27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан Талибанды* мойындамай, Ауғанстанмен қарым-қатынас орната ала ма

09 сентябрь 2021, 16:33
Қазақстан Талибанды* мойындамай, Ауғанстанмен қарым-қатынас орната ала ма
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет Ауғанстанның жаңа билігімен іскерлік байланыс орнатуға дайын екенін айтты. Ең алдымен гуманитарлық мәселелерді шешу тақырыбы өзекті болып отыр. Алайда Ауғанстанды Қазақстанда тыйым салынған Талибан* қозғалысы бақылауға алды.

Қазір қазақстандықтар арасында республикада Талибанды мойындауы мүмкін деген қорқыныш пайда болды. Мұның қаншалықты мүмкін екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне саяси шолушы Ғазиз Әбішев айтты.

Екіжақты қарым-қатынас орнату үшін Талибанды мойындаудың қажеті жоқ
Әбішев өзара қарым-қатынас Талибанмен емес, ресми үкімет және мемлекет арасында орнатылатынын айтты. Осылайша, Қазақстан Ауғанстанмен өз елінің аумағында рұқсат етілмеген Талибан қозғалысын мойындамай-ақ қарым-қатынас орната алады.

"Біз мемлекетпен қарым-қатынас жасаймыз. Ауғанстан Талибанның бақылауында болса да, біз прагматикалық тұрғыдан Ауғанстан мемлекетімен өз мүддеміз аясында қарым-қатынас орнатамыз", - деп түсіндірді саясаттанушы.

Қазақстан неліктен Ауғанстанмен байланыс орнатқысы келеді
"Қазақстан – қазір қауіпті болып отырған Ауғанстанға жақын орналасқан шағын және өте мықты емес мемлекет. Біз "Реалполитик" қағидатын, яғни прагматизм мен халықаралық оқиғаларға шынайы көзқарасты мойындауымыз керек. Біз өте бірбеткей бола алмаймыз. Егер жағдай Талибандармен диалог құруды талап етсе және олардың біздің аймаққа келуіне жол бермеу үшін, дипломатиялық аргумент арқылы оларға қандай да бір бақылау жасап, әсер ету керек болса, әрине, біз олармен байланыс орнатамыз", - деп атап өтті Ғазиз Әбішев.

Ол Талибан режимінің қаншалықты бейбіт екенін түсіну үшін бірнеше ай немесе жылдар қажет деп санайды.

"Егер олар демократиялық емес және қатал режимде жұмыс істесе, Солтүстік Корея, Иран немесе Венесуэла сияқты өз ішіндегі істермен айналысатын болса, онда ішкі бақылауды сақтауға баса назар аударылады. Әрине, Қазақстан дипломатиялық жұмыс жүргізуге мүдделі. Бұл қалыпты жағдай", - дейді Әбішев.

Қазақстанда Талибан қозғалысына рұқсат етіле ме
Саясаттанушы "Талибан Қазақстан аумағында қозғалыс ретінде де, партия ретінде де мақұлданбайды" деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 4-тармағында басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне жол берілмейтіні жазылған.
Осы баптың 3-тармағы қызметі діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған.

"Егер Талибан өзін қозғалыс деп атайтын болса, бірақ іс жүзінде халықаралық стандарттарға сүйеніп, Ауғанстан бір партиялы мемлекетіндегі билікті басқаратын саяси партия болса, онда Талибан шетелдік саяси партия саналады. Біздің Конституцияға сәйкес, бұл саяси партияның біздің аумақта жұмыс істеуіне тыйым салынады. Егер Талибан өз аумағында шариғатты жариялайтын және оның діни фундаментализмін көпшілік алдында насихаттайтын болса, яғни басқа барлық діннен бас тартуға үндейтін болса, іс жүзінде діни алауыздықты насихаттайтын қоғамдық бірлестік болып табылады. Оған біздің Конституция тыйым салады. Сондықтан бұл тұрғыда Талибан Қазақстан аумағында мақұлданбайды", - деп қорытындылады Ғазиз Әбішев.

Ауғанстанның жаңа министрлерін ұлықтау рәсімі 11 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.

Қазір рәсімге Ресей, Қытай, Катар, Түркия, Пәкістан және Иран шақырылғаны белгілі.

*Талибан – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік ұйым


Просмотров материала: 1 259

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 456 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 275 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 248 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 192 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 174 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 747 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 125 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 639 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 787 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930