20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Денесінен белгісіз құрттар шығып жатыр»: Ақтаудағы шипажайда паразит жұқтырған отбасын дәрігерлер емдей алмауда

«Денесінен белгісіз құрттар шығып жатыр»: Ақтаудағы шипажайда паразит жұқтырған отбасын дәрігерлер емдей алмауда
Павлодарлық Анна Пахомова маусым айының басында мүгедек қызымен бірге Ақтаудағы «Шипагер-Шағала» шипажайына мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет порталы арқылы демалуға барып келген соң, жантүршігерлік жағдайға тап болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.



Демалыстан үйге келгеннен кейін үш апта өткенде Анна мен қызының денесінің әр жерінен көк қанаттары бар қара құрттар мен қандалаға ұқсас құрттар, ақ паразиттер шыға бастаған. Содан бері үш ай өтсе де, павлодарлық дәрігерлер қызы мен анасын емдей алмай отыр. Амалы құрыған Анна бар үміті тек журналистерде екенін айтып, тұтқаның ар жағында сөйлей алмай, көз жасына ерік берді.

«Ақтауға барып келгенімізге үш ай өтті, содан бергі өмірім тозаққа айналды. Шипажайда болған кезде мен балконда жатқан қарлығаштардың өлі денесін көрдім. Тазалыққа жауап беретін жұмысшылар оларды үнемі жинап тұратын, бірақ мен оларға айтарлықтай көңіл бөлмеген едім. Қызым Арина атрогрипоз –тірек-қимыл жүйесінің туа біткен ауруымен ауырады. Қызымның табанына бұған дейін 8 ота жасалған. Осы жылдың басында коронавируспен ауырдық. Соның бәрін қалпына келтіріп, күш жинаймыз дегенде мына бір бәлеге тап болдық. Шипажайда жүргенде денемізде қызыл бөрткен пайда болған, бірақ ол қатты ыстықтан шығар деп ойладым. Үйімізге қайтып бара жатқанда, басқа демалушылардың бірі «ауру жұқтырғанын» айтып, ренжіп жатқанын құлағым шалып қалды. Содан әкімші келіп «Үстілеріңіз қышып жатқан жоқ па?» деп сұрады, мен «жоқ» дедім. Үйге келгеннен кейін бөрткен бүкіл денемізге тарап, даққа айналып, кейіннен құрттар шыға бастады»,-деді Анна.
«Денесінен белгісіз құрттар шығып жатыр»: Ақтаудағы шипажайда паразит жұқтырған отбасын дәрігерлер емдей алмауда



Анна мен Аринаның денелерінде жәндіктер пайда болғаннан бастап бармаған дәрігерлері қалмаған. Ең сорақысы - дәрігерлер Аннаның сөздерін «жындының сандырағы» деп қабылдап, оны псиодиспансерге тексерілуге жіберген. Бірақ психиатрлар әйелдің дерматозойдты сандыраққа шалдықпағанын және ақыл-есінің толықтай сау екенін айтқан.

«Ең алдымен терапевтке бардық, ол тері маманына жіберді. Ол жерде бізге болтушка, жақпа майы, супрастин мен сорбент, иммунитетті көтеретін дәрілер тағайындап берді. Үш апта ішінде ол дәрілердің ешқайсысынан пайда болмады. Сосын қалада белгісіз бір жұқпа жүріп жатқан болар деп өз бетімізше Жұқпалы аурулар ауруханасына бардық. Ол жердегілер бізді стерильдікке қан тапсыру үшін поликлиникаға жіберді. Қан талдауын күткенше денемізден ірі жәндіктер шыға бастады. Мен оларды банкіге жинап, СЭС-ке апардым. Ондағылар олар білетін паразиттер табылмағанын, біздікін қорытынды бойынша көрсете алмайтындарын айтты. Поликлиника меңгерушісі «СЭС көмектесе алмаса, бізден еш пайда жоқ» деді. Зоодүкеннен жәндіктерге арналған сусабын алып, тәулігіне екі-үш рет жуынамыз. Бастапқыда жәндіктер ірі және көп болды. Қазір олардың көлемі кішірейген және сандары да азайып қалды. Бірақ денемізде жыбырлап жүреді. Үнемі қолғаппен жүреміз. Киімдеріміздің бәрін қайнаттық, үйдегі жиһаздың бәрін лақтырдық, төсегімізді тамаққа арналған пленкамен орап, жамылғыштың бәрін ыстық суда қайнатып, күн сайын үтіктеп жатамыз. Не жұмысыма бара алмаймын. Диагнозымызды ешкім қоя алмай отыр. Ресейлік дәрігерлердің пошталарына да хат жазып, көмек сұрап жатырмын»,- деді Анна Пахомова.



Пахомовтардан кейін аталған шипажайда тағы бір павлодарлық отбасы демалып келген. Олар да қазіргі таңда зоодүкеннен алған сусабынмен жуынуға мәжбүр. Аннаның оқиғасын чатта оқығаннан соң, Алена Емельяновтардың терісінің астынан жәндіктер шыға бастаған.

Аталған мәселе бойынша Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасына хабарласты. Басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева аталған жағдай бойынша жақында ғана консилиум өткенін мәлім етті.

«Тері диспансер мамандарымен консилиум өткізілді, енді телемедицинаны күтіп отырмыз. Телемедицина өткеннен кейін, мамандар ем-дом шараларын тағайындай отырып осында қалдыра ма, Алматыға жібере ма өздері шешеді»,-деді баспасөз хатшысы.

Ал Ақтау қалалық СЭС басшысы Әсима Жұмабайқызы «Шипагер-Шағала» шипажайының жұмысы жалғасып жатқанын айтты.

«Аталған паразиттердің Ақтаудағы шипажайда жұққанына қатысты нақты дәлелдер жоқ. Сол себепті біз ол мекемеге ешқандай іс-шара қолдана алмаймыз. Олардан басқа жүздеген адам сол шипажайда демалған, бірақ ешкім күні бүгінге дейін шағымданбады», - деді ол.
Просмотров материала: 28 233

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 694 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 517 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 486 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 421 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 404 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 733 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 438 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930