19 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Айтыстың өзі шоу, оған ән мен әзіл қосу бекер

13 сентябрь 2021, 17:15
Айтыстың өзі шоу, оған ән мен әзіл қосу бекер
Алқалы жұрттың алдына шығып, ауызыңнан шыққан әрбір сөзді құлақ қойып тыңдата білу үшін де жүрек керек. Көшпелі қазақтың қанына сіңіп, домбыра болып шертіліп, сөз болып буырқанған айтыс өнері қаншама кезеңдерден өтіп түрленіп келеді. Бүгінгі айтыстың жәй-күйі қалай? Айтысты шоуға айналдыру қаншалықты керек? Осы сынды көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтар төңірегінде айтыскер ақын, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Мейірбек Сұлтанхан әңгімелеп береді.

Мейірбек Сұлтанхан 1993 жылы 26 маусымда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге құштар көңілі бүгінде Алаштың азулы ақыны деп айтатын дәрежеге жеткізген. Мейірбекті айтыс аламанынан бір-ақ шығарған отбасының бірнеше аспаптарда еркін ойнай алатын өнерпаздығы болса керек.

1998 жылы ағамның Отардан әскерге ант қабылдау рәсімінен қайтып келе жатқан кезде пойызда әкеме домбыра алып бер деп жылағаным бар. Сонда соңғы ақшасына маған сол кішкентай домбыраны алып беріп, бес жасар баланы бетінен қақпағаны әкенің қамқорлығы үлкен қадамдарға алғашқы баспалдақ секілді болған екен, дейді ол.

Бала күнгі арманыма жеттім деп есептейтін, айтыстың ауыр жүгін арқалап жүрген Мейірбек "шегіне жеткізіп айтқан мәселем шешімін әлі күнге таппады-ау деп өкініп отыратын кездер де болады - дейді.

- Әттеген-ай, мына тақырыпты тереңірек қозғағанда дұрыс болар еді деп сахнадан шыққаннан кейін сан соғып отырған кездер де, шегіне жеткізіп айтқан мәселем шешімін әлі күнге таппады-ау деп өкініп отыратын кездер де болады. Өйткені ақындар айдағы, аспандағы мәселені емес, осы халықтың ішіндегі мұң-мұқтажды айтады. Санаулы атқа қонған ағаларымызды білемін айтысқа келген кезде ақындардың айтқан кемшілігінен нәтиже шығарамыз деп құлақ қойып тыңдап отыратын.

Қоғаммен бірге жаһанданып, жанданып келе жатқан айтыс түрлі форматқа ұшырап, өзгерістер енгізілді. Десе де көнеден жеткен киелі өнердің бағасы ешқашан түспек емес. Бұл туралы да Мейірбектің өз толғамдары бар.

- Айтыстың өзі – шоу. Оған эстраданың танымал әншілерін немесе әзілкештерді алып келіп айтыстың деңгейін көтереміз деу бос әурешілік. Мен бұрыннан осы жоба шыққаннан қарсы болғанмын. Әлі күнге сол пікірдемін. Мұхтар Әуезов айтқан "Айтыс дала театры" - деп. Кешегі Нартайлардың бір өзі – бір театр атануы осы сөзге дәлел.

Қайым айтыста да, суырып салуда да, сөз тапқырлығы мен тілге орала бермейтін шумақтарымен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген ақын Мейірбектің бастауышта сабақ берген ұстазы Ұлбосын Өмірбекова "бағындырар белесі көп екенін бастауыш мектепте оқып жүргенде-ақ дәлелдеп қойған" - деп пікірін білдірді.

- Бала болса да бағындырар белесі көп екенін бастауыш мектепте оқып жүргенде-ақ дәлелдеп қойған. Алғыр бала болды. Көзінде от жанып тұратын баланың келешегі жарқын емес пе?! Бүгінгі Мейірбектің әрбір айтысын үзбей көріп, айтқан ұтымды жолдарына қол соғып, ұстаздық, аналық пейіліммен тілекші болып жүремін.

Сұлтанханның немересімен қазіргі індет жайлаған уақытта айтыстың өту барысы жайлы да сұрап білдік. "Өз басым баяғы республика сарайында немесе далада дүркіреп өтетін айтыстарды сағындым" - дейді Мейірбек.

- Телефонға телміріп отырып қарсыластың айтқанына жауап берген кездер де болды. Өз басым баяғы республика сарайында немесе далада дүркіреп өтетін айтыстарды сағындым. Жүйріктің делебесін халықтың қиқуы қоздырады. Сол кезеңдерде, шабыттана жыралаған шақты нағыз айтыс деп есептеймін. Алла сол күнге тезірек жетуге жазсын. Алмас Алматовтың сөзімен айтар болсақ "мұз жалаған сиырдай мейіріміз қанбай, суретімізбен сөйлескендей болып отырдық". Тезірек арқа-жарқа ағайынмен бас қосатын бұрынғы күнімізге жетейік, - дейді айтыскер.

Республикалық айтыстарда сан мәрте Бас жүлде алған Мейірбек Сұлтанханның шығармашылығына сәттілік тілейміз. Айтыс аламанының ақтаңгер ақыны болып жүре берсін деген тілек білдіреміз.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру" мемлекеттік гранты аясында "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен "Жетістіктің тарихы" іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.
Просмотров материала: 2 648

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 87 140 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 86 982 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 86 983 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 86 908 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 86 861 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 294 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 101 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 117 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 470 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 612 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 150 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 185 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 348 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 264 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 143 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 172 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 7 811 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 111 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 334 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 129 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 106 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 061 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 919 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 123 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 088 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 7 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 783 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 964 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 399 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 900 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 934 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 987 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 892 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 132 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 255 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031