29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда төрт жыл ішінде 200 мектептен салынатын болады — Асхат Аймағамбетов

02 сентябрь 2021, 17:22
Қазақстанда төрт жыл ішінде 200 мектептен салынатын болады — Асхат Аймағамбетов
2 қыркүйекте Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралып, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады. Министр Жолдаудың орындалуы бойынша білім саласына қатысты тоғыз бағытты атап көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші. 1000 жаңа мектеп құрылысы бойынша.

Биылғы жылдың өзінде 200 жаңа мектепті іске қосамыз. Келесі 4 жыл ішінде жыл сайын 200 мектеп салынатын болады. жаңа мектептерді салу 4 негізгі механизм арқылы іске асырылады: мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі;– мемлекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс; жеке мектептер желісін дамыту; модульдік мектептер салу. Жергілікті атқаруы органдар осы 1000 мектепті салу үшін қажетті жер учаскелерін алдын-ала бөліп, оның интерактивті картасын әзірлеуі қажет. Оған қоса 1500, 2000, 2500, 3000 оқушыға арналған мектептердің заманауи типтік жобаларын дайындап, мектеп құрылысының мониторингі бойынша электрондық порталды іске қосу керек, — деді министр.
Екінші. Толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру 2023 жылдан басталады.

Аймағамбетовтің айтуынша, осы шара қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын да шешуге мүмкіндік беретін болады. Барлық қала мектептерін жан басына қаржыландыруға көшірудің оң нәтижесін көрінді. Ол түрлі өңірлердегі мектептерді қаржыландыру көлемін біршама теңестірді, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік беріп, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және білім беру саласына жеке меншік инвестициялар тартуға жағдай жасады.

Үшінші. Педагогтердің біліктілігін арттыру кезезенің «үш жылда бір рет» болып қайта қарастыру бойынша. Білім министрі атап өткендей, ол үшін педагогтің кәсіби дамуының жаңа моделі құрылады. Соның аясында "Білім туралы" Заңға қажетті өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ, біліктілікті арттыру ұйымдарын аккредиттеу және білім беру бағдарламаларының бірыңғай тізілімін жасау жоспарлануда. Педагогтер курстармен тегін қамтамасыз етілетін болады.

Төртінші. Зияткерлік, шығармашылық, спорттық бағыттар бойынша халықаралық олимпиадалардың және WorldSkills жеңімпаздарын қолдау бойынша, оларға конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант беру мәселесі заңнамалық түрде реттеледі.

Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында ақшалай бірмезгіл сыйлықтар тағайындау жоспарлануда. Сонымен қатар, жеңімпаздарды дайындаған педагогтер мен тәлімгерлерге біржолғы ақшалай сыйақы беру көзделген.

Бесінші. Бағдарламалау дағдыларын дамыту бойынша, "Цифрлық білім" жобасының шеңберінде бағдарламалау мектептерінде оқу үшін жастарға оқу ваучерлері бөлінеді. Ол үшін "Цифрлы білім" жобасы әзірленіп, іске асырылады. "Цифрлық мұғалім" жобасы аясында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қосымша онлайн-сабақтар алу мүмкіндігі ұсынылады. Тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді.

Барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай білім беру ақпараттық жүйесі қолжетімді болады. Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін авторизацияның бірыңғай терезесі, сабақты жоспарлау мен құрудан бастап оқушыны бағалауға және үй тапсырмасын орындауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды, — деді министр.
Алтыншы. Балаларды ерте кәсіби бағдарлау үшін "Атамекен" палатасымен бірлесіп "Бағдар" жобасы әзірленуде. Бұл жоба оқушылардың кәсіби диагностикасын, кәсіби бағдар беруді сүйемелдеу, кәсіби сынақтар, сондай-ақ кәсіби бағдардың жаңа тәсілдеріне оқытуды қамтиды.

Жетінші. Жастарды колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз ету "Жас талап" жобасы аясында жалғасатын болады.

"Жас талап жобасы" "Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім беру" жобасының логикалық жалғасы болады. Біз оны республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру арқылы өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп іске асырамыз. Күтілетін нәтиже – колледждерде оқығысы келетін 9-сынып түлектерін нарыққа қажетті тегін оқытумен толық қамту, — деді министр.
2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс кезең-кезеңімен 70 мың орынға дейін ұлғайтылатын болады. Бірінші кезеңде, 2022 жылы колледждерде білім алғысы келетін 9-сынып түлектерінің үлесі 70% құрайды.

Сегізінші. Оқу бағдарламаларын бейімдеу мақсатында инновациялық бағдарламаларды жобалау мен әзірлеу, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңарту, Minor бағдарламалары шеңберінде микровалификациялар беру жұмыстары жүргізіледі.

Аймағамбетов хабарлағандай, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар артады.

Осы мақсатта "Білім туралы" Заңға, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға өзгерістер енгізу ұсынылады. Яғни, ЖОО үшін лицензиялардың қолданылу мерзімін белгілеу, лицензияларды қайта ресімдеуді тек талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін ұйымдастыру, ЖОО-ларды лицензиядан айыру жөніндегі функцияларды министрлікке беру, ЖОО жабылған жағдайда білім алушыларды ауыстыру бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін құрылтайшылардың жауапкершілігін белгілеу сияқты шаралар қабылданады.

Екіншіден, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық стандартын қабылдау қажеттігі пісіп-жетілді. Көптеген елдердің ұлттық стандарттары мен сапаны қамтамасыз ету регламенттері бар екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл қолданыстағы заңнама талаптары мен ұлттық мүдделерді ескере отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжат болады.

Тоғызыншы. Ғылымды дамыту бойынша. Ол үшін ең алдымен ғылым туралы заңнамаға ағымдағы жылдың соңына дейін қажетті өзгерістерді енгізіледі.

Базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың жалақысы енгізіледі. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру үшін арнайы іріктеу критерийлері әзірленіп, бекітіледі. Гранттық қаржыландыру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту және Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдеріне апелляция институтын енгізу мәселелері шешілетін болады. Министрлік Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін жүйелі және сапалы жұмыс атқарады, — деді білім министрі.
Просмотров материала: 1 247

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 522 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 361 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 349 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 287 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 242 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031