18 сентября 2021 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — Цой

14 сентябрь 2021, 15:01
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — Цой
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында COVID-19 ауруы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәселе қаралды. Қазақстанда коронавирус инфекциясымен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрдің айтуынша, әлемде COVID-19-бен ауру және өлім-жітім бойынша жағдай тұрақсыз.

Жалпы әлемде КВИ-мен ауырудың 224 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 300 мыңнан астам жағдай тіркелген. 4,6 млн астам адам қайтыс болды. ДДҰ Еуропалық аймағының деректері бойынша соңғы екі аптада 54 елден 26 елде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. «Соңғы 7 күнде аурудың ең көп өсуі Венгрияда байқалды, онда бір апта ішінде ауыру 100%-дан астам өсті, Украинада, Польша мен Молдовада 60%-дан 80%-ға дейін, Австрияда, Германияда және Беларусьте 30%-дан 50%-ға дейін, Черногорияда, Арменияда және Израильде 8%-дан 20%-ға дейін», — деді А. Цой. Оның айтуынша, ауырудың өсуі Испанияда 60%-ға, Францияда 40%-ға, Грузияда 39%-ға, Әзербайжанда 16%-ға, Италияда 13%-ға, Швейцарияда 12%-ға және Ресейде 9%-ға төмендеді, делінген primeminister.kz сайтында.

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдықтың өсуі 35%-ға төмендеді. Соңғы аптада республика бойынша сырқаттанушылық деңгейі аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін 14%-ға төмендеді.

ДДСҰ бағалауы бойынша, Қазақстанда репродуктивті сан соңғы төрт апта ішінде бір саннан төмен, бұл пандемия бақылауда екенін және сырқаттанушылықтың тұрақты төмендегенін көрсетеді, — деп атап өтті Цой.
Министрдің айтуынша, аурудың оң динамикасы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына да әсер етті. Соңғы екі аптада республиканың 5 өңірі қызыл аймақтан сары аймаққа көшті, олар: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Түркістан облысы жасыл аймақта. Қалған 11 аймақ – қызыл аймақта. Министр атап өткендей, эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы ауырғандардың санымен салыстырғанда, сауығып шыққан науқастар санының артуымен де дәлелденеді.

Сонымен, соңғы аптада сауығып шыққан науқастардың саны апта ішінде ауруға шалдыққандар санынан 1,5 есе көп болды. Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша өңірлер бөлінісінде төсек-орындардың күнделікті қамтылу мониторингіне сәйкес республика бойынша инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 35% құрайды. Жалпы еліміз бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындардың бос болмау деңгейі 56%-дан 35%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 45%-дан 35%-ға дейін төмендегені байқалады.

Коронавирус инфекциясы (КВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 25 тамыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында КВИ жұқтырған науқастарды емдеу үшін инфекциялық бөлімшелер/төсек-орындар орналастырылған 57 нысан жабылды. Жалпы төсек-орын қоры 12 211 орынға қысқарды, — деді Цой.

Бүгінгі таңда, министрдің айтуынша, бірінші компонентпен 7,1 млн астам адам егілді, екпе алуға жататын халықты қамту 71,5% құрады, екінші компонентті 5,9 млн астам адам алды, екпе алуға жататын халықтың шамамен 60%-ы қамтылды. Өңірлер вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Вакциналарды жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Вакциналау әлі күнге дейін коронавирус инфекциясының алдын-алудың жалғыз нақты шарасы болып қалып отыр. Сондықтан әрбір қазақстандықты вакцина алуға және елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосуға шақырамын, — деді сөз соңында Цой.
Просмотров материала: 169

Поделиться материалом


18:04 «Қарғыстың көкесі Жамбылдан қалған» - Бекболат Тілеухан... 2 213 Просмотров

17:49 Бухгалтера осудили на 2 года за хищение 4 миллионов тенге в... 271 Просмотров

17:43 Умер тяжелоатлет Альберт Линдер: возбуждено дело... 291 Просмотров

17:42 Пара туралы ақпарат бергендер 11 миллион теңгеге дейін... 640 Просмотров

17:38 Мемлекетке 190 млн теңгеден астам залал келтірген ірі... 329 Просмотров

17:30 Сотрудников ветстанции осудили за хищение 63 млн тенге в... 242 Просмотров

17:16 "Убогое существо": павлодарскую чиновницу наказали за... 263 Просмотров

17:13 Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты... 292 Просмотров

16:54 Бізге Еуразиядағы "үлкен ойындар" қажет емес - Тоқаев... 270 Просмотров

16:50 Қазақстандықтар үшін үйден жұмыс істеудің кемшіліктері... 283 Просмотров

16:47 Қазақстандағы жұмыссыздардың дені 30-44 жастағы әйелдер... 261 Просмотров

16:31 К.Токаев высказался о необходимости диалога с талибами... 274 Просмотров

16:23 "Жұбайым мен қызым қайтқан соң үйге кіре алмадым": Танымал... 1 348 Просмотров

16:12 Алматы орталығында өрттен шыққан қою түтін тұрғындарды... 254 Просмотров

16:11 В Алматы горит крыша жилого дома... 252 Просмотров

15:57 Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды: зардап шеккен... 288 Просмотров

15:54 "Қазақстанның білім сапасы төмен" деген рейтинке БҒМ жауап... 325 Просмотров

15:49 Заморозки ожидаются в Казахстане... 124 Просмотров

15:37 Казахстанцы распространяют фейк о переходе на дистанционное... 161 Просмотров

15:29 Бір топ жігіт жабылып ұрған 20 жастағы жігіт өзіне қол салды... 211 Просмотров

15:26 Баласы сал ауруына шалдыққан ана жанұшыра көмек сұрады... 127 Просмотров

15:23 Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге декларацияны... 190 Просмотров

15:22 Новую финансовую пирамиду выявили в Казахстане... 166 Просмотров

15:20 Қазақстанда ресейлік зымыран сынақтан өтті... 156 Просмотров

15:12 Найден автор фейкового сообщения о смерти школьника в... 154 Просмотров

14:59 60 дач сгорело в пожаре под Степногорском... 157 Просмотров

14:45 Эксперты: Регулирование социальных сетей – это мировой тренд... 151 Просмотров

14:37 Какие специальности будут востребованы в 2025 году... 158 Просмотров

14:29 Павлодарда шенеунік онлайн-қабылдауда дауыс көтеріп... 155 Просмотров

14:25 20 қыркүйекте 328.00 нысанын ұсыну мен жанама салықтар... 151 Просмотров

14:22 Почему казахстанцы продолжают покидать страну... 166 Просмотров

14:11 Тараз маңындағы жарылыстар: қаза болған әскери прокурор... 166 Просмотров

12:57 Тыйым салынған діни мазмұндағы аудионы сақтаған... 233 Просмотров

12:55 Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті... 150 Просмотров

12:54 Взрыв произошел в подвале дома в Костанае: двое мужчин... 174 Просмотров

12:35 Кызылординца задержали за хранение запрещенных... 171 Просмотров

12:32 Әли Ахмедов "Пантера" лақап атымен танымал боксшыны... 160 Просмотров

12:28 ШҚО-да есірткі қойып кету үшін өзге қаладан арнайы келген 8... 176 Просмотров

12:21 Смертельное ДТП в Мангистау: врачи рассказали о состоянии... 151 Просмотров

12:07 Курс доллара вырос... 151 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930