19 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

16 сентябрь 2021, 11:31
Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі
Сенат депутаттары азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын пленарлық отырыста қарап, бірінші оқылымда қабылдады.

Құжатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов таныстырды. Министр бұл заң жобасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау шеңберінде мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және өзге де санаттарды қоса алғанда, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Шәпкеновтың айтуынша, құжатта мүгедектіктің себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға берілетін жәрдемақыны енгізу қарастырылған.

«Қазіргі уақытта I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтамасыз етілмеген. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде сыртқы қамқорлыққа мұқтаж 24 мың адам күтім бойынша жәрдемақымен қосымша қамтылады», – деп атап өтті министр.

Бала денсаулығының бұзылу және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының дәрежесіне қарай жәрдемақылардың мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедектігі бар балаға қатысты болады.

Сондай-ақ, заң жобасында мүгедектік бойынша және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедектігі бар балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазір мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Сондай-ақ, ата-анасының бірі немесе екеуі де (асыраушысы) қайтыс болған жағдайда, бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норма енгізілген жағдайда 2 мың бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қатар (мөлшері 41 163 – тен 48 023 теңгеге дейін) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыны ала алады (мөлшері 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін)», – деп түсіндірді Серік Шәпкенов.

Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбек жарақатынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) және қызметтерімен қамтамасыз ету заң жобасының тағы бір жаңашылдығы.

Қазір жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда бұл міндеттемелер мемлекетке өтеді. Бұл ретте мүгедектігі бар азаматтар кәсіпорынның қызметі уақытша тоқтатылған (әрекетсіздік) кезеңінде немесе 1,5 жылға дейін созылуы мүмкін банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде ОТҚ алу мүмкіндігінен айырылады. Осы кезеңде өндірісте мүгедектік алған адам оңалтудың техникалық құралдарынсыз қалады.

Бұл шара 2 мыңға жуық адамды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметімен уақтылы қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, құжатта мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді.

«Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда», – деп атап өтті министр.

Бұдан басқа, заң жобасы шеңберінде мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту ұсынылады, бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, табысы аз отбасылардың балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді Әлеуметтік қызметтер порталына ауыстыру қарастырылған.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен атаулылығын арттыруға бағытталған өзге де нормалар қосымша енгізілді.

Заң жобасын қабылдау халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне оң әсер етеді және шамамен 400 мың қазақстандықтың құқығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы 55 млрд теңге сомасына қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілді. Шығын нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде іске асырылатын болады.
Просмотров материала: 479

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 87 177 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 87 019 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 87 017 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 86 944 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 86 897 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 295 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 101 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 118 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 472 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 612 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 163 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 186 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 351 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 143 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 174 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 7 825 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 112 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 336 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 129 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 106 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 920 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 123 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 089 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 7 978 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 784 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 965 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 399 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 900 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 934 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 988 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 892 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 132 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 255 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031