26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



45 минут қайтарылады. Білім министрінің Үкімет отырысындағы баяндамасы

11 август 2021, 16:18
45 минут қайтарылады. Білім министрінің Үкімет отырысындағы баяндамасы
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысындағы баяндамасында атап өткендей, жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйектен басталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Бір оқу жылы 34 аптаны қамтиды. Сонымен қатар тағы 4 аптаға жазғы мектепті ұйымдастыру көзделген. Жаңа мектептер желісінің өсуі байқалады, олардың арасында мемлекеттік мектептермен қатар жеке мектептер де бар, делінген Үкімет басшысының сайтында.

Мемлекеттік мектептер желісі 7 475, жекеменшік мектептер – 298 құрайды. Жалпы оқушылар саны 3,6 млн адамды құрайды. Колледждер контингенті 470 мың, ЖОО-лар контингенті 650 мың студентті құрайды. Министрдің айтуынша, барлық білім беру ұйымдарында білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық шаралар қабылданатын болады, атап айтсақ: күнделікті термометрия, желдету, кварцтау, дезинфекция; "Ashyq" жүйесін қолдану, 18 жастан асқан студенттерді, мұғалімдерді және басқа қызметкерлерді 100% вакциналау. Мектепке бөгде адамдардың кіруіне, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. "Бір сынып – бір кабинет" жүйесі қолданылады.

"Колледждер мен жоғары оқу орындарында үзілістер әр түрлі уақытта болып, бетперде тағу режимі сақталады", — деді Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылында балабақшалар 20-25 бала топтарымен штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Мектептерде 1-11 сыныптарды оқыту санитарлық шектеулерді сақтай отырып, штаттық режимде жүргізіледі. Колледждер мен жоғары оқу орындарының барлық курс студенттері штаттық режимде оқитын болады. Мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылады, үзілістерге уақыт белгіленеді және оқушы немесе оның ата-анасы ауырған жағдайда қашықтан оқыту форматына ауыстыру бойынша шаралар қабылданады. "Білім күні" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады және алғашқы қоңырау дәстүрлі форматта тек 1-сынып оқушылары үшін өтеді.

1-сынып оқушыларына "Әліппе" ("Букварь") табысталады. 2-11 сынып оқушыларына бекітілген кабинеттерде сынып сағаттары өткізіледі. Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сонымен қатар мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат етіледі. Бұған қоса министр барлық білім беру ұйымдарында цифрлық платформалар қолжетімді болатынын айтты. Бүгінде youtube, aitube арналарында және "Күнделік" жүйесінде 1-11 сыныптар үшін барлық пәндер бойынша 13 мың бейнесабақ орналастырылған. Бейне сабақтарда 100 000-нан астам жаттығулар мен тесттік тапсырмалар бар. Мазмұнды оқыту контенті бар 8 цифрлық платформа пайдаланылатын болады.

Министрдің айтуынша, порталдарда жетекші мұғалімдердің сабақтары, қарқынды оқытуға арналған виртуалды зертханалар және т. б. орналастырылған. Оқу процесін постковидтік кезеңге бейімдеу үшін білім алушылардың оқуындағы олқылықтардың орнын толтыру бағдарламасы іске асырылады. Сабақтың ұзақтығы – 45 минутқа қайтарылады.

Білім беру жүйесінде вакциналау мәселелеріне ерекше назар аударылатыны сөзсіз. Министрдің айтуынша, білім беру ұйымдарында педагогтердің 93,1%-ы және басқа қызметкерлердің 88,4%-ы КВИ-ге қарсы екпе алды. Министрдің айтуынша, білім беру мекемелерін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша болжамға сәйкес жаңа оқу жылында педагогтер қатарын 12 мыңнан астам жас маман толықтырады. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстарында күтіледі.

Жаңа оқу жылында бірінші сынып оқушыларының болжамды контингенті 380 мыңды құрайды, олардың 97%-ы 1-сыныпқа қабылданды. Білім беру мекемелерінің оқу жылына дайындығы туралы баяндай отырып, министр бүгінде 268 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың көпшілігінде оқу жылының басында жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұған қоса, оқу жылының басында 36 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмау қауіпі бар. 1-ші қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстары аяқталмайтын мектептердің ең көп саны Алматы, Қостанай облыстарында.

Министр әкімдерден бұған назар аударуды сұрады. Қалған өңірлер бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары барлық мектептерде жүргізіліп, оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Оқулық мәселесі бойынша министр биыл 1 сынып оқулықтарымен, оның ішінде олардың тегін электрондық нұсқаларымен 100% қамтамасыз етілетінін айтты. Өңірлерде аздаған проблемалар бар. Түркістан, Павлодар облыстарында 2-11 сынып оқушылары үшін қосымша сатып алу бойынша оқулықтардың жетіспеушілігі байқалады. Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасы балаларының контингенті 385 мың баланы құрайды. Оларға жалпы білім беру қорынан киім-кишек, канцеляриялық құралдарды сатып алуға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар Атырау облысында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражат көлемі азайған. Кейбір өңірлік мектептерде балаларды тасымалдау проблемасы бұрынғысынша өзекті күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда 31 мыңнан астам оқушы тасымалдауды қажет етеді. Мектептерде балаларды тасымалдайтын 1058 автобус бар. Автобус паркі 454 бірлікке жаңартылды.

"Мектептерді автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы бекітілді, лизинг арқылы 515 жаңа автобус сатып алу көзделген", — деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, колледждерде 2021-2022 оқу жылына 10 бағыт, 200-ден астам сұранысқа ие мамандық бойынша 96 мың орынға мемлекеттік тапсырыс беріледі. NEET санатындағы жастардың жоғары үлесіне қарамастан, Түркістан, Жамбыл облыстарында техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыстың төмендеуіне жол берілген.

Сөзін қорытындылай келе, А. Аймағамбетов Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінен келесі мәселелерді бақылауға алуды сұрады: барлық білім алушылар үшін оқулықтарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеуді мерзімінде аяқтау; білім беру ұйымдарын қажетті санитарлық және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету; әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды жаппай оқыту қорынан тасымалдауды, тамақтандыруды және қолдауды ұйымдастыру; білім беру ұйымдарын интернетпен және цифрлық білім беру платформаларына қосумен қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын педагог кадрлармен қамтамасыз ету; барлық білім беру ұйымдарында Ashyq қосымшасын енгізуді және педагогтар мен басқа да қызметкерлерді вакциналауды аяқтау; білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камераларын жаңарту, қалалар мен аудан орталықтарының білім беру ұйымдарының бейнекамераларын ЖБО-ға қосу, дабыл түймелері мен турникеттерді орнату, жылы дәретханаларды орнату.

Жаңа оқу жылына дайындық Министрліктің тұрақты бақылауында болады, — деп сөзін түйіндеді Аймағамбетов.
Просмотров материала: 5 178

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 294 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 114 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 086 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 028 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 012 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 494 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 068 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 588 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 143 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 735 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930