27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Визасы жоқтарға құл ретінде қарайды

20 сентябрь 2021, 12:34
Визасы жоқтарға құл ретінде қарайды
Ришат Шайхитдинов Оңтүстік Кореяда 3 жарым жыл жұмыс істеп, Павлодардан 4 пәтер сатып алған.

Жұмыс іздеген қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға «көші» пандемия басталғалы бәсеңдеген. Карантинге дейінгі уақытта еліміздің Сыртқы істер министрлігі аталған елде Қазақстанның 35 мың азаматы жүргенін мәлімдеген еді. Олардың тек 848-і ғана консулдыққа тіркелсе, қалғаны – гастарбайтер.

Кореяға қазақтар мол табыс табу үшін барады. Бейресми деректерге сүйенсек, онда қара жұмыс істегендердің өзі айына 2000-3000 доллар аралығында жалақы алады екен. Ал, сәті түсіп жұмыс визасына қол жеткізе алсаңыз табыс одан да көп.
Визасы жоқтарға құл ретінде қарайды

Павлодарлық Ришат Шайхитдинов сондай «жолы болған» жандардың бірі. Ол Оңтүстік Кореяға 2018 жылы барып, жұмыс визасына қол жеткізген. Сол елде 3,5 жылдай жұмыс істеп, қазір елге оралды. Туған қаласында бизнес бастап кеткен. Жас кәсіпкерден Кореядағы қазақ жұмысшылары тап болатын қиындықтар, табыс көзі және виза алудың жолы туралы сұрап білдік.

– Ришат,қазақтар әдетте Оңтүстік Кореяға мол табыс табу үшін барады. Сіз де сондай арманмен бардыңыз ба?

– Мен Павлодар өңірінде туып-өстім. Жасым 30-да. Бала күнімнен әлемді аралап жүріп жұмыс істегім келетін. Оңтүстік Кореяға дейін сегіз мемлекетте жұмыс істеп көрдім. Ресейден бастап Грузия, Түркия, Армения, Әзербайжан мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен таныстым. Ары қарай Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерін аралап шықтым. Мақсатым – жұмыс істеп ақша табу ғана емес, таным-көкжиегімді кеңейту болатын. Сапарымның ерекшелігі – барған елде тапқан табысымды келесі мемлекетке жету үшін жұмсайтынмын. «Ер азығы мен бөрі азығы жолында» дегенді ұстандым.



– Ал Оңтүстік Кореяға қалай тап болдыңыз?

– Корей халқының мәдениеті, салт-дәстүрі бұрыннан қызықтыратын. Әлемді аралап жүргеннен кейін Оңтүстік Кореяға баруды мақсат еттім. Бұл елге 2018 жылдың басында бардым. Содан тапжылмай тұп-тура үш жарым жыл жұмыс істеппін.



– Қазақстан мен Корей Республикасының арасында бір ай визасыз режим бар. Ал, жұмыс визасын алу қиынның қиыны. Сіз бұл мәселені қалай шештіңіз?

– Корей еліне барғанымда бастапқы екі ай жылыжайда жұмыс істедім. Оның алғашқы бір айы өткеннен кейін басшым жұмыс визасын алуыма жәрдем етті. Екінші айда жұмыс істеп жүрген жылыжай жабылып қалды. Кейін сол визаның көмегімен өзге жерлерге жұмысқа оңай орналастым. Жұмыс визасын алу жұмыс берушінің араласуымен жүзеге асады.



– Оңтүстік Кореяда жұмыс істеу қаншалықты тиімді?

– Жасыратыны жоқ, Оңтүстік Кореяға қазақстандықтар қара жұмыс үшін барады. Ебін тапсаң табысы жақсы жұмыс табуға болады. Ол да адамның өзіне байланысты. Мысалы, құрылыста жүргендерге алданып, тегін жұмыс істеп, түбінде ақшасыз далада қалған отандастарым болды. Тағы бірі отбасымен келіп, қара жұмыспен күн көреміз деп, жарты жылға жетпей елге қайтып жатты. Мұндай қиындыққа тап болғандар аз емес. Сондықтан қаржы табу үшін Оңтүстік Кореяға визасыз баруға кеңес бермес едім. Жақсы табысты Қазақстанда жүріп те табуға болады.

«ЖҰМЫС ВИЗАСЫ БОЛМАСА ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ...»

– Өзіңіз үш жарым жыл ішінде жұмыс істеген орындар жайлы айтыңызшы.

– Менің жолым болып кетті десем де болады. Визам шешілгеннен кейін басқа орындарда еңбек шартын жасасып, қиналмай жұмыс істедім. Еңбек шартым бойынша күніне түскі асым мен жатын орнымды жұмыс беруші тарап қамтамасыз етті. Жылыжайдан кейін үш жыл темір-бетон зауытында бригадир болдым.

Елге қайтардан бұрын соңғы екі ай теңізде еңбек еттім. Бастапқы екі жұмысыммен салыстырғанда соңғы орнымда жұмысым жеңілдеу, жалақысы жоғарылау болды. Оған да визам бойынша еңбек шартына отыра алғаным себеп болды. Әу бастан судың жағасында, теңізде жұмыс істесем деген арманым болатын.

Корей елінде теңізде жұмыс істегісі келетіндер қатары өте аз. Су, тұз, төбеңнен шақырайып тұрған күн, міне осылар адам ағзасына кері әсер етеді деп көбісі бұл жұмысқа бармайды. Жергілікті халыққа шынымен солай шығар, бірақ менің денсаулығыма қайта оң әсер берді. Жұмыс істеп көзге түскенім сонша, соңғы айда үш млн теңгеден жалақы алдым.



– Жұмыс визасы бар қазақстандықтар осынша жалақы ала ма сонда? Біздің отандастар ай сайын қанша табады жалпы?

– Өзімнен бастайын, 2018 жылы алғаш келгенімде жылыжайда жүріп айына 850-900 мың теңге табатынмын. Ол кезде бір орынға бірнеше адам таласқан соң еңбекақы да қазіргіден аздау болды. Ал қазір визасы бар адамның орташа есеппен ай сайынғы табысы бір млн теңгеден басталады (қара жұмыстың құны). Бұл жергілікті халық үшін аса көп емес. Еңбек шарты бойынша жұмыс істесеңіз жатын орын да, күніне бір уақыт тамағыңыз да тегін болмақ. Ал, жұмыс визасы болмаса Оңтүстік Кореяға барып жұмыс істеудің қажеті жоқ.

– Не үшін?

– Елде заңсыз жүргендіктен проблемаға көп ұшырайды. Жұмыс берушілер алдап кетуі мүмкін, алдамаса да тиісті жағдай жасалмайды. Былайша айтқанда, есік алдындағы құлы ретінде қарайды.

КОРЕЯДА ТАПҚАН ТАБЫСЫНА ТӨРТ ПӘТЕР АЛҒАН

– Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі үшін қандай шаралар атқарылуы тиіс?

– Кореяда жүргенімде біраз өнеркәсіпті, түрлі технологиялық жабдықтар шығаратын орындарды аралап шықтым. Бұл елден технология шығаруда үйренеріміз өте көп. Қазақстан мен Корея басшылығы арнайы меморандумға отырып, қазақстандықтардың осындай кәсіпорындарда заңды жұмыс істеуіне жәрдем етсе, біздің елге келер пайда көп болар еді. Тіпті, біздегі студенттердің тәжірибесін Оңтүстік Кореяда өткізсе, көргені мен білгені аз болмас еді. Қаржылық жағдайын жақсартып қана қоймай, үйренгенін Қазақстанға келіп, ары қарай дамытар еді.

– Кореяда жұмыс істеп келгендер әдетте несиесін жауып, үй алады. Сіз өз табысыңызды қандай мақсатқа жұмсадыңыз?

– Оңтүстік Кореяда ары қарай да жұмыс істей беруіме болатын еді. Бірақ елге келіп, өз бизнесімді ашқым келді. Келгеніме екі айдай болды. Корей елінде табысымды арттырып, шығынымды барынша азайтуға тырыстым. Нәтижесінде Павлодардан төрт үй алдым, қалғанын құрылысқа салуды жоспарлап отырмын.

– Алға қойған жоспарыңыз орындала берсін! Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Просмотров материала: 2 249

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 428 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 246 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 219 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 163 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 145 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 114 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 629 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 777 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930