5 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



9,1 млрд бөліпті: цифрланған жүйеде халық санағы керек пе еді?

09 август 2021, 16:31
9,1 млрд бөліпті: цифрланған жүйеде халық санағы керек пе еді?
Вирус өршіп тұрғанда, халық санағын жүргізудің қажеті қанша?! Қоғам белсенділері қазіргі ахуалды ескере отырып, жалпы ұлттық науқанды кейінге шегеру керек деп есептейді. Себебі бұл мақсатқа бөлініп отырған қаражат та аз емес. Бас-аяғы 9 миллиард теңгеден асып жығылады. Ал Ұлттық статистика бюросы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтетін шараға сақадай сай дайын отырғанын айтады.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жуырда ғана халқымыздың саны 19 миллионға жетті деп бөрігімізді аспанға аттық. Қуандық. Әрине, шаттануға тұрарлық. Десе де, алыс-жақында жүрген азаматтарымызды түгендеп, ресми түрде санақ өткізетін сәт те жақындап қалды. Тәртібі сол, интернетке қолы жетіп тұрғандар, арнайы сайтқа кіріп, тіркеледі. Ал ғаламтор арқылы есепке алынбағандардың дерегін алу үшін арнайы мамандар мәліметтерді үй-үйден жинайды.

Бірақ, онсыз да белгілі нәрсеге босқа ақша шашудың не қажеті бар дейтіндер де табылды.

Бақытбол Беркімбай, қоғам белсендісі:

Цифрланған жүйеде барлығы көрінген. Кімнің кім екені некесі бар ма, некесі жоқ па. Неше жаста, бүкіл адам қазір компьютерде қазір бәрі дайын тұр. Енді сондай мәлімет дайын тұрса, оған мемлекеттен қаншама миллиондаған ақша жұпсап, санақ жүргізудің қажеті қанша?
Ақша демекші, санаққа жұмсалатын қаражат та азын аулақ тиын-тебен емес. 9 миллиард теңгеден асады. Ал бұл 2009 жылғы халық санағына бөлінген сомадан 7 есе көп.

Менің ойымша, ол дұрыс емес, қаншама қаражат босқа. Онсыз да белгілі ғой, халықтың саны.

Олжас Сайлаубекұлы, ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі:

Халық санағы деген ол тек халықты санау емес. Бұл жерде түрлі салаларға қатысты сауалдар бар. Бұл жалпы алғанда қарапайым тілмен айтқан кезде үлкен, ауқымды әлеуметтік сауалнама деп айтуға болады. Негізгі расходтар бізде ашық түрде барлығы жарияланған. Санақ гов.кз сайтында сол 9,1 миллиарды теңгенің қайсы қай тарапқа жұмсалатыны сомасымен көрсетілген.
Сондай-ақ отандастарымызды уайымға салып отырғаны жеке бас құжаттарының қауіпсіздігі. Бүгінде ЖСН нөмірін иемдену арқылы алаяқтықтың небір түрі қанатын жайғаны белгілі. Статистика бюросының ресми өкілі халықтан жиналған ақпараттың құпиялылығана басымызбен жауап береміз деп отыр.

Олжас Сайлаубекұлы, ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі:

Яғни оған түскен мәліметтер басқа жаққа кетпейді. Ол қосымша арқылы жиналған мәліметтер санақ сұрақтары аяқталған кезде батырманы басқаннан кейін бұл контейнер болып жабылады да бірден орталық базаға жіберіледі. Яғни оның ішіне түскен мәліметтерді планшеттің ішінен көшіріп алу мүмкіндігі жоқ.

Бақытбол Беркімбай, қоғам белсендісі:

Мемлекеттің қазіргі пандемия, қиын кезде халық жұмысы жоқ, адамдар ауырып жатыр. Дәрі-дәрмекке, больницаға, сондай халыққа шынымен мұқтаж нәрсеге жұмсаудың орнына ақшаны далаға шашудың өте ысырап. Енді қазір пандемия кезінде әркімнің есігін қағып, санақ санаудың өзі дұрыс емес. Пандемияның тәртібіне де қайшы.

Алайда, үйді-үйді аралап, сауалнама алатын жауапты мамандар санитарлық қауіпсіздікті қатаң сақтайды деп сендірді ведомство өкілі. Сондай-ақ олармен құжаттардың құпиялығы жөнінде келісімшарт жасалған. Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жалпы ұлттық халық санағы жүргізіледі. Тек бізде ғана емес, биыл әлемнің 61 мемлекеті елдегі азаматтар санын ресми түрде есептеп жатыр.

Просмотров материала: 1 271

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 173 752 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 173 586 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 173 208 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 256 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 173 546 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 219 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 359 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 585 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 642 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 801 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 497 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 934 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 393 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 232 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 052 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 255 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 326 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 997 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 387 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 109 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 121 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 956 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 787 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 045 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 989 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 504 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 978 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 823 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 100 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 436 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 841 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 796 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 843 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 802 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 028 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 173 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930