәжірибелі мемлекет болды. Демократияға бейілдігін нығайтуға және азаматтардың басқару ісіне кеңінен атсалысуына ықпал етуге ұмтылады.

– Біз бұл жетістіктермен тоқтап қала алмаймыз. Мақсатымыз – мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру. Саяси және экономикалық реформалар әрі қарай қарқынды дами береді. Биылғы қаңтарда Қазақстан Өлім жазасын жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасын ратификациялады. Маусымда Үкімет Адам құқығы саласындағы кезек күттірмейтін шаралар жоспарын бекітті. Онда ұзақмерзімді институционалды негіз қаланды. Халықаралық серіктестерімізбен тығыз ынтымақтаса отырып, адам саудасын түбегейлі жою үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл жаһандық ынтымақтастықты қажет етеді. Біз 2022-2024 жылдары БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына ену үшін өз кандидатурамызды ұсындық. Сайланған жағдайда Қазақстан Кеңес жұмысына өз үлесін қосуға тырысады, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өңірлік саясаты "Үлкен ойындағы" "нөлдік нәтиже" саясаты мен құқық күштінің жағында қағидатын біртіндеп шынайы ынтымақтастыққа және Азияның кіндігінде өмір сүретін халықтар үшін Зор Пайдаға ауыстыруға бағытталғанын мәлімдеді.

– Бұл әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанмен және Орталық Азиямен белсенді ықпалдастық орнатуына мүмкіндік туғызады. Біз "С5+" форматында өңірден тыс жерлердегі негізгі елдермен аймақтық диалог орнатуға үлкен үміт артамыз. Осындай серіктестік қатынастар аясында су тапшылығын, оның сапасының бұзылуын және тиімсіз пайдаланылуын қамтитын су ресурстарына байланысты проблемаларға баса мән береміз. Өңіріміздегі су қауіпсіздігі энергетикаға, азық-түлік пен қоршаған ортаға тікелей байланысты. Өзге мемлекеттердің түрлі мүддесіне қарамастан, Қазақстан ортақ мақсатқа қол жеткізуге бағытталған стратегияларды үйлестіру үшін бұрынғыша өңірлік су-гидроэнергетикалық консорциум құруды ұсынады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өркениеттердің еуразиялық тоғысында орналасқан Қазақстан бұрынғыдай тепе-тең, сындарлы сыртқы саясат ұстанатынын атап көрсетті.

Просмотров материала: 362

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 304 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 124 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 096 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 038 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 022 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 872 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 071 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 591 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 942 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 151 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 738 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930