8 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әскери қоймадағы жарылыс: Тоқаев кінәлілерді анықтауды тапсырды

27 август 2021, 16:12
Әскери қоймадағы жарылыс: Тоқаев кінәлілерді анықтауды тапсырды
Жиынға Премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетіне тілектестік білдірді.

«Кеше Жамбыл облысының Байзақ ауданында төтенше оқиға болды.

Қарулы Күштеріміздің оқ-дәрісі сақталатын қойманың бірінен өрт шықты. Артынан бірнеше жарылыс болды. Жергілікті тұрғындар аман-есен. Өкінішке қарай, әскери қызметшілер мен құтқарушылар арасында адам шығыны бар. Олар қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапты. Қайтыс болған азаматтардың отбасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тілеймін», – деді Мемлекет басшысы.

Президент қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көмек көрсету бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Мемлекеттік уәкілетті органдар қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көмек көрсетудің барлық шараларын қабылдауы қажет. Жұмылдырылған барлық сала мамандарының жанкештілігінің арқасында жағдай бақылауға алынып, одан да көп шығынға жол берілмеді. Құтқарушыларға, дәрігерлерге, полиция, прокуратура және әкімдік қызметкерлеріне алғыс айтамын. Дегенмен өрттің салдары қиынға соқты. Адамдар зардап шекті. Көптеген азамат баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Елді мекендердің инфрақұрылымына зақым келіп, бірқатар ғимараттар қирап қалды. Осыған байланысты шұғыл шаралар қабылданды. Бірақ әлі де көп қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент орталық және жергілікті органдардың жұмысын дұрыс үйлестіру керек екенін айтты. Қажетсіз кедергілерді жойып, уақыт ұттырмай жедел қимылауды, ең бірінші кезекте ауыл тұрғындарын өз үйлеріне қайтару шараларын қолға алуды тапсырды.

Тағы бір маңызды мәселе ретінде апаттың себептерін анықтау қажет екенін айтты. Бұндай жағдайлардың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы екі жыл бұрын Арыста болған жарылысты еске алып, қару-жарақ қоймаларында әлі де шешілмеген түйінді мәселелердің бар екенін айтты. Президент Арыс оқиғасынан кейін арнайы тапсырма бергенін, енді осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп аяқтауға тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы төтенше оқиғаға байланысты бірқатар шараларды шұғыл қолға алуды тапсырды.

«Бірінші. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылсын. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Роман Васильевич Скляр басшылық етсін. Роман Васильевич, сізге қазір жиналыс аяқталған соң Жамбыл өңіріне шұғыл баруды тапсырамын. Жұмыстың басы-қасында болып, барлық шараларды оқиға орнынан ұйымдастырыңыз. Екінші. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдансын. Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі төтенше оқиға салдарынан жарақат алған азаматтарға жан-жақты медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырсын», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарының мұқият жүргізуді қамтамасыз етуді, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарға оқиға туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Жиында, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов баяндама жасады.

Просмотров материала: 1 032

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 94 091 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 905 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 876 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 811 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 804 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 586 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 332 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 362 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 862 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 020 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 778 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 373 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 521 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 426 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 169 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 343 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 220 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 147 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 497 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 184 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 157 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 095 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 948 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 121 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 369 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 852 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 990 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 199 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 440 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 928 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 019 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 920 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 158 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 286 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031