10 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан Ауғанстан үкіметімен келіссөз жүргізуге дайын - Тоқаев

10 сентябрь 2021, 16:20
Қазақстан Ауғанстан үкіметімен келіссөз жүргізуге дайын - Тоқаев
Мемлекет басшысы елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.



Қасым-Жомарт Тоқаев Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан оның бұл сапарының маңызы зор екенін атап өтті.

Біздің елдеріміз өзара іс-қимылдарды, атап айтқанда сауда, инвестиция салаларындағы қатынастарды және гуманитарлық байланыстарды нығайту үшін зор мүмкіндіктерге ие. Сондықтан мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар әлеуетті пайдалану керек. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында да тығыз ықпалдастық орнатамыз деген үміттеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тетово қаласындағы коронавируспен ауырған науқастар емделетін ауруханада болған өрт салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтты.

Қазақстан Ауғанстан үкіметімен келіссөз жүргізуге дайын - Тоқаев


Кездесуде Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға ерекше назар аударды.

Ауғанстанға қатысты ұстанымымыз айқын. Халықаралық қоғамдастықтың осындай бетбұрыстар кезінде Ауғанстаннан іргесін аулақ салмай, аталған елге көмек беріп, қолдау көрсетуі қажет деп есептейміз. Біз Ауғанстанның уақытша жаңа үкіметін инклюзивті, барлық этникалық топтар мен қоғамдық-саяси күштердің мүддесін құрметтейді деп үміттенеміз. Қазіргі Ауғанстан үкіметі адам құқықтарын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындап, халықаралық қауымдастықты жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін терроризмнің, заңсыз есірткі айналымының таралуынан және басқа да қиындықтардан қорғау үшін нақты шаралар қабылдайтынына үміт артамыз. Сонымен қатар Қазақстан үкіметі Ауғанстан үкіметімен конструктивті іскерлік байланыстарды, әсіресе сауда және гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы қатынастарды орнатуға дайын. Өйткені бұл салалар бойынша екі ел арасында дәстүрлі тығыз байланыс бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда тұратын қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталды. Ол Буяр Османиге Қазақстан азаматтары мен этникалық қазақтарды өз отанына қайтару жөнінде, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың халықаралық ұйымдар қызметкерлерін, оның ішінде БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек беру жөніндегі миссиясын эвакуациялау жұмыстарына көмектесу жөнінде қабылдаған шаралары туралы айтты.

Өз кезегінде Буяр Османи кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, екі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жасаған сапарының символдық мәні бар екенін атап өтті.

Менің Қазақстанға сапарым біздің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жаңа белеске шығарады деген сенімдемін. Біз екіжақты байланыстарды тереңдетуге және нығайтуға мүдделіміз, – деді македониялық дипломат.
Кездесуде Ауғанстан бағыты бойынша халықаралық әдістерді жұмылдыруда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басымдыққа ие екені атап өтілді.
Просмотров материала: 716

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 096 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 185 629 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 185 193 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 185 242 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 185 561 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 860 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 978 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 502 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 646 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 172 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 216 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 497 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 322 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 156 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 474 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 402 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 092 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 493 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 227 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 203 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 037 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 875 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 157 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 091 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 588 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 240 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 910 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 546 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 935 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 885 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 948 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 131 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 273 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728