27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экобазар: бағаны тұрақтандыруға басымдық берілмек

Экобазар: бағаны тұрақтандыруға басымдық берілмек
Осындай әділетсіздіктерге жол бермеудің түрлі жолдарын қарастыра бастаған жергілікті билік Түркістан қаласынан заманауи сауда орталығын ашуды жөн көріп отыр.

«Барлығымызға белгілі, бүгінде диқандар өз өнімдерін «екінші, үшінші қолдар» арқылы тым арзан бағамен саудалауда, ал, арадағы алыпсатарлар өзара келісіп алып азық-түлік бағасын қалағандарынша көтеріп жатады. Бағаны тұрақтандыру үшін өндірілген өнімді өндірушінің халыққа тікелей ұсынуына қолайлы жағдай жасау қажет. Сол себептен де, Түркістан қаласында экобазардың іске қосылуын бағаны тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп айтуға болады» дейді орталық директоры Бақнұр Аюбек.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді диқандар ешқандай делдалдарсыз-ақ өз өнімдерін тікелей базарға әкеліп сатуға, өтпей қалған жағдайда салқындатылған қоймаларда ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндіктері бар. «Экобазар – дәстүрлі ауыл шаруашылығы нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары болады. Көлемі 14 гектар жерге орналасқан базарда үш мыңға жуық сауда орны, оның ішінде: 900 орын азық-түлікке, 1500 орын киім-кешекке, 500 орын тұрмыстық тұтыну тауарларына арналған. Сондай-ақ, жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалмақ. Жалпы, жаңа нысанның құрылыс алаңы бес гектардай жерді қамтиды» делінген ресми хабарламада.

Бұл базардың басқа сауда орталықтарынан айырмашылығы жайлы айтар болсақ, мұнда тауарлар арзан бағада сатылады. Тұтынушылар үшін автотұрақ, көлік жуу орны сияқты қызмет түрлерінен бөлек, кіші саябақ, демалыс орындары да жасалмақ. Орталық маңында шет қалаларға баруға автотранспорттар қарастырылғандықтан, бұл туристер үшін де өте қолайлы болмақ. Адамдардың қауіпсіздігі үшін кәсіби күзет қызметкерлері жұмыс істеп, үш жүзден астам бейнебақылау камераларын іске қосу көзделген. Ал, қазіргі таңда пандемияға байланысты тепловизорлық камералар орнатылып, барлық санитарлық нормалар сақталады. Сондай-ақ, мұнда электронды және ақылды қоларбалар жұмыс істейтін болады. Тағы бір ерекшелігі, сауда кешені жаңа автовокзал маңында орналасқандықтан, жолаушылар өз еліміздегі қалалардан бөлек, көрші мемлекеттердегі Ташкент, Самарканд, Бішкек, Хиуа, тағы басқа да ірі қалаларға оңай жетіп алуына мүмкіндік қарастырылған. Экобазарда B2,B3 дәрежедегі банктер жұмыс істейтінін де айта кетейік. Сонымен бірге, халықаралық ақша айырбастау бекеттері жұмыс істегендіктен, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Қытай валюталарын оңай айырбастауға болады. Теміржол вокзалы, әуежай сауда орталығына жақын орналасқандықтан, тауарларды тасымалдау да аса қиындық тудырмайды. Мұнда тауарларды жүктеуге арналған қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, отандық өнім өндіруші кәсіпкерлерге тауарын экспортқа шығаруға да барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Базарда сауда орындарынан бөлек, тоңазытқыш орнатылған 200 қойма орны бар. «Соның арқасында күзде жинаған өнімді келесі маусымға дейін халыққа арзан бағамен сатуға мүмкіндік туады» дейді базар басшысы Бақнұр Ерболатұлы.

Тұтынушыларға тиімді бағада азық-түлік ұсынуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілетінін де айта кетейік.

Базар әкімшілігінің хабарлауынша, мұнда сатушылар мен тауар өндірушілер, туристер мен инвесторлар бір-бірімен тығыз байланыс орнату үшін арнайы кеңсе ашылып, онда заңгерлер, аудиторлар, мамандар, кәсіпкерлер жұмыс істейді. Кеңседе әлемдік нарыққа тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, тауар өндірушілерге, тауарды сатып алушыларға, соның ішінде шетелдік сатып алушыларға тиісті консультациялар беріледі және шетелдерге тауарларды экспорттау, өнімдерді жеткізу мәселелері бойынша келісімшартқа отыру сынды процедуралар жүргізіледі. Сонымен қоса, туристер де өздерін қызықтыратын мәселелері бойынша тиісті ақпараттар ала алады.

Базар басшыларының айтуынша, мұнда барлық санитарлық талаптар сақталған. Атшаптырым алаңшасы мен арнайы автотұрағы болғандықтан, көліктердің кіріп-шығуына да ешқандай кедергі жоқ. Ең бастысы, экобазар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ.

Дереккөз «Ońtústik Qazaqstan».:
Просмотров материала: 633

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 424 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 242 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 215 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 159 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 141 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 744 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 113 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 627 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 776 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930