22 января 2022 г.

Мы в соц сетях:



"Сау, шағымы жоқ". Адвокат алматылық атқыш туралы

22 сентябрь 2021, 15:37
"Сау, шағымы жоқ". Адвокат алматылық атқыш туралы
Адвокат Дамир Хасанов бес адамды өлтірді деп айыпталған алматылық атқыш Игорь Дужновтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, ол бюджет қаражаты есебінен Дужновтың мүддесін қорғайды. Яғни, мемлекет күдіктіге адвокат тағайындаған.

"Менің клиентім аман-сау, ол ештеңеге шағымданбайды. Оның денсаулығы қалыпты, уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Сот шешімі шыққанша, 72 сағатқа қамауға алынды. Сот бұлтартпау шарасын қабылдау тиіс. Тергеу соты онлайн режимде тұтқындалғаннан кейін 72 сағат ішінде өтеді. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп, салдары анықталып жатыр. Біз өз ұстанымымызды дәлелдейміз, болды", - деді Хасанов.

Дужнов бұл қылмысты ессіз күйде жасады ма деген сұраққа адвокат тергеу құпиясына сілтеп, жауап бермеді. Сондай-ақ, Хасанов алматылық атқыш кінәсін мойындап-мойындамағанын да айтпады.

"Егер туыстары басқа адвокат жалдаса, бұл істен бірден бас тартамын. Оны басқа адвокат қорғайды. Егер туыстары басқа адвокат алмаса, онда мен Дужновтың ісін жүргіземін", - деді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Ол сот шешімін орындауға келген адамдарға оқ жаудырды. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы атыс туралы ақпарат тарады

Оқиға салдарынан алматылық оқ атушы бес адамды өлтірді. Қаза болғандардың арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Белгілі болғандай, қайтыс болған сот орындаушысының бес баласы бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Кейін полицейлер бес адамды қарусыз өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылады.

Алматы маңындағы атыс: жаңа деректер пайда болды

Белгілі болғандай, үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындаған. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй қаржы институты меншігіне өтті, одан кейін жеке адамға сатылды. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғанын атап өтті.

21 қыркүйек күні таңертең үйдің айналасындағы қоршау орнында болды. Полиция БАҚ өкілдері мен қызығушылық танытқан азаматтарға оқиға орнына жақындауға рұқсат бермеді. Алайда түскі уақытта құқық қорғау органдарының өкілдері бұл аумақтан кетті. Ал бірнеше минуттан кейін журналистердің алдына алматылық атқыштың әйелі Анаида Демирчян шықты. Ол оқиға мен оған дейінгі жағдайлар туралы толық айтып берді.

Демирчян пікір білдірместен 2 сағат бұрын полиция брифинг ұйымдастырып, барлық сұраққа жауап берді. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, өлтірілген тағы бір азамат бар, ол оның досы болған. Сондай-ақ, қайтыс болған полицейлердің бірінің бес баласы бар екені белгілі болды. Атыс фактісі бойынша бірден екі сотқа дейінгі тергеу басталды: "Кісі өлтіру" және "Мемлекеттік қызметкерге күш қолдану".
Просмотров материала: 590

Поделиться материалом


10:16 Үкімет халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс - Тоқаев... 25 Просмотров

10:11 Алматы облысында мектеп оқушысы зорланғанын мәлімдеді... 54 Просмотров

10:06 COVID-19. 405 адамның жағдайы ауыр... 57 Просмотров

10:04 Коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 169 жағдай тіркелді... 38 Просмотров

09:19 Алматы ТВ: Мы всегда находились на передовой!... 88 Просмотров

18:06 Четыре человека пытались проникнуть на военный аэродром в... 263 Просмотров

17:52 К.Токаев: Цифровизация тормозится интригами между... 267 Просмотров

17:48 "Қазақстан халқына" қорынан берілетін ақшаға салық... 290 Просмотров

17:42 Куда казахстанцы могут пожаловаться на рост цен... 258 Просмотров

17:40 Тоқаев: Цифрландыруға меморгандар арасындағы тіміскі... 284 Просмотров

17:25 Президент бизнес-қауымдастықпен кездесті. Кездесуде не... 315 Просмотров

17:19 Какой будет погода 22 января... 229 Просмотров

17:07 Ликвидировать искусственные цепочки посредников поручил... 250 Просмотров

16:59 Биыл алматылық ата-аналар балабақшаға қанша төлейді... 347 Просмотров

16:56 Тоқаев: Кәсіпкердің міндеті – сотта уақыт өткізу емес,... 418 Просмотров

16:55 4 человека скончались в ДТП на трассе Омск-Майкапчагай... 254 Просмотров

16:53 Тоқаев делдалдардың жасанды тізбегін жоюды тапсырды... 655 Просмотров

16:41 В Алматинской области школьника насмерть забили камнем... 260 Просмотров

16:27 «Жолдағы өлім көбейеді» Алматыда техникалық байқау... 297 Просмотров

16:25 Психолог елде болған оқиғалардан кейін оңалу жолдары жайлы... 250 Просмотров

16:20 Тағы бір мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болуы әбден... 208 Просмотров

16:14 Журналисті өлтіруге тапсырыс берген шенеунік 5 млн теңге... 197 Просмотров

16:12 Все упирается в образование - К.Токаев... 116 Просмотров

16:11 Азық-түлік қымбаттаса, қайда шағымдану керек... 140 Просмотров

16:09 Тоқаев Алматы қасіретінен алынған сабақ туралы айтты... 144 Просмотров

16:04 Надо заканчивать с этим - К.Токаев о договорах на дружеских... 142 Просмотров

15:51 Тоқаев "Самұрық-Қазынадағы" олқылықтарды жоюға бір ай уақыт... 153 Просмотров

15:46 Демалыс күндері күн райы қандай болады... 138 Просмотров

15:43 Тоқаев шетелдік жұмысшыларға арналған квоталарды көбейтуге... 133 Просмотров

15:43 К.Токаев поручил создать совет предпринимателей при... 116 Просмотров

15:41 Жолаушымын деп, кілтін лақтырып жіберген: Павлодарда мас... 142 Просмотров

15:36 Мұны тоқтату керек - Тоқаев рулық және достық қатынаста... 217 Просмотров

15:34 Прошу Верховный суд обратить внимание на тревожные цифры -... 143 Просмотров

15:28 Тоқаев салықтан жалтаратын компанияларға: кім жасырынып... 230 Просмотров

15:22 К.Токаев: Даже акимы обращаются ко мне с просьбами о газе,... 112 Просмотров

15:11 Тоқаев: Бай мен кедей арасындағы алшақтық жол беруге... 184 Просмотров

15:07 Әкімдер де маған газ мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ -... 157 Просмотров

15:05 Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қалай өзгеретінін... 147 Просмотров

14:59 Президент Тоқаев Жоғарғы сотқа тапсырма берді... 191 Просмотров

14:44 Тоқаев: Жұрт неге барлық бизнес біреулерге ғана бұйыра... 157 Просмотров





Опрос


«    Январь 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31