26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектеп құрылысын бақылауды БҒМ құзыретіне беру керек – депутат

22 сентябрь 2021, 11:35
Мектеп құрылысын бақылауды БҒМ құзыретіне беру керек – депутат
Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Б.Сартбаев Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай 800 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, 5 мың ауыл, аудан және шағын қалалардағы мектеп қайта модернизацияланып, апатты және үш ауысымды білім беру сұрақтары шешілуі тиіс.

Осы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Халыққа арналған Жолдауында оқушылардың орын тапшылығы динамикасын атап өтіп, жаңа мектептердің құрылысын 1000-ға жеткізуді тапсырды.

Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары жазғы халықпен кездесу аясында білім беру объектілерінің құрылысымен танысып, бүгінгі таңда мемлекеттік қаражат есебінен мектеп құрылысының сапасына, оның ішінде жаңа білім мазмұнына сәйкестігіне, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуына, пәндік кабинеттермен жабдықталмауы, қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің құрылыс кезінде қарастырылмауына қатысты алаңдаушылығын білдіреді.

2021 жылдың 7 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Мәдени-Әлеуметтік даму Комитетіне Бюджетті талқылау аясында 800 мектептің құрылысының барысы туралы баяндаған Білім және Ғылым Вице-Министрі Б.А. Асылованың: "Білім және ғылым министрлігінде аталған мектептердің құрылысының барысын көру және бақылау, күн сайын мониторниг жүргізу құзыреттілігі жоқ. Бұл туралы бірнеше мәрте айтып келемін. Бізде мектептердің дайындық деңгейін қарайтын тіпті құрылысшы мамандар да жоқ", – деген жауабынан кейін алаңдаушылық одан әрі тереңдей түсті.

Біріншіден, біз жобаланған әрі салынған мектептер мен тұрғындардың нақты қажеттіліктері арасындағы сәйкессіздіктерге өзіміз көз жеткіздік. Халқы тығыз қоныстанған ауданда демографиялық өсімнің болжамдық көрсеткіштеріне сәйкес жаңа типтік жобалар бойынша тұрғындары көп мектептерді салатын уақыт келгені анық.

Екіншіден, екі жыл бұрын тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі ауылдық елді мекендерде шағын, модульдік мектептердің құрылысы туралы хабарлады. Мұндай типтегі ғимараттарды қажет болған жағдайда бөлшектеуге, жылжытуға және мақсатына қарай пайдалануға болады. Алайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе аймақтардың күрт континентальды климаттық жағдайларына бейімделуі туралы ақпарат жоқ.

Үшіншіден, жаңа объектілерді салу кезінде жаңа мазмұндағы білім беру процестерінің талаптарына сәйкес келмейтін, оның ішінде оқытудың озық әдістері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз ортада жаңа білім беру инфрақұрылымын құруға сәйкес келмейтін ескі типтік жобалар мен ережелер қолданылады.

Мысалы, типтік жобалармен халқы аз ауылдарда жаңа мектептердің салынуы, ал халқы тығыз қоныстанған және демографиялық өсу ахуалы жоғары мекендерде алдағы уақытта үш ауысымды мектептерге айналатын объектілердің экономикалық-сараптамалық болжамсыз салынуы қаншалықты негізді?

Жаңа мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің тиісті құрал-жабдықтарсыз, атап айтқанда, химия, физика, биология, география және үйірме кабинеттерінсіз пайдалануға берілуі қаншалықты қисынды?

Осы себепті оқу қызметіне лицензияны уақытында ала алмайтын мысалдар бар. Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептер жан басына шаққандағы қосымша бюджеттік қаражатты пайдалану арқылы объектінің бастапқы эксплуатациясы кезеңінде жабдық сатып алуға мәжбүр. Алайда, бұл мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жағдайындағы мектептер құрылысында және жеке инвестициялардың мектеп құрылысында оң шешілген. Мемлекеттік мектептерде қарапайым халықтың балалары оқитын ескерсек, бұл білім беру мекемелерінде бастапқы құрылысы кезінде пәндік кабинеттерді жоспарлауға, сол арқылы оқу процесін сапалы ұйымдастыруға, баланың тұлғасын жан-жақты дамытуға не кедергі?

Осыған байланысты "Nur Otan" партиясының мүшелері уәкілетті органға ұсыныс жасайды:

Біріншіден, оқушылардың орын тапшылығы деңгейінің нақты қажеттіліктеріне сәйкес мектептерді жобалау, құрылысын болжау және жаңартуды сараптамалық сапалы деңгейде жоспарлау қажет.

Екіншіден, ауылдық жерлердегі модульдік мектептердің типтік жобаларын дайындау бойынша түсініктеме беруді сұраймыз.
Үшіншіден, мемлекеттік қаражат есебінен мектептердің құрылысы кезінде қолайлы білім беру ортасын құруды ескеру қажет. Мектеп басшылары, ғимарат салу кезінде 2 спорт залды қарастыруды сұрайды. Ол үшін, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білім беру ұйымдарын пәндік кабинеттер және қосымша білім алуға арналған құрал-жабдықтар және жиһаздармен толық жабдықталуды қамтамасыз етуді қарастыру қажет.

Төртіншіден, оқушылардың орын тапшылығын шешуге бағытталған заманауи білім беру ортасын құру және сапалы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі Білім және ғылым министрлігінің қарауында екендігін ескеріп, жаңа мектептердің құрылысын бақылау құзыреттілігін де осы орталық мемлекеттік органға беруді сұраймыз.
Просмотров материала: 703

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 270 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 091 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 063 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 005 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 988 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 492 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 248 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 272 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 734 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 865 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 058 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 579 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 170 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 726 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 833 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 429 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930