24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Министр Жамбылдағы жарылыс туралы: «Жарылмай қалған оқ-дәрілер бар»

30 август 2021, 10:27
Министр Жамбылдағы жарылыс туралы: «Жарылмай қалған оқ-дәрілер бар»
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин БАҚ өкілдеріне.Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасы жарылған әскери бөлімдегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі таңда екі қоймада бықсып жанып жатқан өрт ошақтары бар. Қорғаныс министрлігінің саперлері мен өрт сөндіру қызметі сол ошақтарда жұмыс істеп жатыр. Жарылмай қалған оқ-дәрілер бар», - деп атап өткен Ильин осы мәселе бойынша жиналыс өткізілгенін айтты.

Министр сондай-ақ, қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері бықсып жатқан ошақтарды өшіру үшін су тасып жатқанын жеткізді.

«Оқиға орнында мүлікке келген залады бағалайтын комиссия жұмыс істеп жатыр. Жақын күндері қираған мүлікті қалпына келтіру жұмыстары басталады. Жарылыс орнында қауіп толық сейілмегенін ескерсек, қайта жарылыс болуы мүмкін екенін естен шығармау керек», - деп мәлімдеді Ильин.

Ол сондай-ақ, теміржол бойынша жүк тасымалы тоқтап тұрғанын, ал жолаушылар тасымалы бүгін шешілетінін атап өтті.

«Қирандыларды аршып, тазарту үшін біраз уақыт керек, көп шығын кетеді. Онда оқ-дәрімен жұмыс істеп жатқан саперлердің амандығы маңызды екенін түсінген жөн. Асығыстық жасап, оларды қауіпке итермелей алмаймыз. Жарылыстың салдарын толық жою үшін арнайы жұмыс тобымен, әкімдікпен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, тағы екі-үш күн жұмыс істеу қажет болады», - деді Юрий Ильин.

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрі сақталған қоймада сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында алапат өрт шығып, соңы жойқын жарылысқа ұласқан болатын.

Жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Өлі табылған тағы үш адамның аты-жөні анықталып жатыр.

Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктері әлі бірнеше адаммен байланыс орната алмай отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 29 тамыз – Жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды және Жамбыл ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Просмотров материала: 1 968

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 082 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 905 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 876 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 815 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 796 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 236 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 263 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 720 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 849 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 989 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 311 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 482 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 516 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 461 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 147 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 666 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930