19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әлеуетін немістер бағалаған ғалым

Әлеуетін немістер бағалаған ғалым
Әмина Мирсакиева қазір Гер­ма­ниядағы Carl Zeiss ірі ин­дус­­триялық компа­ния­сында жұмыс іс­тейді. Ол – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңім­па­зы, теориялық физик, ғы­лымды наси­хат­таушы.

Кейіпкеріміз Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық уни­верситетінде білім алды. Уни­вер­ситеттегі осы оқуында ол зерт­теуге құмар болды, 2-курстан бас­тап зертханадағы ғылыми ізденістерде белсенділік танытты. Аталған жоғары оқу орнында химия инженериясы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірді. Cодан соң Швециядағы KTH – Корольдік технология институтының (Royal Institute of Technology) докторантурасына Material physics саласы бойынша оқуға түсті.

«Бұл менің қолданбалы химия ғылымынан теориялық фи­зи­каға ауысқанымды білдіреді. Докторантурадан кейін тоқтап қалмай, әлемдегі ең ежелгі уни­вер­ситеттің бірі швециялық Uppsala-ға постдокторантураға түсіп, әртүрлі ғылыми оқулар мен зерттеу жұмыстарынан өт­тім. Постдокторантурадағы тео­рия мен практиканы қарқынды ұш­тастырған кезеңде ғылым әле­міндегі зерттеушілердің тұ­рақ­сыздығына байланысты ака­демиялық ортада қала алмай­тынымды түсіндім. Бірақ мен ғылыммен әрі қарай да ай­на­лыс­қым келді. Сөйтіп осы таң­дауыма сәйкес келетін жұ­мыс іздедім. Біраз ізденістің нә­тижесінде Carl Zeiss компа­ния­сына зерттеуші ретінде қыз­мет­ке кірістім. Аталған неміс компаниясында 30 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Carl Zeiss – EUV-литографияға арнал­ған құрылғылардың бөл­шек­терін жасайтын әлем­дегі жал­ғыз компания. Литогра­фия­ның бұл түрі телефон секілді түр­лі техникаға чиптер өндіру үшін қолданылады», дейді Ә.Мирса­кие­ва.

Ол мұндай компанияда жұмыс істеу үшін бірнеше маңызды ке­зеңнен өтті. Қазақ-Британ тех­ни­калық университетінде оқы­ғанда полимерлі пленка шы­ғарумен айналысты. Осы жұ­мы­сын бакалавриаттың 2-курс­ы­нан бастап магистратурада да жалғастырды. Бұл ғылыми жұ­мы­сына қажетті химиялық зат­тар оған аллергия беріп, тоқта­туы­на тура келді. Алайда жас зерттеуші полимермен жұмыс істеуді ерекше жақсы көретін. Сол себепті полимерді басқа қы­рынан зерттеуге көшті. Осы­лай­ша, кейіпкеріміз пленкадан термоэлектрикаға ойысты. Термоэлектрикалық материал – термоэлектрлік қасиеттері бар және қазіргі өнеркәсіпте бір дәрежеде қолданылатын металл қорытпалары немесе химиялық қосылыстар. Мұндай материалдар жылуды электр энергиясына айналдыруда (термоэлектрлік генератор), термоэлектрлік сал­қындату және температураны өлшеу (абсолютті нөлден мың градусқа дейін) бағытында қол­да­нылады.

«Қарапайым тілмен айтқанда, бір жағынан сіз материалды қыздырасыз, жылы жағындағы ішкі бөлігінде электрондар жыл­дамырақ қозғала бастайды. Бір мез­гілде электрондар салқын бетке жинақтала бастайды. Сол кезде электр қуаты пайда болады. Телефон шынысының астындағы полимерлер осылай жұмыс істейді. Яғни сіз (қан жүгіріп тұрған) жылы сауса­ғы­ңызбен шынының бетін түрт­кен­де, сол бөлікте электр қуаты пайда болып, смартфон қай папканы немесе қосымшаны аш­қыңыз келгенін түсінеді. Поли­мер­лердің осы түрін күннен қуат алатын батареялардың ба­ла­масы ретінде де қолдануға болады. Сондай-ақ ғарыш саласында пайдаланылады. Қол­да­ну аясы кең болғанымен, материал­дың физикалық тұрғыда шек­теу­лері бар. Ал онымен айна­лы­сатын ғалымның негізгі мін­деті – сол шектеулерді айналып өту­дің жолдарын табу. Док­то­ран­турада осындай зерттеумен шұғылдандым. Ал постдокторантурада теориялық физика тұрғысынан органикалық батареялармен жұмыс істедім. Онда тағы да материалмен, оны модельдеумен, яғни ондағы элек­трон­дардың, атомдардың қайда қозғалатынын анықтаумен айналыстым. Химик осы мате­риал­ды жасап шығарады, ал физик өз кезегінде материалдың ішкі жағында не болып, не өзге­ріп жатқанын зерттейді», деп тү­сін­діреді кейіпкеріміз.

Оның ойынша, ғылымды қан­дай да бір қатып қалған өл­шемге салудың қажеті жоқ. Кей адамдар тіпті бакалавр дәрежесімен-ақ ғы­лыммен айналыса береді. PhD – карьералық саты.

Ол зерттеулерінің нәтижесі ұзақ жылдардан кейін емес, жа­қын арада, қазір пайдасын ти­гізгенін қалайды. Сол се­беп­ті ғылымды адамдарға не­ғұр­лым жақындатуға болатын жаңа мүмкіндіктің бәрін қуа­на қабылдайды. Арасында Қазақ­станда шығарылатын OYLA ғылыми-танымдық журналы­на мақала жазып тұрады. Со­нымен қатар «Белка және стрелка» атты «подкаст» жүргізеді. Тұ­рақты түрде ға­лым­ның әлеу­­меттік желідегі парақ­ша­сын­­да шығатын «подкастта» күр­делі тақырыптарды, яғни ғы­лым­ды жеңіл және қарапайым тілде түсіндіруге тырысады. Кейіпкеріміз өзінің #белкастрел­каподкаст хештегімен жүр­гі­зе­тін Youtube жобасында «Бағ­дар­ла­малау кімге керек?», «Қыздар неге күйзеліске көп түседі?», «Күннен қорғау» жөнін­де­гі ғы­лым», «Геолог қыз метроны қа­лай соғады?», «АҚТҚ: бізге вак­цина керек пе?», «Баламалы отын», «Депрессия генетикасы», «Қар және көшкін», «Қандай су ішеміз және Камчаткада не болды?», «Қандай тамақ қауіпті?», «Толықтыру. Бүйрек ауыс­тыру», «Жалған ғылым», «Сыни ойлау неге керек?», «Ғылыми метрия: Әлемде ең ақылды кім?», «Косметиканы қалай жасайды?», Электронды және жай темекінің қайсысы қауіптірек?», «Ұлы ғылыми жаңалықты қалай кездейсоқ ашуға болады?», «Ғылымидан түсініктіге неге аудару керек?» сынды тақырыптық сұрақтарға түрлі мамандармен бірге жауап іздейді. Өкінішке қарай, осының бәрі орыс тілінде. Қазақ тілді жас ұрпақтан зияткерлердің қа­лыптасуына қолұшын созатын бір жанашыр Қазақстанда орысша, ағылшынша, докто­ран­тураны Швецияда оқыған, өзі қазір Германияда жұмыс іс­тей­тін ғалымның осы өнімдерін қазақшаға аударса, жоқтың орнын толтырса, мән-мағынасы жоқ желі «жұлдыздарының» сүй­кім­сіз әрекетінен гөрі пайдалы дүниемен контентті толық­тыр­са дейсіз...

Иә, саяхаттағанды жақсы кө­ретін Әмина әлемнің әр же­рінде жүрсе де елмен бірге. Ғы­лым мен технологияның дамыған за­манында елге қызмет ету­дің шекарасы болмайтынын дәлелдегендей. Өйткені бүгінде телефонға телмірген балалар, жастар мен жасөспірімдер арасында ғылымды насихаттайтын ғалымдар кемде-кем. Әртүрлі қызықты тақырыптарды арнайы жоба жасап жүргізу, қарапайым халыққа ұғынықты жеткізу, танымын кеңейту былай тұрсын, өзінің мемлекет қаржысына жасалып жатқан ғылыми-зерт­теуінің барысы, нәтижесі жө­нін­де жеткізіп жазып, айтатындар жоқтың қасы. Әрине мұның бюрократизм, бітпейтін қағазбастылық, таусылмайтын есеп берумен байланыстыратын себептері бар. Десек те бұл біздің отандық ғалымдарды ойландыруы қажет-ақ. Ал ғылым секілді адамзатқа ең қажетті, бірақ насихаты кемшін саланы арнайы бір себепті немесе журналистердің шақыруын күтпей ғылымнан хабары жоқ жұртқа заманауи форматпен күрделі тақырыптарды жеңіл түсіндіруі – өзге ғалымдарға үлгі болатын-ақ іс.

Дереккөз: egemen.kz

Просмотров материала: 554

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 574 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 396 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 366 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 301 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 281 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 438 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 201 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 225 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 658 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 252 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 403 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930