27 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Альберт Линдердің бапкері өзіне тағылған айыпқа жауап берді

21 сентябрь 2021, 9:38
Альберт Линдердің бапкері өзіне тағылған айыпқа жауап берді
Марқұм зілтемірші Альберт Линдердің бауыры тосын мәлімдеме жасады. Айтуынша, ауыр атлет ағасының өзіне қол жұмсайтындай күйге түсуіне жаттықтырушысы себеп болған. "Қиын-қыстау кезде қолдаудың орнына шәкіртіне қолын бір сілтеді, былығы көп" дейді ол.

Бұл айыпқа қатысты жаттықтырушы Сергей Седов өзі пікірін білдірді, деп хабарлады КТК.

Ал Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы тексеру жүргізбекші. Ағасымен қоса оның қол жеткізген медальдарын жерге көміп, үстінен аяқпен таптау Семенға оңай емес. Бірақ Альберттің жеке бапкері Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысына деген жанайқайын осылай жеткізуді жөн көргендей.

Инстаграмда жариялаған жазбасында ол Сергей Седовты айыптайды.

"Қазақстан құрмасының жаттығуында жүргенде қалай қиналғанын көрдім. Бес күн бойы нәр татпай жаттығу жасағанына бәрі куә. Оған ешкім көмектескісі келмеді. Қолын сындырып алған кездің өзінде жалғыз өзін үйге жіберген. Осының бәрін жасап отырған адам оның жеке бапкері әрі Қазақстан құрамасының аға бапкері. Ол адам емес. Спортта жүрмеуі керек. Балаларды жаттықтырмауға тиіс".

Спорт жолындағы кедергілер бауырының сағын сындырды деген Семен: "Саладағы былықты бәрі білгенмен, айтуға батылы жетпей жүрген" - дейді. Ал әлеуметтік желідегі айыптауды Сергей Седов салқын қабылдады. Шәкірті Альберттің қазасы оның да қабырғасына батқан. Айтуынша, Рио олимпиадасының алдында тапсырған соңғы допинг тестің оң нәтиже көрсетуі Альбертті қатты күйзеліске түсіріпті.

"Екеуміз жиі әңгімелесетінбіз. "Спорттан кетіп жұмыс істегім келеді, Рио олимпиадасындағы жолды қайта жүріп өткім келмейді" дейтін. Оның бала кезден тағдыры қиын болды. Сырын менімен бөлісетін. Туыстарын мені айыптады деп кінәламаймын. Қайғыдан қара жамылып отыр. Бәрін түсінемін", - деді Сергей Седов.

Семен Линдер ағасының медалін көмгеннен кейін ауыр атлет Михаил Макеев те іле-шала бір уыс медалін қоқысқа тастады.

"Жарыстарда жаттығып тер төккенім өз халқым үшін емес, өзге адамдардың кірісі үшін екен. Бұның маған енді қажеті жоқ".

Ауыр атлетика федерациясы тағылып жатқан айыпқа қатысты әңгімені қысқа қайырды.

"Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алуға және әрбір айыптау бойынша тексеріс жасауға ниетті. Жақын арада федерация әрбір атлетпен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді. Оның қорытындысы туралы қосымша хабарланады", - деп хабарлады Ауыр атлетика федерациясы.

Үлкен спорттан кеткен атлеттің далада қалғандай күй кешіп, психологиялық көмекке зәру болатынын зілтемірші Илья Ильин де айтып отыр. Ал қазір ұлттық құрама сапындағы еңбек өтілі 20 жылға жетпесе, зейнетақы төленбейді екен. Сондықтан бұл мәселені қайта қарау қажет дейді Ильин.

"Біз 20 жылды 10 жылға қысқартуды ұсынып отырмыз. Әскерилердің жұмыс өтіліндей есептелсе дұрыс болады. Халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарған спортшыларға зейнетке шыққаннан кейін сыйақы, зейнетақы төленуі керек. Сонда ғана олардың сағы сынбайды. Өздерін қоғамға керексіз сезінбейді. Мемлекет тарапынан кешенді көмек қажет", - дейді әлем чемпионы Илья Ильин.

Ауыр атлетика саласындағы проблемалар Альберт Линдердің өлімінен кейін қоғамда қызу талқыға түсті. Зілтемір көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионы осыдан үш күн бұрын көз жұмды. 25 жастағы атлеттің қазасына байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы, яғни өз-өзіне қол салуға жеткізу бабымен іс қозғалған.

Просмотров материала: 1 423

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 721 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 288 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 826 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 873 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 222 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 210 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 318 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 602 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 007 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 116 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 509 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 399 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 556 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 203 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 628 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 448 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 542 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 305 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 247 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 081 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 923 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 215 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 144 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 643 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 402 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 972 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 231 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 602 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 986 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 929 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 967 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 183 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 335 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031